Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


Жаңа сөздер мен қолданыстар



Pdf көрінісі
бет56/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   159
Байланысты:
file-6694

Жаңа сөздер мен қолданыстар
олардың нормалану процесі
Жаңа сөз дегендер тіл дамуының белгілі бір кезеңіне 
қарай танылуы тиіс. Өйткені өткен кезеңдерде «жаңа сөз» 
болған бірліктер келесі кезеңдерде «жаңа» деген белгісінен 
(анықтауышынан) айрылып қалады немесе олар тілден орын 
ала алмай, ығысып кетеді, сондықтан бұл жерде қазақ әдеби 
тілі даму барысының бүгінгі кезеңіндегі жаңа сөздерге көңіл 
аударылады. Қазіргі күні тіліміздің лексикалық қазынасының 


119
толығу процесі әлі де жүріп жатыр. Бұл процесс кейде баяулау, 
кейде белгілі экстралингвистикалық факторларға байланысты 
едәуір қарқынмен өтіп келе жатқаны белгілі.
Сөздік қазынаны толықтыратын көздер бірнешеу, олар: 
ауызекі сөйлеу тілі, бұл канал арқылы әдеби тіл айналымы-
на диалектизмдер мен қарапайым сөздер өте алады; ауыз 
әдебиеті үлгілері, бұл бұлақтан әдеби тіл көне сөздермен, 
сирек сөздермен толығады; қарым-қатынасқа түскен өзге 
халықтардың тілі (шет тілдер), бұл көздің қазіргі кезеңдегі ең 
үлкені – орыс тілі арқылы русизмдер мен халықаралық немесе 
интернационалдық деп аталатын қор еніп отыр.
Лексикалық құрамның толығуына себепкер болатын фак-
торлар да әр алуан: 1) тілдің өзіне тән ішкі даму заңдары: сөз 
мағынасының кеңеюі, әр затты, әр құбылысты, әр ұғымды 
даралап жеке - жеке атау қажетті; 2) экстралингвистиклық 
факторлар: термин жасау процесі, аударма әдебиеттің дамуы, 
бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлерінің дамуы, 
қоғам өміріндегі саяси-мәдени өзгерістер, ғылыми-техникалық 
революция. Міне, осылардың баршасы лексикалық нормалану 
процесіне тікелей әсер етеді.
Көрсетілген лексикалық топтардың әдеби тілдің сөздік 
қазынасына өтіп, тұрақтану, яғни нормалану процесі едәуір 
қиындықпен жүреді, атап айтқанда, сөздердің біршама орнығуы 
үшін, қолданыс жиілігі, варианттық қатарлардың тежелуі, нор-
мативтік сөздіктерге енуі, күнделікті сөйлеу тәжірибесінен 
орын алуы уақытты және саналы түрде жүргізілетін жұмысты 
қажет етеді. Сөздердің жаңа лексикалық бірліктер ретінде 
тілге енуі үшін әдеби норманың өлшем-межелеріне (кри-
терийлеріне) сай келуін күту керек болады, яғни бұларды 
көпшіліктің дұрыс деп тануы, нормативтік сөздіктерге тірке-
луі, жарыспалылықтан арылуы қажет. Сол себептен де 1985 
жылы тұңғыш рет жиналып «Қазақ лексикасындағы жаңа 
қолданыстар» деген атпен жарияланған сөздік «Жаңа сөздер» 
деп аталмай, «Жаңа қолданыстар» деп аталуының мәні сөздікте 
берілген тұлғалардың барлығы бірдей «жаңа сөз» статусына 
ие болу-болмауы неғайбіл екендігінде. Ал бұлардың басым 
көпшілігі «жүз ойланып, мың толғанып барып» ұсынылған 


120
сөздер болғандықтан, әдеби нормаға еніп, тұрақтала түскенін, 
енді біреулері әлеумет сынынан өте алмай, яғни көпшілік дұрыс 
деп бағалап қабылдамай қалып қойғанын (мысалы: 
мүлікбасы
– 
«товаровед», 
жүрісші
– «пассажир», 
күлдеуіш
– «пепельница», 
амалшы
– «иллюзионист» т.т.), келесі бір тобы екі- үш вари-
антта ұзағырақ жүріп қалғанын 
(балқыма – қорытпа, қонақүй 
– мейманхана – қонақ үйі, тілдескіш – тілашар)
сөздіктің 
кейінгі (1990, 1992 жылғы) басылымдары көрсетеді.
Осы сөздіктін соңғы толықтырылған басылымдарында 
жаңа қолданыстардың 6-7 жылдың барысында (1985-1992) бір-
шама сұрыпталып, көбінің әдеби тілге еніп, нормаланып келе 
жатқаны байқалады. Мысалы, сөздіктің 1990 жылғы алғашқы 
кітабында 
айнамұз
( «каток») түріндегі жаңа тұлға көрсетілген 
болса, келесілерінде оның 
мұзойнақ 
варианты қалыптаса түсті 
деп атайды. Дегенмен нормалану процесіне келгенде, олардың 
соңғы жылдардағы қолданыс жиілігіне қарап, аталған ұғымды 
дәлірек беретін мағынасын салмақтап, әдеби тілге ену әлеуеті 
(потенциалы) барларын бір бөлек, жарыса қолданылып келе 
жатқандарын өз алдына, қолданысқа көп түспей, тілден шығып 
қалғандарын және іріктеп көрсеткен тағы бір жұмыс керек. Сол 
күнде жаңа тұлғалардың нормалану процесі айқынырақ көрінер 
еді. Ал әзірге біз «Жаңа қолданыстардың» үш басылымында 
хатқа түскен сөздердің нормалану процесін біршама талдап 
көрсетелік. Сол арқылы әдеби тілге енген жаңа сөздер, оларды 
түсініп қолдану туралы жоғарғы әңгімемізді жалғастырамыз.
Алдымен, осы кітаптардың алғы сөзінде ескертілгендей, 
бұларда тіркелген тұлғалардың барлығы әдеби тіл нормасына 
сай келетін жаңа сөз ретінде берілген жоқ. Олар – қазақ тілін-
дегі әр алуан жазба әдебиет үлгілерінде, әсіресе баспасөзде кез-
дескен бірліктер. Бұлардың ішінде жеке жазушылардың, газет-
журнал редакцияларының не өзге де авторлардың бір-екі рет-
тен қолданған «жаңа сөздері» де бар. Мысалы, иллюзионистті 
бір журнал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет