Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет75/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   159
Байланысты:
file-6694

диалектизация 
деген термин бар, ол 
– көркем әдебиетте (кейде тіпті тұтас әдеби тілде) жергілікті 
ерекшеліктерді еркін әрі молынан жұмсау әрекеті. Тілдер 
дамуының белгілі бір кезеңінде бұл процесс орын алуы мүмкін. 
Қазақ тілінде диалектілендіру (диалектизация) құбылысы айқын 
және қарқынды түрде болмағанмен, XX ғасырдың 70-80-жыл-
дарында қылаң беріп қалғанын айтуға болады. Көркемсөз 
шеберлерінің бірқатарының (Д.Досжанов, Т.Әлімқұлов т.б.) 
шығармаларында жергілікті тіл ерекшеліктерінің айтарлықтай 
орын алғанын Ғ.Мүсірепов сияқты аға жазушылар мен кейбір 
тіл мамандары (Б.Қалиев) баяндамалары мен мақалаларында 
арнайы атағаны мәлім. Диалектизмдерді стилизация мақса-
тында пайдалану айтарлықтай күш алып, әрі қарай дамыма-
ғанымен, көркем дүниені диалектизмдермен өрнектеудің шама-
шегін, амал-тәсілін, орын-кезеңін тап баса алмай, әдеби норма-
дан шығып кетіп жатқан фактілерді 80-жылдардағы туындылар-
дан тауып, жинап біз де көрсетіп едік. 1984 жылы жарияланған 
бір мақаламызда айтылған пікірлер мен келтірілген мы-
салдарды қайталасақ. Жазушы Бекділда Алдамжаровтың 
«Қара нөсер» атты кітабында ( «Жазушы», 1981) 
ояқ, анаяқ, 
іжқайда, ақ кеуіл, еге, мәттақым, ауыш, бәте
(
бата
-ның 
орнына), 
кәйтіп, дайра, керпіш, отқан
(
отырған
-ның орны-
на), 
ешек, пәт
(бет), 
ыңғи, кәдірлі, бір күншідей
сияқты диа-
лектизмдер кейіпкерлерінің де аузында (мұны дұрыс-ақ делік, 
егер кейіпкерлердің белгілі бір өңірдің адамдары екендігін 
жазушы әдейі көрсеткісі келген болса), автордың өз баянда-
уында да кездеседі. Бұл жергілікті ерекшеліктерді осы автор 
ешбір стилизация мақсатын көздемей, тек өзінің сөз машығы 


157
бойынша қолданып тұр. Мұндай «тоғытып» жіберілген диа-
лектизмдер ешбір мақсатсыз қолданылғанда, әдеби норма-
дан ауытқушылық болып табылады. Бұл жерде диалектиза-
ция құбылысы емес, тілге, әдеби нормаға жауапсыздық (әлде 
білместік, әлде салақтық) таныту деп бағаланады.
Диалектизм және әдеби норма мәселесінде «әдеби баламасы 
бар ұғым атауларына жарыстыра жергілікті сөздерді пайдалану 
жөн бе, жөнсіз бе?» деген мәселе де пікірталас тудырып келе 
жатыр, соның бірі – әдеби баламасы бар, тіпті әдеби синонимдік 
қатары мол кейбір сын есім, үстеу, етістіктердің диалектілік ва-
рианттарын оларға семантикалық реңк үстеп (дәлірек айтсақ, 
олардың семалық ренктерін пайдаланып) әдеби тіл нормасы-
на ауыстыруға болады. Өйткені етістік, сын есім, үстеу де-
гендер – экспрессивтік бояуын қалындатып, құбылта түсуге 
бейім элементтер. Біздіңше
лақса 
(әбден қартайған), 
бодау
(өтесін, төлеу, қарым), 
бағамдау
(пайымдау, анғару), 
мәуріт
(шақ, мезгіл, кез), 
оңаза
(ашқарақ), 
сейдін
(сергек), 
мондыбас
(жуас) деген сөздердің көбінің «тұрағы» – белгілі бір өңірлер 
болар, бірақ олардың жақша ішіндегі әдеби баламаларының 
барына қарамастан, оларды 60-90-жылдардағы әр автордан 
кездестіреміз, ол – бұлардың әдеби тілге енгенін танытады.
Диалектизмдерді әдеби тілге енгізуде у ә ж д і л і к (мотивация), 
шама - шарықтық (пропорция) және ұтымдылық принциптерін 
қатты ұстау керек. Әйтпесе, ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің 
көбінің экспрессиясының күштілігіне, сонылығына (көпшілік 
үшін тың, жаңа сөз болып көрінетіндігіне) қарап, оларды 
әдеби үлгідегі жазба дүниелерімізге тоғытып жіберсек, норма 
бұзылады. Мұны ескермесек, әдеби тілді диалектілендіру қаупі 
тууы әбден мүмкін. Ал тілді диалектілендіру – көпшілікке 
ортақ, тұрақталған әдеби тіл нормаларына нұқсан келтіру де-
ген сөз, яғни әдеби үлгілер тілінің барлық өнір тұрғындарына 
түсініктілігі, айқындығы, жүйелілігі бұзылады деген сөз. 
Диалектизмдерді уәжсіз қолдану – нормадан ауытқу, сондықтан 
кейбір жазушыларымызда кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет