Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


«Олар ашуларын жұтушылар, адамдарды кешетіндер



Pdf көрінісі
бет31/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

«Олар ашуларын жұтушылар, адамдарды кешетіндер. 
Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді»
[
3:134
]

Бізге ызамызды, ашуымызды жұта салу қиынға соғып, 
мұндай ізгі іске жетер жолды білмеуіміз мүмкін. Алай-
да ішіңе бүгіп жүрген сезімдеріңнен арылуың – Алла
қаласа, осы деңгейге жетудің жолы. 
Ішке жиналып қалған сезімдерден арылудың жол-
дары түрлі болады. Алайда біз маңыздыларына ғана 
тоқталайық:

Өміріңдегі келеңсіз жағдайды немесе оқиғаны айт. 
Бұл тәсіл көкейдегі ойларды, іштегі сезімдерді шығарып, 
оларды бүге бермеу үшін қажет. Дей тұрғанмен бұл 
тұста мән беретін бір мәселе бар: ішіңді кернеген ашу-
ызаңды біреуге айтар болсаң, ол адам адал жан болуы 
керек. Ол сенің ойыңды түсінбей, ашуыңның үстіне 
ашу қосатын жан болмағаны дұрыс. Болмаса біреуге 
ойларыңды, сезімдеріңді айтудың орнына бүкіл ойыңды, 
көзқарасыңды, сезімдеріңді параққа түсіруіңе болады. 
Содан оны белгілі бір уақытқа дейін бір шетке қоя тұр. 
Басыңнан өткен барлық жағдай басылған соң, параққа 
жазғаныңның бәрін оқып, сыннан өткізіп, олардан 
арылудың жолын ізде. 

Әр нәрсенің байыбына барып, терең ой жүгіртуге 
және терең дем алуды, яғни, сезімдеріңді орынды тежей 
білуге машықтан; 

Денені шынықтыратын немесе бойыңдағы күшті 
физикалық түрде шығаратын жаттығуларды жаса;


87

Жоғары зейінді, зияткерлікті қажет ететін түрлі 
жаттығуларды орында. Мұндай жаттығулардың арасында 
өзің ұнатқан, әуестенген жаттығулар болса тіптен жақсы;

Жағымсыз сезімдерден арыл. Оларды мүлдем ұмыт. 
Өміріңдегі келеңсіз жайт немесе оқиға басқа адамдар-
дың өмірінде де болады деп, өзіңді соны бақылаушы-
ның немесе куәгердің орнына қой; 

Өміріңде орын алған жайтты, оқиғаны шамаң кел-
генше, болмашы етіп көруге тырыс. Көңіліңе қатты алып, 
әсірелеме. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет