Өзін шектен тыс бағалайтын адам төмендегі сипат-
тарымен танылады:
Сын-пікірді немесе насихатты қабылдамайды.
Әрдайым өзінікін дұрыс деп санайды.
Іс-әрекетінде асыра сілтеушілік байқалады, әсі-
ресе, түймедейді түйедей етіп көрсетуге шебер.
Өзгелерге үстемсініп, дандайсып қарайды. Оның
үнемі: «Олар мені тыятындай кім еді?! Сендер маған
насихат айтатындай кімсіңдер?! Сен маған үйрету үшін
келдің бе?!» - деп жатқанын естисің.
Бойындағы тәкаппарлық пен масаттану шегінен
шығып, барлығынан өзіне ерекше мәміле, қарым-қаты-
нас жасауын талап етеді. Адамдар оған үнемі лайықты
құрмет көрсетпейді деп санайды.
Өзін маңызды тұлға сезінеді. Ал қалғандары оны
бақылап, сол сияқты болғылары келеді деп есептейді.
Серіктері қызғанышпен қарайды деп ойлайды.
59
Кешіруді, кеңшілікті танытудың жолын білмейді.
Керісінше, қатыгездік пен іштарлықтың былығына батып
күн кешеді. Әрдайым қате-кемшіліктерін кешірілетін,
болмашы іс санайды. Ал өзгелердің қате-кемшіліктерін
«кешірілуі мүмкін емес» ауыр іс көреді.
Еңсесін даңғойлана көтереді. Құдды ісініп тұрған-
дай болады. Басын менменсіп жоғары ұстайды.
Өзімшілдікті, менмендікті білдіретін сөздерді жиі
қолданады. Өзі жайлы, басынан кешірген оқиғаларын
жиі айтады. Сондай-ақ, өзі ғана сөйлегенді жақсы көреді.
Өзіңді бағалау
Кешірдім
60
«ӨЗІН ТИІСІНШЕ
БАҒАЛАМАЙТЫН АДАМ»
«Кешіру ашудан, жек көруден және рухани
тұрғыда шаршаудан сақтайды»
Ө
зін бағаламайтын адам
«шектен тыс сүмірейген
адам»
деп аталады. Себебі мұндай адам өзін өте
төменгі дәрежеге дейін түсіре алады. Егер мәселе бұдан
ары қаралса, шүбәсіз, оның өзіндік бағасы, сыйы жоқ
десе де болады. Болмысы жоқ затпен тең. Ондай адам
өзінің ой-пікірін ашық айта алмайды. Қоғаммен біте
қайнаса алмай, тұйықтала береді. Өзінің ішкі жалынын,
көркін, өзіне деген сенімін жоғалтқан жан. Ол әрдайым
күмәнмен күн кешеді. Әрбір нәрсеге күдікпен қарайды.
Өзінің мүмкіндігіне, қабілетіне шек келтіреді.
Кибербуллингке ұшыраған адамның болуы – қоғамды
тоқырауға әкеп тірейді. Бала өзінің жақындары тара-
пынан орынсыз сынға алынса немесе күлкіге ұшыраса,
өзге балалармен орынсыз салыстырылатын болса, тү-
бінде тоқырауға ұшырайды. Бала тәрбиесіндегі мұндай
әдіс-тәсілдер пайда бермейді, керісінше, психикасына
қатты зақым келтіреді.
61
Өзін бағаламайтын адам, бәлкім, өсіп-жетілетін ша-
ғында тұлғалық дамуына зақым келтіретін жайттарға тап
болуы мүмкін. Айналасында қолдау көрсетер ешкімді
таппауы немесе өзін құтқаруға жеткілікті пайым-
парасаты болмауы, дұрыс қарым-қатынастың түзілмеуі
де әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |