Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет50/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   159
Байланысты:
file-6694

Грамматикалық варианттар
Қазақ тілінде грамматикалық тұлғалар мен амал-тәсілдер 
саласында варианттар қатарын түзетіндері аса көп емес. 
Әдетте кейбір зерттеушілер шылау, үстеу сияқты сөз таптары-
на жататын жеке сөздердің лексика-фонетикалық вариантта-
рын морфологиялық тұлғалардың варианттары деп қарайды, 
оларға 
шейін ~ дейін, бірдеме ~ бірдеңе, мұндай ~ бұндай, 
меніңше ~ менімше, барайық ~ баралық, жасамыс ~ жасамыш, 
іскер ~ ісмер, жұқалтаң ~ жұқалаң, ұлы ~ ұлық, кіші ~ кішік
сияқты қатарларды жатқызады
12
. Біздің байқауымызша, бұлар 
да – лексика-фонетикалық варианттар, тек мұнда варианттық 
тұлғалардың пайда болу көздері әртүрлі. Мысалы, 
ұлы ~ 
ұлық, кіші ~ кішік
дегендердің соңғы сыңарлары көне түркілік 
қалдықтар болса, 
мұнша ~ бұнша-лардың
жарыспалылығы 
– 
м ~ б
дыбыс алмасуларының нәтижесі, қысқасы, бұлар – 
морфологиялық амалдың варианттары емес, фонетикалық ва-
рианттар.
Морфологиялық, синтаксистік варианттар деп граммати-
калық амалдардың жарыспа қатарларын айту керек болады. 
қазақ әдеби тілінің қазіргі қолданысында кейбір морфологи-
ялық категориялардың тілдік көрінісінде варианттар қатары 
бары байқалады. Оларды 
семантикалық-морфологиялық 
деп атаған жөн, яғни мұнда вариант құрайтын негізгі объект
12
Бизақов С.
 
Тілдік норма және варианттылық. - Алматы: Ғылым, 1997. 
- 73-75-б.


107
морфологиялық категория ұғымының әртүрлі тұлғамен (жұр-
нақпен) берілетіндігі көзделеді. Мысалы, бұйрық рай семан-
тикасы екі-үш түрлі амалмен жүзеге асырылады: 1) етістіктің 
II жақтық жекеше-көпше, анайы-сыпайы тұлғалары арқылы: 
кел, келіңдер, келіңіз, келіңіздер;
2) шартты райдың II жақтық 
тұлғасы арқылы: 
барсаң, барсаңыз, барсаңдар.
Әрине, бұл 
варианттар қатары тепе-тең емес, қолданылар кеңістіктері де 
бөлек, мағыналарында да бір-бірінен ажыратылатын бұйрық 
мәндері (семалары) бар: 
бар, барыңыз
– «таза» бұйрық болса, 
барсаң, барсаңыз
– тілек мәнді, өтініш мәнді бұйрық.
Супин (мақсат) мәнді етістік тұлғаларының да вариант қа-
тары бар: 
бару керек ~ бармақ керек.
Күні кешеге дейін мұның 
-
ар+ға
 
жұрнақты варианты жарыса қолданылып келген: 
«Қарағайға қарсы бұтақ бітсейші Найзаға сап 
қыларға
» (Ма-
хамбет), «
Мұңдасарға
кісі жоқ сөзді ұғарлық» (Абай).
Тұйық етістіктің де екі түрлі тұлғалық варианты бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет