Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет43/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

«Нағыз тақуалар 
– кеңшілікте де, таршылықта да Алла жолында садақа 
бергендер, ашу қысқанда ашу-ызасын жұтқандар һәм 
адамдарға кешірімді болғандар. Алла ізгілікке жаны 
үйір жандарды жақсы көреді»
,
- делінген. Ашу қысқан 
сайын дәрет алып, қосымша намаз оқуға кіріс.
Жан дүниең, руханиятың Алланың «әл-Ғафур», яғни 
«өте Кешірімді» деген есімімен байланыс түзіп, Ұлы 
Жаратушының осынау қастерлі есіміндегі қасиетті ұғым-
мен күн кешіп, әрдайым сол есімге жүгініп, мінәжәт етсе, 
кешірімшіл болуды тілеп жалбарынса, кешіру жеңіл іске 
айналады. 
Пәленше кісіге дұға тілеу, тысқа шығу, ешбір әрекетке 
бармау арқылы ашуыңды басу сияқты нәпсіні билеудің 
тәсілдерін пайдаланып, имандылық, руханиятқа жете-
лейтін қадамдармен жүрсең, кешіру әлдеқайда оңай 
болады. 
Кешіруді үйренудің ең бірінші тәсілі ол – ашуды 
баса білу. Кешірімділік кешірімді болуға тырысумен, ал 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
122
білім оны үйрену арқылы бұйыратынын есіңе түсір. Егер 
ықыласты болсаң, саған ешнәрсе қиын болмайды. 
Қасиетті Құранда:
«Жақсылық пен жамандық тең 
болмайды. Сен жамандықтың қарымын ең көркем 
жақсылықпен қайтар. Сонда қас дұшпаның жан досыңа 
айналады. Алайда ондай кемелдікке сабырлылық 
танытқандар ғана қол жеткізеді. Сондай-ақ оған 
ізгіліктен үлесі мол жан ғана қол жеткізбек. Егер сені 
шайтан түртіп азғырар болса, дереу Аллаға сыйын! 
Расында, Ол бәрін естуші, бәрін білуші»

- делінген. 
Егер кешірімді болу мен кеңшілік таныту жеңіл, ал 
жамандықтың қарымын жақсылықпен қайтару оңай 
болғанда, мұның сыйы жұмақ болмас еді. Расында, кешіру 
мәселесі оңай емес. Дей тұрғанмен бұл сабырлылық 
танытумен, табандылықпен жүзеге асады. 


123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет