Кешірдім
20
Құрандағы
«Юсуф пен оның бауыры әкемізге
бізден сүйіктірек»
деген сөзден ұғарымыз:
бір кісінің
өз балалары мен қыздарын әртүрлі дәрежеде жақсы
көруінде ешқандай әбестік жоқ.
Бірақ ардақты Пайғамбарымыз мұны білдірмеуді
өсиет еткен. Балаларға деген сүйіспеншіліктің
әр қилы
болуына тыйым салмаған. Тек олардың арасында әділ
болуы және олардың арасында бір-бірлеріне дұшпандық
туғызбау үшін әрбір ата-ана өз сезімін жасыруы керек.
21
БҰРЫНҒЫ КҮЙЕУІНЕ НЕМЕСЕ
ӘЙЕЛІНЕ ДЕГЕН РЕНІШ
Кісілігін жоғалтпаса, жауыңның қайсыбір
иттігін кешіруге болады.
Асқар Сүлейменов
Е
рлі-зайыптылар арасында бұрынғы жолдасына
деген өкпе-реніш
адамның болашағына қатты
әсер етеді. Адам келешегін құра бастағанда бұрынғы
өткен істеріне қайтып орала беретін болады. Осылайша
секемденіп, қорғанып, өткеннен сабақ алуды ұйғарады.
Әлбетте, жаңа әрі бақытты болашақ құру үшін әуелі ескі
қарым-қатынастың ізін өшіру керек,
яғни ескі діңгекті
құлату керек.
Кешіру дегеніміз – қоштасу. Ыза және реніш сезімі-
мен, ауырсынумен қоштасу. Өткен жағдаймен тұтастай
қош айтысу. Қоштаспайды екенсің, ол сенің ішіңде бұғып
жатып, іштей іріте бастайды.
Кешірмеу сені ренжіткен
адамға ештеңе жасай алмайтынын түсін. Алайда, ол сені
іштей мүжи алатын қауқарға ие. Қоштасқан екенсің,
Өкпе-реніш