Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


ый, ұу ды- быстарын осылайша қос әріппен танбалау, жінішке  ій, үу



Pdf көрінісі
бет49/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   159
Байланысты:
file-6694

ый, ұу
ды-
быстарын осылайша қос әріппен танбалау, жінішке 
ій, үу
ды-
быстарын да көрсетілген түрде жазу керек деген ұсыныстар 
жайында пікірсайыстар болды, әлі де бола бермек (ол жайында 
орфография нормаларын сөз еткен тұста тағы айтылады).
Сөздің жазылуы мен айтылуы – кірме сөздерге, оның ішінен 
орыс тілінен (орыс тілі арқылы) енген сөздерге қатысты, дәлірек 
айтсақ, бұлардың емлесі мен дыбысталуын «қазақыландыру» 
керек деген ұсыныс-пікірлер бүгінгі норма мәселесінің даулы 
тұсының бірі.
Бұл жөнінде де келесі тарауларда сөз болатындықтан, әзірге 
мына жайттарды ғана анықтаумен шектелеміз.
Орыс тілінен және орыс тілі арқылы интернационалдық 
қордан ХХ ғасырдың өн бойында, әсіресе кириллицаға көш-
кеннен кейінгі сонғы 60 жыл барысында қазақ тіліне жүздеген 
сөздер, сөз-терминдер енді. 1929-1940 жылдардағы латын 
жазуы кезінде бұл сөздердің емлесі қиын соқты: әуелі (1929 
жылғы қабылданған ережелер бойынша) орыс тілінен ен-
ген сөздердің көбін, әрине, интернационалдық ғылыми-
техникалық терминдерді айтылуынша (естілуінше) жазу 
ережесі қабылданды, нәтижесінде бір сөз бірнеше вариант-
та жазылды. Проф. Құдайберген Жұбановтың ашына айтқан 
сөзіне қарағанда, бір ғана 
коммунист 
сөзі 16 түрлі жазылып-
ты. Сол кезеңдегі ең «киелі» сөздің бірегейі 
коммунист 
16 
түрлі жазылса, өзге сөздерге не жорық! Демек, тығырықтан 
шығудың жолы ізделуге тиісті болды.
Латын жазуын пайдаланған 10 жылдың ішінде оның 
графикалық жүйесі мен емле ережелері екі-үш рет қырналды. 
Мұның ішінде, әрине, орыс тілінен енген сөздерді игеру – 
айтылуы мен жазылуын реттеу бірінші кезекте тұрды. 1940 
жылы қазақ қауымы «кириллица» деп аталатын «орыс» жа-
зуын (әліпбиін, графикасын) қабылдағанда, орыс тілінен 


105
енген кірме сөздерді дұрыс жазудың жолы оп-оңай табыл-
ды, яғни олардың бұрынырақ еніп, сөйлеу тілінде қазақша 
қалыптасқандарынан басқаларын, әсіресе ғылыми, әлеуметтік, 
саяси терминдер мен техника саласының атауларын орыс 
тіліндегі түрінде жазу ұсынылды. Бұл орайда қазақ емлесі 
«екі жеп биге шықты» немесе бір оқпен екі қоянды атып алды: 
біріншіден, мыңдаған «орыс» кірме сөздерін таңбалауда ду-
блет қатарлардан құтылды, екіншіден, «коммунизмге тезірек 
апаратын жол» – орыс тілін игеру, орыс мәдениетіне бауыр 
басу саясатына – Ресейдің империялық мүддесіне «мәдениетті 
түрде» қызмет етті. Ұлттық тілдің, ұлттық мәдениеттін, ұлттық 
рухани дүниесінің даму барысын, бағытын саясатқа, идеоло-
гия талабына мықтап бағындырудың басы осы жерден бастал-
ды деуге болады, яғни орыстар қолданып отырған кириллицаға 
көшу, орыс тілі арқылы еніп жатқан және әрі қарай да жүздеп-
мындап ене беретін сөздерді орысша жазып, орысша игеру 
Ресейдің империялық мүддесін көздеді, коммунистік идео-
логияның талабын өтеді. Бұл процесс ондаған жылдарға со-
зылды. Тіл дамуының бір заңы – дәстүрге айналу факторы 
жүзеге аса бастады. Дәстүрлілік факторын кері қайтару, яғни 
тілдегі дағдыға айналған құбылысты сол тілді қолданатын 
миллиондаған адамдардан «қайтарып алу», керісінше, басқаша 
дағдыландыру – онай еместігін бүгінгі қазақ тілі мәдениеті 
саласында жүргізіп жатқан іс-қарекетіміз, күресіміз, талас-тар-
тысымыз көрсетіп отыр.
Сөйтіп, сөз варианттары және лексикалық норма мәселе-
сіне келгенде, әдеби нормаларды ұстану және одан уәжді-
уәжсіз ауытқу туралы әңгіме болуы – заңды. Алдымен, ва-
рианттардың түрлерін айырып тану арқылы әдеби – әдеби 
емес қатарлардың соңғы сыңарларын әдеби тілде жазғанда не 
сөйлегенде қатыстырмау қажет. Ол сыңарлар: диалектизмдер, 
фонетикалық-орфограммалық дублеттер, қарапайым, дөрекі 
сөздер, варваризмдер. Мысалы, қолдан өсіріліп, адам, мал 
азығы ететін дақылдың әдеби атауы – 
жүгері
сөзі тұрғанда, 
оның 
борми, көмбеқонақ 
варианттары уәжсіз қолданылмауға 
тиіс. Егер кейіпкері Шығыс Қазақстан тұрғыны болып, оны 
жергілікті тілде сөйлеткісі келсе ғана жазушы 
борми 
вариан-


106
тын жұмсай алады, бұл – уәжді қолданыс болмақ. Варианттар-
ды тандауда көркем әдебиет стилінің басқа функционалдық 
стильдерден ерекше тұратындығы қатты ескеріледі. Ал ресми-
іс қағаздары, ғылыми, публицистикалық стильдер варианттар 
қатарын пайдалануда жоғарыда берілген талдауларға құлақ 
асуы – тіл мәдениетінің басты талабы.
Варианттардың нормалануы жөнінде және олардың әдеби 
нормадан ауытқу көріністері кейінгі «Лексикалық нормала-
ну», «Грамматикалық нормалану», «Орфографиялық нормала-
ну», «Орфоэпиялық нормалану» деген тарауларда, сондай-ақ 
«Тілдік норма және функционалдық стильдер» деген тарауда 
нақты сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет