145
бояулары қалың болады да оқырманға эмоциялық әсері күшті
сезіледі. Мысалы, Мүхтар Әуезов «Абай жолы» романын-
да
қозғалақтау, қымыңдау, қозғақ қағу
деген
сөздерді бір
сөйлемде келтіреді: «Қасқа тілмаш Құнанбай мен майырға
кезек жалтақтады. Жүгінген бойында құнысып
қозғалақтай
берді. Кейде жер шұқып қап, кейде
қымыңдап, қозғақ қағады
»
(М.Әуезов, I том, 113-бет). Мұндағы көрсетілген сөздердің
мағыналары түсінікті, бірақ сирек жұмсалатын тұлғалар:
қозғалақтау
–
тынымсыз қозғала беру,
қымыңдау
– жайсыз-
дану,
қозғақ қағу
– қозғала түсу. Осы үш сөздің үшеуінің де
қызметі, экспрессивтік жүгі – алдыңғы сөйлемдегі тілмаштың
әкімдер алдында жалтақтаған қылығын күшейте түсу. Демек,
сирек қолданылатын сөздер болып танылатын
қозғалақтау,
қозғақ қағу
сияқты дағдылы емес тұлғалар стильдік мақсатта
келгенде, нормадағы қолданыс болып шығады. Жазушы
олардың түсініктілігін контекст арқылы қамтамасыз етеді.
Жалпы білдіретін мағынасы сөз түбіріндегі
семантикасы-
нан немесе контекстен біршама түсінікті сөздердің үлкен то-
бын экспрессиясы күшті сөздер құрайды, олар көбінесе сын
есімдер мен зат есімдер, сондай-ақ үстеулер болады. Әдеби нор-
ма тұрғысынан келгенде, олардың да мағынасын жақсы біліп,
орнымен жұмсау керектігін қазақтың мықты жазушыларының
сөзқолданыстары көрсетеді. Мысалы,
сарпылтаң, қырымпоз-
дану, кеңкелесу, төмілжу, сүркіл, мұғдарлы, қотиын, аңқит-
тау
сияқты экспрессоидтарды (әдейі стильдік мақсатта қолда-
нылатын әсерлі сөздерді) Ғ.Мүсіреповтің, О.Бөкеевтің, Д.Дос-
жановтың көркем шығармаларынан кездестіреміз.
Бұлардың
көпшілігінің нормативтік сөздіктерде не мағынасы дұрыс
көрсетілмеген, не диалектизм деп белгіленген
Достарыңызбен бөлісу: