САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ДӘРІЛІК ШӨПТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ 7 -СЫНЫП Мұғалім: Наймантаева Э.Д. . Оқу мақсаты: 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану 7.Ж1.Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру. Бағалау критерийі: --интонация ерекшеліктерін ажырата алады
Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер: белок, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқада халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Әдетте өсімдіктердің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде қолданылады.
Ас – адамның арқауы. Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі осы өсімдіктерден алынады. Өсімдік – адам үшін азықтық қайнар көзі.
Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден белгілі. Дәрілердің барлығы дерлік өсімдіктерден алынады. Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина былай деп жазды:
«Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік және пышақ». Бұл қағида осы күнге дейін өз күшінде. Дәрілік өсімдіктерді халық «өмір шөбі» деп атайды, сонымен бірге – «әр аурудың өз шөбі бар» дейді. Осы айтылғандардан-ақ емдік қасиеті бар өсімдіктерді халық өте ерте заманнан – ақ қолдана бастағанын аңғаруға болады.
Өсімдіктен алынған дәрілер жүрек-қантамыр, жүйке жүйелері, бүйрек, бауыр, асқазан, тыныс жолдары ауруларына қолданылады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінің шипалық қасиеті бар. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерге күнделікті тұрмыста кездесіп жүрген: бақбақ, жолжелкен, итмұрын, мыңжапырақ, түймедақ т.б жатады.
Кіріспе
Ойтүрткі Қандай дәрілік шөптерді білесіңдер? Ой бөлісіңдер. ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ 3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдерін жазыңдар 43 бет. Ем,дәрі,дәрігер,өсімдік,жан-жануар,науқас,ілім,адам баласы,маңызы,бағзы заманда,құнды,қағида,қасиет,көңіл бөлу,мәлімет. 4-тапсырма.Мәтін бойынша оңай және қиын сұрақтар қойыңдар
Достарыңызбен бөлісу: |