Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет40/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

«Үлкен күнәлардан һәм арсыздық 
атаулыдан іргелерін аулақ салғандар ашуланған кезде, 
кешірімділік танытады»

- деген аят бар. 
Көбіне адам баласы ашуын білдірген соң, ызаға толы 
іс-әрекеттер көрсеткен соң барып, кешірім танытып 
жатады. Алайда біз бірден кешіруге дағдыланып, бұл 
сипатқа сай іс-әрекет етудің жолын түсінуіміз керек. Ол 
жол Құранда былай көрсетілген:
«Алайда кімде-кім са-
быр етіп, кешірімділік танытса, шүбәсіз, бұл табанды-
лықты талап ететін істерден»
,
- делінген. Адамға оңай-
лықпен бұйырмайтын, еңбекті қажет ететін салмақты 
істер шынайы ниетсіз, табандылығы жоқ адамдар ар-
қылы жүзеге аспайды.
Сен біреуді кешірген кезде, ең бірінші ұтатын – өзің. 
Өйткені сен алаңдататын, мойныңа жүк болатын, ақыл-
ойыңды шаршататын барлық дүниелерден құтыласың. 
Ішің жағымсыз сезімге, ренішке толы болса немесе жек 
көру сезімін біліп тұрсаң немесе кек қайтаруға ұмтылып 
тұрсаң, қандай да бір ісіңе кірісе алмайсың. Жаның 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
112
жақсы көру, риза болу көгіне көтеріліп самғамайынша, 
істеген ісіңнен өнімді нәтиже шығара алмайсың. 
Біз нашар мінез батпағына аунап жатып алып, ескі 
әдетке толы кезеңнен шықпай, түбінде, рухани тоқы-
рауға түспес үшін, кешірімділікті үйренуге мұқтажбыз. 
Кешірімшіл болуға зәруміз. Өйткені біз өмірімізді 
күн сайын жаңартып отыруды қажет етеміз. Әрине, 
оны кешірімшілдікпен жаңартқанымыз жөн. Бір рет 
қана берілетін өмірді талас-тартысқа толы кезеңмен 
өткізбегеніміз жөн. Өмір – өте терең дүние. Өмірді 
пайдасыз, ұтымсыз дүниеге жұмсамау керек. Өмір – қас-
қағым сәттен де тез өте шығатын нығмет.
Сол үшін кешірімді болуды үйренсек, игі болмақ. 
Қазіргі таңда қоғамның қателескен, жаңылған азаматын 
жек көріп, әрбір адамның әлеуметтік желіде оны сынап, 
мінеп жазба қалдырып жататынына куәміз. Мінеп, сынап 
жазба қалдырғанда өзінің де қате-кемшілікке бой 
алдыратынын ұмытып кететіні өкінішті-ақ. Әрбір адам 
қателескен азаматты мінегені соншалық, тіпті, оның 
отбасына тіл тигізеді. Сынның астында қалған ондай аза-
мат қоғам алдында ақталуға, әрине, дәрменсіз болады. 
Нәтижесінде жақындары онымен бірге өмір сүруден 
қысылады. Мұндай жөнсіз әрекетке бой алдырған кезде, 
шүбәсіз, Мырзамыз Мұхаммедтің бізге өсиет еткен 
мейірім, жанашырлық сияқты адами құндылықтардан 
айырыламыз. Мәселен, пайғамбарға арақ ішіп қойған 
адам әкелінген кезде, арақтан тыю мақсатында оны ұруды 
бұйырады. Сонда сахабалар: «Арамызда оны қолымен, 


113
аяқ киімімен, киімімен ұрғандар болды. Жазасын алған 
кісі кетіп бара жатқан кезде, бір ер адам: «Бұған не 
болған?! Алла оны қор қылсын!» - деп айтып қалады. Сол 
кезде пайғамбарымыз: 
«Бауырларыңа қарсы шайтанға 
жәрдемші болмасаңдаршы»
, - деп айтты», - деген. 
Қоғамдағы арақатынас сақталып, жақсылық пен ізгі-
лік үзілмей, бір-бірімізді жақсы көріп, бірігіп қоғам 
құрып, құлшылықтарымызда, іс-әрекеттерімізде бір 
қарыс болса да бірімізден біріміз алшақтамай бір сапта 
күн кешу үшін, кешірімді болуға мұқтажбыз. 
Расында, ғафу ету, кеңшілік таныту сияқты рухани 
құндылықтарды үйреніп, оны үйретуге, қоғамға оны 
дұрыс ұғым ретінде жеткізе білуіміз қажет. Аталмыш 
рухани құндылықтардың жеке тұлғаға да, қоғамға да 
берер оң нәтижесін түсіндіргеніміз жөн. 
Біз бұл өмірде жалғыз өмір сүріп жатқан жоқпыз. Мен 
қоғаммен, қоғам менімен бірге күн кешіп жатыр. Сол 
себептен бір-бірімізге кешірімшіл, кең болған күйде 
жаңадан түлеп шығуымыз керек. 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет