11
Өкпе-реніш
Ішімізде жатқан өкпе-реніш – ауыр жүк. Ол қап толы
тасты арқалап жүргенмен тең. Адам баласы өкпе мен
ренішті ұмытып, кешірген кезде өзін кінәлау мен елден
ұялу деген сезімдерден арылады. Бойына қуат бітіп,
әлдеқайда бақытты ғұмыр кеше алады.
Шығыстағы бір философтың шәкірттеріне айтқан
даналығынан: «Адамдар қорлаудың үш түрлі тәсілін
қолданады. Олар: «сен ақымақсың, құлсың және қабі-
летсізсің» деген сөздер арқылы іске асады.
Егер сендер де сондай жағдайға тап бола қалсаңдар,
мына ақиқатты естеріңе алыңдар: ақымақ қана өзгені
ақымақ санайды, құл ғана өзгеден құлды іздейді,
дарынсыз адам өзгенің қателігі арқылы өзінің дым біл-
мейтінін жасыруға тырысады».
Реніш ренжіткен адамның емес,
ренжіген адамның
жанын қатты жаралайды. Осы әңгімеден мазақ пен
ренішті қабылдаудың философиясын түсінуге болады.
Реніш – нақақтан-нақақ қорлап немесе ренжіткен кезде
ортаға шығатын сезім. Адам ренжіген кезде ренжіткен
адамға ызаланса, өзін аяй жөнеледі.
Өкпе – есеюге кедергі келтіретін «балалық» сезім.
Біз өкпелеген кезде орын алған жағдайға шамамыз
жетпейтін инфантилді өзімшілге айналып кетеміз. Мына
нәрсені мойындайықшы,
біздің мұндай мәселелеріміз
Кешірдім
12
баланың мәселесі емес қой, оны тек есейген тұлға шеше
алады!
Реніш – улы сезім, өзгелерге ренжу қазіргі сәтті құр-
дымға кетіреді. Ондай жағдайда әлденені өзгертуге
немесе өзгелерді сөз етудің орнына өкпенің пайда болу
жолдарына тексеріс жасау – ең дұрыс шешім болмақ.
Өкпе – жалпы сезімдік жағдайға әсер ететін фактор.
Ол жанармай құйылған бөшкедегі тесіктер секілді сенің
ішкі қуатыңды тауысып тастайды, сол кезде сезім қуатың
тоқырауға ұшырайды. Сонымен қатар реніш асқазан
мен ішек жолдарының, жүрек қантамырларының, көздің,
тыныс алу жолдарының сырқаты мен онкологиялық
ауруларға себепші болады.
Өкпе мен реніш айналаны қабылдауға кері әсер
етеді, әйнегі қисайған көзілдірік секілді болып жатқан
жайттарды жағымсыз жақтарын қосып көрсетеді. Сол
себепті де қарсыңдағы жыныс
өкілімен дұрыс қатынас
құру қиынға соғады, ойдағы жобаларды жүзеге асыру
ауыр болады, тіпті, жай ғана өмірден ләззат алу арман
боп қалады.
Адам өкпе мен реніштің пайда болуына қарсы тұра
алмайды, алайда олардың өміріне,
мінезі мен көңіл-
күйіне әсер етуіне жол бермеуге қауқары жетеді. Өмірде
ренжімеген адам жоқ шығар. Ол уақытша бір сезім болуы
мүмкін, кейде адам сол ренішті өмір бойы ұмыта алмай
жүруі де ықтимал. Бұл – санадан тыс орын алатын жағдай,
яғни адамға ұнамайтын жағдай орын алғанда көрініс
13
табатын әсер. Осы кезде біздің психикамыз бірден кінәлі
біреуді тықпалап тұрады.
«Егер кінәлі адам осы кезде басқаша әрекет еткенде
жағдай қалай болар еді?», «Оны неге істеді?», «Маған
ерегісіп істеді ғой»
деген ойлар барлығыңызға таныс
болар. Мұндай ойлар сол заматта-ақ өзіңе деген аяныш
сезімін оятады.
Ренжіткен адам «ақылды» болса, ренжіген адамның
алдында өзінің істеген жақсылығын тізе бастайды. Осы
кезде рахметі жоқ айыптаулар басталып, бұрын жасалған
жақсылықтар мен көмектер ұмыт қалады. Олар санаға
шабуыл жасап, енді реніштің қуат алатын көздері көбейе
түседі.
Адам өзін аяғаны соншалықты, тіпті, қарапайым
дүниелерді көре алмайтын жағдайға жетеді.
Ренжулі адам өзін өзгелердің зұлымдығы мен арсыз-
дығынан жазықсыз жапа шеккен бақытсыз адам деп
санайтын болады. Ренжіткен адам болса, қаһарлы әрі
қорқынышты залым әрі жауыз кейпіне енеді. Өкпенің
қуаты субұрқақ секілді атқылай отырып, адамның күшін
тауысады.
Өкпе-реніш