Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет7/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

РЕНІШТІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА
ӘСЕРІ
«Кешірім – гүлдердің хош иісі»
К
ейде өмірдегі жағдайларды өзіміз қалыптасты-
рамыз. Осының салдарынан көптеген дерттер 
пайда болады. Өйткені дұрыс емес ойлар, атап айтқанда, 
қастасу, жек көру, тәкаппарлық, қызғаныш, өзін кінәлі 
сезіну, разы болмау – жиналып қалған жағымсыз әсер-
лер мен сезімдерден шығады және олар өте қауіпті 
келеді. Бір ғана «мені жақсы көрмейді» деген ойдың өзі 
түрлі ауруға себеп болмақ, өйткені осы қорқыныш сезім 
өмірге қажет энергия көзін бұғаттап тастайды. 
Егер адам еш нәрсе сезінбесе және махаббатын 
көрсетпесе, иммунитеті әлсіреп, адамдармен ренжісе 
береді. 
«Мені жақсы көрмейді»
деген қорқыныш бала 
күннен пайда болатынын жоғарыда айтып өттік. Мысалы, 
әйел адам ішіне бала біткен кезде ол баланы қалап- 
қаламайтынына күмәнданар болса, сол күмән өмірге 
келетін сәбиге ықпал етеді. 
Өкпе-реніш


Кешірдім
24
Ойлашы, пандемия кезінде біреулер тез ауырып
қалса, басқалар мүлде ауырған жоқ. Неге деп ойлайсың? 
Тұрақты түрде дәрі ішіп отырса да, созылмалы ауруы 
қайта-қайта шыға беретін адамдар бар. Не үшін? 
Өйткені, барлық ауру жүйкеден. Адамдар өздерінің қор-
қынышының салдарынан ауырады. Бір үрейленген адам 
барлық қорқынышын өмір бойы жинауға бейімделіп, ең 
бірінші өзіне, кейін ұрпағын құрдымға кетіретін үлкен 
ызаға тап болады.
Кез келген реніш пен жағымсыз әсер адамның 
энергетикалық кеңістігіне зақым келтіреді. Осылайша 
оның барлығы денесінде ауру ретінде көрінеді. Еркін әрі 
бақытты болу немесе қорқу әрі ренжіп өту – қайсысын 
таңдайсың?


25
РЕНІШПЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС 
ЖАСАУ КЕРЕК?
Ұрыстың нәтижесі татуласу болу керек, реніш емес.
Реніштің нәтижесі кешірім болу керек, кек емес.
К
ейде реніш бар болмысымызды жаулап алғаны 
соншалықты, әлемді басқа қырынан қабылдай 
алмай қалатын дәрежеге жетеміз. Айналасындағы адам-
дарды тек «ренжітетін» және «дені дұрыс адам» деп 
екіге айырып қана қабылдайтын боламыз. Ондай адам 
бейне бір жан жарасын әлдилеп, одан айырыла алмай 
қалғандай көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет