Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


«Расында,  Мен тәубесіне келіп, иман етіп, ізгі іс істеп, сосын тура



Pdf көрінісі
бет13/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

«Расында
Мен тәубесіне келіп, иман етіп, ізгі іс істеп, сосын тура 
жолға түскен жанға аса кешірімдімін»
,
- делінген. 
Алланың кешіріміне сай болу тәубенің, райдан қай-
тудың тұрақты болуынан басталады. Мұның артынан 
сол тұрақтылықтың дұрыстығын көрсететін сенім ілесуі 
керек. Артынша сол айнымас сенімнің растығы іс-
әрекеттен көрініс табуы қажет. Мұның соңы табандылық, 
туралықпен аяқталуы керек. Міне, жан рахаты мен жан 
Өкпе-реніш


Кешірдім
38
тыныштығын сыйлап, Алланың кешіріміне сай қылатын 
анық, жеңіл жол – осы.
Алланың кешіріміне лайық болу үшін түзелу мен ізгі 
амал маңызды. Екеуінің де орны ерекше. 
Бұл туралы «Нәхл» сүресінің 119-аятында:
«Ақи-
қатында, Раббың білместікпен еріп, жамандық жасап, 
содан кейін уақыт оздырмай тәубе етіп, түзелгендерге 
өзі жар болады. Сенің Раббың шәк-шүбәсіз өте кешірімді, 
ерекше мейірімді
»,
- делінген. 
«Әнғам» сүресінің 54-аятында:
«
(Уа, Мұхаммед!) 
Қашан саған аяттарымызға иман келтіргендер келсе: 
«Сендерге амандық болсын! Раббыларың рақымдылық 
танытуды Өзіне лайық қасиет һәм Өзінің басты ұстанымы 
қылды. Араларыңнан кімде-кім білмей жамандық істеп, 
артынан тәубесіне келіп, түзелсе, шүбәсіз, Ол – өте 
кешірімді, ерекше мейірімді», – деп айт»
,
- делінген. 
Сондықтан түзелуге талпынып, түзелу мұратыңа айнал-
майынша, кешірім іздеудің еш пайдасы жоқ. 
«Бақара» сүресінің 220-аятында:
«Алла бұзғын-
шыны түзелуші жаннан айыра біледі»

- делінген. 
Раббыңнан кешірім етуін тілеген кезде қателесіп бұзған 
істі түзетуің керек. Бұл туралы «Бақара» сүресінің 
205-аятында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет