Кешірдім
84
Қоршаған ортаңды тазартуға құлықты болғаныңдай,
ішкі әлеміңді де қатігездіктің ластығынан, жағымсыз
жайттарды ойға ала беруден тазарт.
Ондай жағымсыз сезімдерді ішімізге жинай беретін
болсақ, бізді сабамыздан шығаруға, біреудің айтқан бір
сөзіне немесе білдірген көзқарасына немесе жүгі жеңіл
өткінші оқиғаға бола уайымға түсіп, ашуға булығуымызға
жол ашамыз. Сол үшін біз жағымсыз сезімдеріміздің қай
жақтан соғарын, олардың тудыратын себептерін білуіміз
керек.
Жағымсыз сезімдер сүрінгенде, іс-әрекеттеріміз нә-
тиже бермегенде немесе бұрыс әрекеттерге бой ал-
дырып, өзімізді жазғырғанда оянады.
Мұндай сезімдер
адам бір орында тоқырап өспей, өз тұлғасына лайық баға
бермей, не өзін есепке алмаған кезде, өзіміз бен өзгелер
туралы бұрыс сенім қалыптасқанда пайда болады. Бәл-
кім жағымсыз сезімдер өзгелердің саған деген қарым-
қатынасынан немесе белгілі бір оқиғалардың себебімен
басталып, сезбесең де, саған біртіндеп әсер етуі мүмкін.
Тіпті, ойларың мен өткен өміріңдегі жайттардың әсері-
нен де шығуы ықтимал.
Аталмыш жағымсыз сезімдер қалай пайда болса да,
маңызды бір ақиқатты білгенің жөн. Өміріңнің жауап-
кершілігін өзің көтеруің керек.
Өмірде қандай жағдай
орын алса да, сен ынсаптылыққа бейімделіп, жетіле
85
түсесің. Сол кезде жеке бас тіршілігіңмен қатар үлкен
жауапкершіліктерді де көтере аласың.
Біз айтқан маңызды ақиқат, яғни, өміріңнің жауап-
кершілігін
өзің көтеру ақиқаты, нәпсі тарапынан өте
үлкен қарсылыққа тап болады. Өйткені адам баласы
табиғатынан сәтсіздігін біреуден немесе бір нәрседен
көруге үйір. Өміріңнің жауапкершілігін өзің көтеруің
–
тізгінді
өз қолыңа алып, басқарып, оны дұрыс жаққа
бағыттауыңды білдіреді. Нағыз күш – өміріңді өзің бас-
қарып, өзгенің я нәпсіңнің жетегінде кетпеуің. Нағыз
әлсіздік – өзгенің, нәпсіңнің жетегінде кетіп, өз өмірің-
ді басқара алмауың.
Кешірімділік кешірімді болуға тырысу арқылы, ал
білім білім алу арқылы келетінін үнемі есіңде ұста. Егер
ниетің өзің мен өз жаныңның арасын түзеу
және өзің
мен өзгелердің арасын түзеу болса, Жаратушыдан жәр-
дем бұйырады.
Расында, ішіміздегі жағымсыз сезімдер жиылған
орынды босату үшін, біріншіден, олардан арылу қажет.
Сонан соң ішіміздегі сол босаған орынды кешіріммен
толтыруымыз керек. Аталмыш рухани жаңғырудың
мысалы:
лас суға толған ыдысты босатып, ішін жақсы-
лап жуып, таза, тұщы суға толтырып, одан өзің де және
өзгелер де пайда алатын су сияқты.
Бұл тұрғыда Алла Тағаланың мына бір аятын оқы-
ғанымыз жөн:
Өзгелерді кешіру