Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет29/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

ТҮЙМЕДЕЙДІ ТҮЙЕДЕЙ 
ҚЫЛМАУ
«Кек алған адам түбінде өкінеді,
ал кешірген адам ешқашан...» 
Дюма А.
О
сы тұста бұл айтылғандардың кешіру мен кеңші-
лік қасиеттерімен қандай байланысы бар дерсің?
Біз адамның өзіне немесе өзгелерге, өмірдегі жағ-
дайларға кешіріммен, кеңшілікпен қарауды тек іште 
кертартпа сезімдер, жанайқай пайда болған кезде ғана 
көрсетпей тұрамыз. Ал кертартпа сезімнің бәрінен 
арылып, келеңсіздіктерден сауыққан соң, кешіру мен 
кеңшілікке әл-қуатымыз пайда болады.
Кешіру мен кеңшілік арқылы жүрегіңді жуып-шайып, 
ондағы қаңыраған жан әлеміңді қалыпқа келтіресің. Бұл 
– дұрыс, берік қағида. Егер өміріңді осы қағидаға сай 
құрсаң, онда сенің тұлғаң берік болмақ. Ал тұлғаңды 
жағымсыз сезімдерге, рухани ретсіздік пен жүйесіздікке 
толы әрекеттерге сай түзесең, онда сенің тұлғаң бос 
болып, қай кезде де құлдырай салуға әзір тұрасың.


81
Бар екенін мойындамаған, оның барына сенгің кел-
меген нәрсеңді өзгерту мүмкін емес. Сезімдік жанайқай, 
күйгелектік – ұлғайтып көрсетуге тұрмайтын жайтқа әсіре 
қарсылық танытуың. Яғни, бүйректен сирақ шығаруың. 
Ал «түймедейді түйедей ету» сезіміне берілмеу – 
адамдардың аз бөлігі ғана түсінетін нағыз өнер. Сол 
үшін сезімдеріңді, өткен әрекеттеріңді ой елегінен 
өткізіп, басыңнан өткен жағдайларда ұстамсыздыққа, 
күйгелектікке бой алдырдың ба, жоқ па – соған қара!
Күйгелек, мазасыз адамдардың бойындағы сипаты, 
тіпті, сөздерінен де көрінеді. Ондай адамдар саған қан-
дай да бір оқиғаны жеткізген кезде оны тым әсірелеп, 
тіпті, әсірешілдігі сезімінен, жай-күйінен анық байқалады. 
Мәселен, ондай жандар «пәленшенің бір сөзі көңіліме 
қаяу түсірді» деген сөзбен шектелмей, тіпті, «пәленше 
мені өлтірді» деп жеткізеді. Алайда сөздерінің басым 
бөлігі жағдайды ушыққандай етіп көрсетуі түбінде өтірік 
болып жатады. Олар болған жағдайды шешілмейтіндей, 
ауыр қылып суреттейді. 
Күйгелек адамның белгісі ойының шашыраңқылығы-
нан байқалады. Ашулануына немесе қайғыруына не 
түрткі болғанын нақты білмейді. Өмірінде өткен жайт-
тарды қазбалап, сосын шешімі табылмаған негізгі мәсе-
лені білмей әуреге түседі. Шығар шешімді іздеп дал 
болады. Сезімге бой алдыратын күйгелек адам өзінің 
бағытын айқындай алмайды. Өмірін дұрыс басқармайды. 
Өмірінде басқаруына берілген екі құралды, яғни, сезімі 
мен ой-санасын ұтымды пайдалана алмайды. 
Өзгелерді кешіру


Кешірдім
82
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
– Өмірде болған түрлі жайттарға күйгелектік, маза-
сыздық танытасың ба, жоқ па – өзіңді тексер;
– Әрнәрсенің байыбына барып терең ой жүгіртуді, 
деміңді терең алуды, яғни, сезіміңді орнымен тежей білуді 
үйрен; 
– Алған әсерлеріңді, сезімдеріңді параққа түсір.


83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет