Кешірдім
106
Бұл – нендей ұлы сый! Бұдан ұлы құрмет бар ма?!
Аяттағы «Қаламайсыңдар ма?» деген сөздің астарында
нендей жұмсақтық пен жақсылыққа жігерлендіру жатыр.
Әрине, қалаймыз! Ең ғажабы – Алла адамның бауырына
ғафу етуін Өзінің бізге ғафу етуімен байланыстырған.
Мұнда шексіз үстемдік пен ұлылықтың иесі Раббымыз-
дың бізге үйретіп тұрған ұлы тәрбиелік тәсілі бар.
Баршаға үлгі болатын ең ұлы қасиеттер Аллаға тән.
Мәселен, балалар өзара ұрысқан кезде аналары тату
болуға шақырып балаларының біріне: «Сен қателескен
кезде сені кешіргенімді қаламайсың ба?» - дейді. Мұнда
бағыт-бағдар бар, яғни, жаза амалдың түріне қарай бе-
ріледі. Қате-кемшіліктен пәк ешкім жоқ. Түбінде барлық
адам кешірімге ілінуді қалайды. Бүгін сен адамдарға
кешіріммен қарасаң, ертең олардан кешірімді үміт
етесің.
Кешірімді болудың бізге сыйлайтын ең көркем сыйы –
бір-біріне демеу болатын, бірімен-бірі тату өмір сүретін
қоғам. Нәтижесінде ондай қоғам қате-кемшілікке кеші-
ріммен қарайды. Әділетсіз адамға әділетсіздіктен ары-
луға көмектеседі. Қателескен адамға кеңшілік жасап, оны
ортасына қосады. Ал азаматтарының түзелгеннен соң
да, қате-кемшіліктерін ұмытпайтын қоғамдар, негізінде,
өз-өзіне қылмыс жасаған болады. Өйткені ондай қоғам
айналасына кекшіл, қоршаған ортасынан тыс қалған
азамат қалыптастырады.
Даналық Иесі Алла қасиетті кітабында:
Достарыңызбен бөлісу: