ӨТКЕННЕН САБАҚ АЛУ
«Дұшпаныңды кешір – бұл оларды өміріңнен
шығарып тастаудың ең жақсы тәсілі»
Уайлд О.
А
дам дүниеге келген соң өмірінде еркінен тыс
түрлі жайт орын алуы мүмкін. Өзге адамдардың
істеген түрлі қиындықты немесе олардың салғырттығы-
нан туындаған көптеген келеңсіз жағдайларды көруі
ықтимал. Осылайша өмірінде арпалысқа толы кезеңді
басынан кешіреді. Нәтижесінде қоршаған ортаға немесе
болмысына, болып жатқан оқиғаларға немесе қоғам-
дағы ережелерге көңілі көншімей, іштей күйіне бастауы
ғажап емес.
Алайда адамның іштей арпалысып күн кешуі, тумы-
сынан бұйырған дүниелермен келіспеуі өмірін төзгісіз
тозаққа айналдырады. Нәтижесінде өзіне де, тұрып
жатқан қоғамына да көңілі толмайды.
Сен «Алланың саған бергеніне риза бол. Сонда
адамдардың ең байы боласың» деген қағидамен өмір
сүр.
97
Расында, өзгертуге шамаң келмейтін дүниелерге налу,
олардан бас тарту өміріңдегі келеңсіздіктерді арттыра
түседі. Назарыңды түзеуге, дұрыстауға шамаң келетін
дүниелерге аудар. Бойыңда қауқарсыздық, әлсіздік
сезімін тудыратын дүниелерге жармаспа.
Өткеніңмен, өміріңдегі түрлі жағдайлармен үйлесім-
ді, келісті өмір сүрудің бірінші қадамы ол – тағдырға
риза болып, өзіңді, ісіңнің нәтижесін Аллаға тапсыру.
Пешенеңе не жазылса, ол сені айналып өтпейтінін, ал
не жазылмаса, саған бұйырмайтынын, тимейтінін ұғын.
Иман негіздерін терең ұғыну – ішіңдегі түрлі жан арпа-
лысынан, қорқыныштан, тағдырыңда болар іске бой-
сұнбаудан туған сұрақтардың жауабын табуға көмек-
тесетін өте маңызды фактор.
Баянды өмірге деген келесі қадам қолдан келетін,
мүмкін істерге ой жүгірту арқылы жасалады. Үмітсіз-
дікке салынып, өмірдегі кедергілерді ғана көріп, қиын-
дықтың аяқталарынан күдер үзумен жүзеге аспайды.
Шын мәнінде, хал-ахуалы бізден төмен және өмірде
өте ауыр жағдайға тап болып, қиыншылықтарды өткеруге
талпынып жүрген жандарға қарау – тағдырымызға, өмі-
рімізде болып жатқан жайттарға мойынсұнуымызды
арттыра түседі. Ал пенденің жағдайы өзінен жақсы
адамдарға жиі қарау – өзін олармен салыстыруға, әлсіз
сезінуге, бос әурешілікке салынып, уақытын зая кетіруге,
бәлкім, тағдырға риза болмай, ашу-ызаға салынуға
итермелеуі мүмкін.
Өткеннен сабақ ал
Кешірдім
98
Өміріңдегі жайттарға, оқиғаларға мойынсұнудың
сыры – басыңнан кешірген әрбір кезеңнің жарқын
сәтін көре білуіңде жатыр. Алла сені бақытсыз болуың
үшін жаратпаған. Керісінше, қоғамдағы мәртебең мен
мүмкіншіліктеріңе сай ұлы аманатыңды орындау үшін
жаратты. Ол сен көтере алмайтын нәрсені жүктемеген.
«Бақара» сүресінде:
Достарыңызбен бөлісу: |