Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет36/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

МАҢЫЗДЫ ПРИНЦИПТЕР
«Кешіре алмайтын адамдарды жек көремін» 
Фридрих Ницше
К
өп жағдайда бәріміз өмірдегі жағдайларға, әлемге 
деген көзқарасымызды өзгертуге тырысамыз. Бұл 
қоршаған ортаға, дүниеге қатысты ескі ұстанымнан бөлек 
жаңа ұстанымды, тың көзқарасты қалыптастыру арқылы 
жүзеге асады. Бізді бүгінгі жағдайымызға жеткізген ескі 
ұстанымымыз дұрыс ұстанымды қалыптастырмайынша, 
қол жеткізгіміз келген ертеңгі мақсатқа жеткізбейді.
Адамдармен кешірім мен кеңшілікке негізделген өмір 
құруың үшін, жаңа ұстаным қалыптасуы керек. Ендеше, 
солардың ең маңыздыларына тоқталайық:
Пенде әрбір айтар сөзін ойламайды. Әрбір ниетін, 
ойын айта бермейді. Әрбір істер ісін ойламайды. 
Әрбір ниетін, ойын істей бермейді; 
Адамдар қажеттіліктерін байыппен жеткізетін дана-
лыққа мұқтаж. Нәтижесінде өзіне толық назар 
аударту үшін, мінез көрсетеді; 


103
Барлығымыз аталмыш қателікке ұрынамыз. Ешбір 
адам қателіктен пәк емес; 
Өмірімізде орын алған, орын алып жатқан, алдағы 
уақытта орын алуы мүмкін барлық жайт белгілі 
бір хикметпен болады. Біз одан сабақ алып, мән 
іздегеніміз жөн. 
Өмірімізге маңызды сенім мен көзқарастың көбісі
сені күннен күнге жақсырақ өмірге бастайды. 
Біз көптеген ұстанымдарды тәлім-тәрбиеден соң 
келтірдік. Ал қазір өмірге қажет ұстанымдар тура-
лы ойланып, солар арқылы өмірімізге оң өзгеріс әке-
лудің жолын қарастырамыз. Жекелей алғанда, жеке 
басыңа деген қатынасыңды, жалпы алғанда, өміріңе 
деген қатынасыңды жақсарту үшін, дұрыс ұстаным 
қалыптастырудың жайын ойла. 
Өмірлік ұстанымдарың өзің жететін нәтижелерге 
әсерін тигізеді. Өмірлік ұстанымдарың құдды әлемге 
қарайтын айнаң сияқты. Ол өткен шақтағы жағдаяттар-
дан жиылған білім мен тәжірибелерге сай адамдар мен 
өмірлік жайттарға дұрыс қарауға көмектеседі. Бұл айнаң 
таза болса, ол арқылы әлемді көркем түрде көресің. 
Кейде сол айнаң шытынап, кірлеуі мүмкін. Сонда сен 
оны тазалауды немесе ауыстыруды қажет етесің. 
Сенің көптеген принципті ұстанып жүргенің есіңде 
болсын. Оның жартысы жақсы, ал екінші жартысы бұрыс 
болуы да мүмкін. Өзіңнің ұстанымыңды тексер. Оны 
қайдан алғаныңа қара. Ол өмір иіріміндегі ұзақ сапарға 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
104
жарайтын ұстаным ба, әлде арман-мақсатыңнан, жеткің 
келіп жүрген шынайы өмірден бөгейтін ұстаным ба, 
соған мән бер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет