Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


«Өкпелі бала» психикасы уақыт өте келе ұлғайып



Pdf көрінісі
бет8/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

«Өкпелі бала» психикасы уақыт өте келе ұлғайып, 
өмірдің өзге жақтарын бүркемелеп тастайды.
Бала күнімізде бәріміздің өкпелеген кездеріміз 
болғаны анық. Реніш, жоғарыда айтқандай, ашу мен 
шарасыздықтың қосындысы, оны ашық көрсетуге бол-
майды. Шарасыздық – өзің үшін күресе алмау, жеке 
Өкпе-реніш


Кешірдім
26
шекараңды қорғай алмау, осылардың барлығы бізді 
өздігінен құрбандық шегіне әкеледі. 
Адам неғұрлым шарасыз болса, соғұрлым құрбандық 
шегінде болмақ. Ал құрбандық өзіне физикалық болсын, 
сезім жағынан болсын зорлық-зомбылыққа ұшырайды. 
Ренішті былай түсіндірейік: өзгеге өкпесі мен реніші бар 
кез келген адам – сол реніштің құрбаны. Бұл – бітпей-
тін шеңбер, себебі ол өзіне қыспақ тартады да, рен-
жиді, соның салдарынан өзін қамқорсыз сезініп, жаңа 
зомбылықтарға өзін дайындауды жалғастыра береді. 
Кей кездері өкпе-реніш түпкі санада сірескені 
соншалықты, оны адамның өзі де сезбей қалады. Ол, 
тіпті, ренжуді «ақымақтық» деп немесе оны «әлсіздік» 
деп санауы мүмкін (әсіресе, еркектер). Алайда мұндай 
түсінік жағдайды өзгертуге шарасыз. Керісінше, ондай 
реніш, яғни тасада жатқан өкпе көптеген қиындықтарға 
жол ашады. Қандай да бір сезімді адам сезіне алмаса, 
байқай алмаса, ол сезім адамды көбірек басқаратын 
болады. 
Реніш өте улы қуатқа ие, сондықтан да оны психо-
соматикалық аурулардың тізіміндегі «чемпион» деп 
атауға болады. Көп адамдар жылдар бойы бір дертінен 
айыға алмай жүреді, ал оның себебі бала кездегі өкпе 
мен реніште жатқанын біле бермейді. Адамның денесі 
оның «естелігін» арқалап жүріп, ескі ақауларды жаңа 
қалпында «еске алғанда» ауырып қала береді. 


27
Ренішті түсінудің жолы – оған шынайы көзбен қарап, 
қалай бар болса, солай қабылдау. Ол дегеніміз – өмір-
дегі кез келген жағдайда бала кездегі ақауды көре білуді 
үйрену әрі оны басқару. Әлбетте, оған ұзақ уақыт кетуі 
мүмкін. Тіпті, екі-үш жыл кетуі ықтимал. Нәтижесінде 
жан жарасы емделіп, ақаудағы мазохисттік тартымды-
лықтан арыласыз. Денеңізде де психосоматикалық 
ауруға шалдықтыратын себеп те қалмайды. Көзіңіз 
ашылып, өмірдің әдемілігін көргенде ғана өмір сүруге 
құштарлығыңыз оянбақ. 
Бұл тақырып өкпе мен реніш өздігінен жоқ болып 
кетпейтінін түсінетін жандарға арналады. Оны түсініп, 
онымен жұмыс жасамаса, тасада жата беретінін түсіну 
керек. Ендеше, ренішпен қалай жұмыс істеу керек?
Кез келген психологиялық мәселе мен жұмыс екі дең-
гейден тұрады: Біріншісі – мәселеге қатысты менталды 
материал жазып беру. Ал екіншісі – сол материалдан 
жағымсыз сезімнің қуатын азайтуға бағытталған қандай
да бір методика пайдалану. Осыдан соң сезім қуаты 
азайған кезде менталды материалға онша әсерлене 
қоймайсыз. Нәтижесінде оның болашақта көрініс 
табуына тосқауыл боласыз. Сонымен қатар, менталды 
материалмен жұмыс жасау өзіңнің психологиялық жағ-
дайыңа саналы түрде қарай бастауыңа көмектеседі. 
Психологияда өкпе, ренішті кешіретін тиімді тәсілдер 
бар. Ренжімеуді, ренжіткен адамды мәңгі кешіруді 
қалай үйренеміз? Мүмкін-ау деген реніштерді кешіріп, 
оларды көңілден кетірумен жұмыс жасау өте маңызды. 
Өкпе-реніш


Кешірдім
28
Ренжіткенді кешірудің бір тәсілі – сол ренжіткен адамға 
хат жазу. Негізі, оны қолмен жазуға тура келеді. Өйткені 
ол барлық нәрсені жіктеп жазуға және барлық ренішті 
сыртқа шығарып тастауға көмектеседі. Жазып болған соң 
ол қағаз не жыртылады, не өртеледі. Хатты ренжіткен 
адамға берудің қажеті жоқ. 
Хат бір парақ қағазға, нақты бір адамға қаратылып 
жазылуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет