39
деп айтылған. Бұған жер бетінде орын алып жатқан адам
өлтіру, қуғын-сүргін ұйымдастыру сияқты материалдық
бұзғындық қана емес, адам жанын жаралау, көңілге қаяу
түсіру, қарым-қатынастарды үзу және т.б. моральдық
тұрғыдағы бұзғындықтар кіреді. Жалпы алғанда,
бұған
тұлғаның, қоғамның дамымай қалуына қатты әсер ететін
іс-әрекеттер жатады.
«Әнғам» сүресінің 54-аятында:
«Раббыларың Өзі-
не рақымдылық танытуды лайық қасиет әрі ұстаным
қылды»
,
- делінген. Расында, өзің Раббыңнан сұрап
жүрген кешірімің мен өзгеге бере алатын кешірімің –
Алланың Өзіне лайық деп тапқан мейірімінен. Алла Өз
мейірімінің белгілі бір бөлігі сенің жүрегіңде де көрініс
табуын қалайды.
«Әли Имран» сүресінің 159-аятында:
«
(Уа,
Мұхаммед!)
Сен оларға Алланың мейірімімен жұмсақ-
тық таныттың»
,
- делінген. Яғни Мұхаммед пайғамбарға:
«Сенің оларға жұмсақтық танытуың, олардың қате-кем-
шіліктеріне кешіріммен қарауың,
мұның бәрі Алланың
саған және оларға деген мейірімінен» деген мағынада
айтылған.
Егер адам Алланың «әл-Ғафур» есімін танып-білмесе,
істеген қателіктерінен тартқан уайымды, Алланың жаза-
сын ойлағандағы қорқынышты жаны қалай көтерер еді?
Өмірін қалайша жаңадан бастай алатын еді? Алланың
Өкпе-реніш
Кешірдім
40
кешірімінің кеңдігін ұғынбаса,
әзиз пенде тіршілігін
қалайша жаңғыртсын? «Ғафир» сүресіндегі:
«Күнәні
кешіруші, тәубені қабыл етуші»
деген 3-аятты естімеген
жан қалайша тыныш өмір сүре алмақ? Расында,
Жаратушысының есімдеріне және бүкіл іс-жағдайын
қалтқысыз басқаратын Оның сипаттарына ой жүгіртумен
өмір сүрген адам Жаратушының шеберлігінен өзін
қалай басқара білу қабілетінің туғанын білетін болады.
Сол үшін нақыл сөздің бірінде:
«Кімде-кім өзін таныса,
Раббысын таниды»
, - деп айтылған. Ал,
сен өз болмы-
сыңа ой жүгірттің бе?
Алла сені жақсы көреді, саған кешірімді, сені
қабылдайды. Тіпті, барлығы сені тәрк етсе де, қате-
кемшіліктеріңе кешіріммен қарайды.
Мұндай ұстаным
өзіңді терең түсінуге, өз қателіктеріңді мойындауға,
өзіңді орынсыз жазғырмауға көмектеседі. Десе де,
бізге керек кезде өзімізді сөгу, жазғыру қажет-ақ. Егер
сөгіс пен жазғыру бізді күдер үзуге итермелесе,
дұрыс
әрекет етуге шамамыз қалмай қалады. Ал бұл өзін-өзі
жазғырудың шектен шыққанын көрсетеді. Сөгіс, жазғыру
жақсы нәтиже бермесе, көркем істер жасауға жетелеме-
се, онда жазғырудың орынсыз болғаны. Сонымен қатар
жағымсыз әдеттен басқа ештеңе емес екенін көрсетеді.
Алла әрдайым саған өмірді жаңадан бастауға мүмкін-
дік сыйлауда. Мұндай мүмкіндік жаныңның жадырап,
әрдайым жаңғыруына жігер сыйлайды. Өміріңде жібер-
ген қателіктеріңе бола иініңнен су кетіп,
оны заман
ақыр көрме! Өйткені Алла күнәнің, қателіктің боларын
41
жазып қойған. Сол үшін Әбу Һурайрадан жеткен хадисте
Пайғамбарымыз:
«Егер сендер күнә істемегендеріңде
Жаратқан Ие сендердің орындарыңа күнә істеп, артынша
тәубе ететін қауымды жаратар еді»
, - деген (Муслим).
Алланың «әл-Ғафур» есімі сәт сайын саған кешегі
өткен
қателігіңді ұмытып, сәт сайын санаң тазарып,
өміріңді жаңадан баста деп айтып тұрғандай. Алланың
осы ұлы есімімен бірге өмір сүріп көрші.
Өкпе-реніш