Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет81/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   159
Байланысты:
file-6694

жанын шытқа түйген
(Т.Жұртбаев), дұрысы – 
жанын шүберекке түю,
ал ол шүберек 
шыт па, жібек пе – әңгіме онда емес, әйтеуір түйіп алуда, яғни
жанын шүберекке түю
– образ. Сондай-ақ 
көлеңкесінен қал- 
тыраған (қорыққан
болса керек), 
қылтасы қалтырап (тізе- 
сі қалтырап
деудің орнына), 
жүрегіне мұзды су құйып 
жібергендей (жүрекке су құю
деген образды қазақ айтпаса ке-
рек), біреу қыз алып қашса, біреу 
босқа (қызығына 
болу ке-
рек) қашады (Қ.Жұмаділов), мұрттарын 
балта кесер ме (бал-
та шабар ма 
деудің орнына), аузынан азу тісі 
аршылғанша 
(түскенше 
болса керек, егер 
аршылу
етістігі қолданылса, 
аузы-
нан 
емес, 
аузы
болуы керек, өйткені аршылатын – азу тіс емес, 
ауыз ғой, демек, бұл қолданыста бір ауытқу, бір грамматикалық 
қате бар), 
елмен (көппен
болуы керек) көрген – ұлы той, абы-
ройын 
айрандай ақтарып алған
(Қажыбаев) 
(төгіп 
болса 


169
керек: 
ақтару
– саналы түрде істелетін нәтижелі іс, ал 
төгу
– абайсызда болатын шығынды іс, демек, бұл етістік атаула-
ры бірін-бірі алмастыра алмайды), 
жібек шыттай үлбіреу 
(жібектей 
немесе 
жібек матадай 
болса керек, өйткені 
шыт
– мақта матаның атауы, бір мата әрі 
жібек,
әрі 
шыт
деп атал-
майды ғой), менің 
көңілім қайысты – қабырға қайысады,
ал 
көңіл қалады, жабырқайды)
т.т. Осылардың барлығы тұрақты 
құрылымдарды уәжсіз құбылту болып шығады. Бұлар – норма-
дан жөнсіз ауытқулар.
Мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздерді себепсіз өзгерту 
тіпті жиірек кездеседі. Мысалы, «жерден 
жеті теңге»
(халық 
қоян
деп айтады) тапқандай; қызғыштай 
қорғап 
(қорып 
болуы керек); «
қуырдақ
(дұрысы: 
ет)
тәттілігін қойса, 
мен ұрлығымды қояр ем»; «
бір аязын екі етікке тығып
» 
(С.Досанов); «алақанындағы 
аялысы
»
(аяулысы
болар? – 
Тілеуханов); «
хабарына кіріп шықпайды
»
(қаперіне
болар? – 
Қ.Исабаев). Жазушының (Т.Жұртбаев) 
Ерегіскен ел болмас
деп 
келтірген мәтелі – сірә, Махамбет ақынның атақты 
Егескен 
жау ел болмас 
деген өлең жолының қайталанған варианты бо-
лар. Жазушы егер бұл әдемі сентенцияны орайы келіп тұрғанда 
қолданғысы келген болса, сөздерін бұзбай алуы қажет еді, 
өйткені 
егесу
етістігінің де, 
ерегісу 
сөзіндегі сияқты «аразда-
су», «жанжалдасу, дауласу» семантикасы болғанмен, бұл сен-
тенция осы бір бейтаныстау, бірақ тілде бар тұлғаның (
егесу
сөзінің) қатысуымен әсерлі болып тұр.
Сөздерді өз орнында жұмсамау этнографиялық ұғымдарға 
байланысты қалыптасқан қолданыстарды (сөз тіркестерін, 
күрделі етістіктерді, мақал-мәтелдерді т.б.) бұзып, олардың 
құрамын өзгертіп, компоненттерін мағыналас синонимдер-
мен ауыстырып атауда көзге түседі. Мысалы, 
құйрық-бауыр 
жеу
– этнографиялық рәсім атауы, ол құда түскендерге 
келісім беру рәсімі, сондықтан бұл тіркес көбінесе 
құда бо-
лып, құйрық-бауыр жесті
түрінде қолданылады. Осы күрделі 
этнографизмді 
құйрық-бауыр асасып тарасты
деп өзгертіп 
қолданғанда (У.Қалижанов) оны рәсім атауы ретінде емес, жай 
ғана тағам жеу, қонақ болу мағынасында деп түсінуі керек бо-
лады. Сол сияқты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет