Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. - Алматы: Ғылым,  1982. - 55-б. 14 Досқараев Ж



Pdf көрінісі
бет52/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   159
Байланысты:
file-6694

 
Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. - Алматы: Ғылым, 
1982. - 55-б.
14
Досқараев Ж.
 
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. - II бөлім. - Алматы: 
Ғылым, 1955
.


110
қолданылып келген тіркестер бұл күнде көбінесе 
азаматтық 
соғыс, коммунистік партия, қалалық өндіріс, ауылдық мектеп 
деген варианттар әдеби норма ретінде жиірек қолданылып 
кетті. Дегенмен бұл қатардың әр сыңарының семантикалық 
реңктері бар екенін білу керек: жұрнақты түрінде қатыстық 
мән, изафеттік түрінде тәуелдік, меншіктік мағына басым бо-
лып келеді. Мысалы, 
мектеп оқушылары
дегенді 
мектептік 
оқушылар
деп атау қисынсыз көрінеді, өйткені 
мектеп
– 
оқушы 
бала
дегеннің қатыстық сыны емес, керісінше, «иесі», яғни 
бала (оқушы) – өзге орынның емес, мектептің «иелігінде», 
«құзырында», «шаңырағының астында». Бұл морфологиялық-
семантикалық вариант қатарының ішінде қалыптасып, узусқа 
айналып кеткен тіркестер аз емес. Мысалы, 
кітап сауда-
сы, ауыл шаруашылығы, оқу орны
сияқты варианттары жиі 
қолданылады.
Қазақ тіліндегі грамматикалық варианттарды норма тұрғы-
сынан алып зерттеген арнайы еңбектер жоқ, әсіресе синтаксис-
тік параллельдерді анық танытқан, олардың тілдік құрылым-
дық жүйесіне сай келетін немесе оған сәйкеспейтін варианттар 
қатарын көрсеткен монографияларды кездестірмедік.
Сондықтан морфологиялық варианттар қатарын да біз осы 
жұмыста түгел көрсете алмаған болармыз.
Синтаксистік варианттарды әңгімелеуіміз бұдан да кел-
терек болады. өйткені синтаксисте вариант түзетін бірліктер 
таза құрылымдық-тілдік варианттар емес, стилистикалық - 
авторлық ерекшеліктер ретінде танылуға бейім тұратын сияқты. 
Мысалы, құрмалас сөйлем компоненттерін жалғаулықтармен 
немесе жалғаулықтарсыз құру, сырт қарағанда, сөйлем түрінің 
варианттары болып көрінгенмен, мұның стильдік, шеберлік, 
әсерлілік мақсатын көздеп жасалғандығы сезіледі. Мысалы: 
Елге мойнымды созам, – көрінбейді. Маңайға мойнымды со-
зам, – дәнеңе жоқ
(С.Мұқанов) деген сөйлемдердің екеуі де 
бірақ
деген жалғаусыз құрылған. Бұларды жалғаулықты вари-
антты: «Елге мойнымды созам, 
бірақ 
ел көрінбейді. Маңайға 
мойнымды созам, 
бірақ
маңайда дәнеңе жоқ» түрінде құрылса, 
екеуінің қолданысында стильдік реңк айырмашылықтары бар: 
жалғаулықсыз вариантта амалсыздық, үмітсіздік реңкі бар, 
жалғаулықты варианты жай хабарлау болып танылады.


111
Бірыңғай мүшелердің әрқайсысы қайталама жалғаулықтар-
мен құрылған сөйлем мен бірыңғай мүшелерді жалғаулықсыз 
келтіру де – сол сөйлемнің синтаксистік бір варианты болса, 
мұнда да стильдік мақсат көзделеді, демек, екеуі де – әдеби 
норма.
Бағыныңқы мүшелердің өзіне қатысты сөйлем мүшесінен 
бұрын орналасуы, құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компоненті 
басыңқыдан бұрын туратындығы – тілдік құрылымдық нор-
ма. Осы нормаға қарама-қарсы түзілген сөйлемдер не норма-
дан ауытқу болады, не диалогтерде берілетін ауызекі сөйлесу 
тәртібі болып танылады, не белгілі стильдік мақсат көздеп 
келген құрылым болады. Мысалы, жазушы Сәбит Мұқанов 
кейде шартты бағыныңқы сөйлемді басыңқыдан бұрын 
келтіруді өзіне тән қолтаңбасы ретінде қолданады. Мысалы: 
Ол шалқалап құлап түсетін еді, артынан біреу келіп қапсыра 
құшақтамаса
деген сияқты сөйлемдер.
Сайып келгенде, бұл да – синтаксистік варианттың стилдік 
мақсатпен келген нормативтік түрі.
Сөйтіп, лексикалық және грамматикалық варианттылық 
құбылысын қазақшалап «жарыспалылық» деп те атай отырып, 
вариант бірліктерді (тілдік единица: дыбыс, сөз, сөз тіркесі, 
сөйлем, көріктеуіш құралдарды) «жарыспалар» (әлде «жа-
рыспалылар» ма?) деп «жарыстыра» қолданып, бұл құбылыс 
пен оның объектілері туралы жоғарыда айтқандарымызды 
тұйықтасақ:
1) варианттар – «ұқсас дүниелер», дүниеде, оның ішінде 
тілде де «ұқсас» (мағыналас, қызметтес, үндес) бірліктер – 
единицалар баршылық, бірақ баршасы тура мәніндегі вариант-
тар болып танылмайды. Мысалы, синонимдер де – бір-біріне 
ұқсас, яғни мағыналас сөздер. Оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет