77
Психология ілімінде «Сезімнің құбылуы» деп аталатын
термин бар. Бұл термин сыртқы факторға жауап ретінде
бір сезімнен екінші сезімге ауысуды білдіреді. Осы арқылы
әуелгі сезім басылып, оның орнын жаңа сезім басады.
Сезімдік құбылуға қатысты мысалдар күнделікті өмі-
рімізде жиі қайталанып жатады. Мәселен, бала үйіне
кешігуі мүмкін. Сонан соң анасы оған телефонмен
қоңырау шалады. Бірақ бала анасының қоңырауына
жауап бермейді. Сол сәтте ананың бойында баласына
алаңдау, оған уайымдау сезімі оянады. Бала үйіне аман-
есен оралса болды, ананың уайымдау, алаңдау сезімі
әп-сәтте ашуға, жазғыруға, баласын жазалау сезіміне
ауысады. Міне, бұл «сезімдік құбылу» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: