Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет2/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

Бірінші қағида:
Кешіру дегеніміз – қарсы тараптың жасаған жаман-
дығын түк болмағандай ұмытып кету емес. Керісінше, 
оны ойыңнан, санаңнан өшіріп тастау. Осы қағиданы 
ешқашан ұмытпа! Бұл – «айтуға оңай» деп сөзді бөле 
жөнелетін жандарға қатысты жауап.
Екінші қағида:
Өміріңде болып жатқан жағдайлардың барлығы – 
өзің тілеп алған немесе саған пайда беретін сабақ. 
Ғұмырыңдағы жайттардан сабақ алмастан оларды ысы-
рып тастауды доғар. Бұл қағиданы жазып алып, көзге 
көрінетін жерге қойып қой! «Өмір бізді жақсы көрмей-
ді», - деп налитындарға осылай жауап берсең болады.
Үшінші қағида:
Қайғың қаншалықты ауыр болса да, көңіліңе жақын 
алма! Жүрегіңе жақын қабылдама! Шамаң келгенше 
ауыртпалықтарға жеңіл қарауға тырыс. Оның да өткінші 
екенін біл. 


9
Төртінші қағида: 
Көпшілігіміз қиял әлемінде өмір сүргендіктен күйзе-
ліске түсіп жүреміз. Ал ақиқат ортаға кешігіп шығады. 
«Барлығын білемін, басқалары білмейді», - деп ойлама. 
Барлығымыз белгілі бір дәрежеде ақиқатты білеміз. 
Кейде ақиқаттың бірнеше қыры болады. Көп қазбалай 
берме, кеңінен ойлан.
Бесінші қағида:
Егер «Мен»-іңді жеңсең, көп нәрсеге қол жеткізіп, 
қиындықтарды айналып өтесің. 
Алтыншы қағида: 
Сен періште де, шайтан да емессің. Сен – адамсың! 
Сол адамшылдығыңмен шұғылдан! Өзіңдегі «адамдық-
ты» қабылда. Әлбетте, қателесесің, жығыласың, айта 
берсең, шегі жоқ. Әрбір сәттен сабақ ала білуді үйре-
несің. Өкініш пен қарсылыққа уақытыңды жоғалтпа!
Жетінші қағида:
Расында, жан тыныштығын кемшіліктерді кешіре 
алғанда ғана табасың. Ал оған қалай қол жеткізуді 
білмесең, онда саған қалай қадам жасау керектігін 
ұсынамыз.


Кешірдім
10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет