Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет1/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Кешірдім




УДК 159.9
ББК 88.3
О-65
Орақбаев Аслан Мұқатайұлы,
Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі
IQUP/
Кешірдім
. – Алматы: «IQUPKZ» баспасы, 2024. – 144б.
ISBN 978-601-06-8634-2
Кітаптан өзіңді, өзгелерді кешіруді, өмірдегі жағдайларды 
сол қалпында қабылдауды үйренесің. Сондай-ақ еңбек түрлі 
жаттығуларды қамтиды. 
Осы сәтті пайдалана отырып қолыммен, сөзіммен болсын 
зияным тиген жандардан кешірім сұраймын. Ал маған жаман-
дық қылғандарға “Алла мені де, сені де кешірсін” деген тілегім 
бар.
УДК 159.9
ББК 88.3
ISBN 978-601-06-8634-2
©«IQUPKZ» баспасы, 2024


Әр адам - өз жанының дәрігері.
Ол өз қалауымен емделуге
шешім қабылдамайынша
дертіне шипа таппайды.


4
МАЗМҰНЫ
Алғысөз 
.....................................................................................6
Жеті қағида
...............................................................................8
Өкпе-реніш
..............................................................................
10
Балалық шақтағы реніш тарихты өзгертеді
..........................
14
Анаға реніш: «Мені ешкім жақсы көрмейді»
........................
16
Әкеге деген реніш: «Қорғамады, тастап кетті»
.....................
18
Бауырларға деген реніш: «Маған көңіл бөлінбеді»
..............
19
Бұрынғы күйеуіне немесе әйеліне деген реніш
....................
21
Реніштің денсаулыққа әсері
...................................................
23
Ренішпен қалай жұмыс жасау керек?
....................................
25
Реніштің психосоматикасы
....................................................
30
Өткен қателігіңді ұмыт
...........................................................
36
Кешірімді болудың күші
.........................................................
42
Кешірімнің дәрежелері
...........................................................
49
I деңгей.
Өзіңді бағалау мен кешіру
......................................................
56
«Өзін шектен тыс бағалайтын адам»
....................................
57
«Өзін тиісінше бағаламайтын адам»
....................................
60
«Өзіне дұрыс баға бере алатын адам»
..................................
63
«Өзін бағалай алмайтын адам»
.............................................
67
Өзіме қалай кеңшілік қыламын?
............................................
71


5
II деңгей.
Өзгелерді кешіру – ең сүйкімсіз кезең
...................................
76
Түймедейді түйедей қылма
...................................................
80
Сезім әсерлерін іште сақтамау
..............................................
83
Эго аралас реніш 
....................................................................88
III деңгей.
Өткеннен сабақ ал
..................................................................
96
Жаңа өмір бастау
....................................................................
99
Маңызды принциптер
..........................................................
102
Кешірудің сыйы
.....................................................................
105
Не үшін кешірімге мұқтажбыз?
............................................
110
Қандай істерге кешіріммен қарау қажет?
............................
114
Кешірімді сүйген сахаба
........................................................
118
Кешіру әлсіздіктің белгісі ме?
..............................................
123
Кешірім қуаты
........................................................................
127
Кешіруге тұрмайтын нәрсе бар ма?
....................................
133
Кешіруді үйренуге көмектесетін тәсілдер
...........................
136
Әкеммен монолог
..................................................................
141


6
АЛҒЫСӨЗ
Досым, маған сенім білдіріп, осы кітапты таңдағаныңа 
алғыс айтамын. Кітапты оқуға уақыт бөліп, кемелдік 
пен бейбітшіліктің биік дәрежесіне жетуге тырысқан 
талпынысыңа үлкен рақмет. 
Біз осылайша бір-бірімізбен байланыс түздік. Сенің 
күн санап абзал тұлғаға айналуға тырысып жүргеніңді 
мақтан тұтамын. Өйткені сен біз өмір сүріп жатқан 
әлемімізді өзің үшін және барша адамдар үшін ең абзал 
ортаға айналдыруға үлес қосудасың. 
Кешірімді болудың мәнін, берер пайдасын, нәтижесін 
түсініп, сол ұғыммен өмір сүрген күннен бастап, өз 
өміріңе қарашы. Өмірің құдды ең шебер суретшінің 
шедеврін салуға әзірлеген үлкен ақ тақта секілді. Осыдан 
соң сен өмірің туралы көз жауын алатын ең керемет 
суреттерді сала аласың. Өмір тақтасын махаббат, кешірім, 
кеңшілік, бейбітшілік бояуларымен боя. Өзгелерге де өз 
өмір тақталарын әрлеп, көркемдей түсулеріне қолдан 
келгенше көмектес.
Өміріңді жеккөрініш, ашу-ыза, қайғы-мұң, жанды 
жаралау сияқты жағымсыз әсерлермен зая кетіруден 
сақтан. Өмір бір-ақ рет берілетінін түсіне отырып, оны 
махаббатпен, сүйіспеншілікпен өткізуге тырыс. Ал егер 
кешірім танытуға шамаң келмей жатса, онда қолайсыз-


7
дық туғызған жайларды барынша елемеуге тырыс. Түрлі 
факторлардың ғұмырыңның көп бөлігін алуына жол 
берме.
Жүрегіңде махаббаттың, жан сұлулығының, ақыл-ой-
дың, рухтың аясын кеңейте бер. Ал жағымсыз әсерлер-
дің аясын жоғалғанға дейін барынша тарылта бер. 
Егер жақсы өмір сүремін деп шешсең, асылында, өмір 
көрікті болады. Құдды ыдыстың аузына бітеліп қалған 
заттай өзіңді қапасқа қамама. Тар жерден кең жерге, 
талас-тартыстан бейбітшілікке шық.
Бұл кітапты оқу барысында, бәлкім, нәпсің айтылған 
нұсқауларды орындамауға бұра тартуы мүмкін. Нәти-
жесінде кітапты құр оқумен шектеліп, өмірлік күрделі 
жайттармен бетпе-бет келуіңді жалғастырарсың. Алайда 
жан тыныштығы мұндай жолмен бұйырмайды. Шын 
мәнінде, кітапта айтылған нұсқаулықтар орындалып, 
ізгі қасиеттер бойыңда шыңдалған кезде өмірің оң 
өзгерістерге қауышпақ.
Мақсатыңа жеткен кезде, маған сол жетістігіңді 
хабарлауды ұмытпа. Өйткені мен оған қуанамын! 


8
7 қағида
7 қағида
Бұл кітап жеті түрлі қағидаға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет