ҚАНДАЙ ІСТЕРГЕ КЕШІРІММЕН
ҚАРАУ ҚАЖЕТ?
«Арзан сөздерді дереу кешіре салу керек»
Ө
мірімізде біз дағдыланып қалған ескі ой-өріс,
іс-әрекет көп. Біз оларға белгілі бір мақсат үшін
емес, олардың өмірімізде бар болғанына әдеттенгенбіз.
Кейде осы бір маңызды мәселенің есімізге салынуын
қажет етеміз. Біз әдеттенген ескі ой-өрістің немесе іс-
әрекеттің жалғасын табуы соған үйренісіп қалу сезімін
тудырып, оны өзгертудің қажеттілігін бізге ұмыттырады.
Күш-жігер салмайынша, кешірімді болу сипатына
жету қиын. Жақсы қасиетке жету жолында талпынарсың.
Бірде кешірсең, бірде оны кешіре алмай қалуың мүмкін.
Алайда өміріңнің соңына дейін берілме! Кешірімді
болу үшін, күн сайын өз нәпсіңмен күрес. Сонда кешіру
сипаты бойыңда біртіндеп қалыптасып келе жатқанын
байқайсың. Кешірім таныту кей жағдайда жеңіл болып,
ал кей кездері қиындап, қайтадан кері кетуің мүмкін.
Бірақ сен ешқашан берілме.
115
Кереғар сезімнен туған жан жарасын, жүрек дертін
емдеп, өзіңнің болмысыңды, тұлғаңды қабыл алып, өз
түр-сипатыңа және өміріңе, сүріп жатқан күніңе риза
жүру үшін кешірімді болуға бар күш-жігеріңді сал.
Жаныңды жаралаған барлық ауыртпалыққа кешірім-
мен қарауға тырыс. Нәпсіге жақпайтын қандай да бір
жайттан, іс-әрекеттен, сын-пікірден ауырсынуың, ма-
заңның қашуы – кешірімшіл болуға мұқтаждығыңның
белгісі. Өткен шағыңдағы қате-кемшіліктеріңе, мазаң-
ды қашырған ауыртпалықтарға, өмірде жағымсыз әсер
қалдырған дүниелерге кеңшілікпен қара.
Болмысыңды, тұлғаңды қабыл алып, оған кеңшілікпен
қарамайынша, өзіңді жақсы көре алмайсың.
Өмірде белгілі бір себептің, жағдайдың әсерімен саған
қаталдық танытқан ата-анаңа, мұғалімдеріңе кешіріммен
қара. Бәлкім олар, сен ешқандай қателік істемесең де,
білместікпен, пендешілікпен қаталдық көрсеткен шығар.
Сол кезде олардың мұндай іс-әрекетке барған себебін
түсінбеуің де мүмкін. Ал қазір олардың іс-әрекеттеріне
мың түрлі жауап іздеп, ақтап алатын пайым-парасатың
қалыптасуда. Соны қолдан.
Қандай да бір пенделердің жағымсыз оқиғаларын
естіп, жеккөрініш сезімің оянған соң, оларды іштей
кешіре біл. Саған зиянын тигізбеген ондай бейбақтарға
кешіріммен қара. Олардың істегендерінен ішіңді кек
кернесе де, «өштесу керек» деген ойдан аулақ бол. Бір
кісі туралы жағымсыз оқиғаны немесе достарыңнан
Өткеннен сабақ ал
Кешірдім
116
бірінің нашар әрекетке бой алдырғанын естігеніңе бола
жек көріп, іргеңді аулақ салу – трагедия. Бұл мәселені
түсінуің үшін, олардың пендешілікке бой алдырғаны
сияқты кезінде сен де пендешілікке бой алдырғаныңды
есіңе алуың жеткілікті.
Достарыңа кешірімді бол! Егер олардың саған
зияны тисе, оларды сені сыннан өткізер өмірдің
бірнеше кезеңдері деп біл. Олармен өткізген өміріңнің
шақтарынан сабақ ал.
Сені алдаған адамдарға да кешіріммен қара. Ал егер
кешіре алмасаң, оларға өмірдің саған берген сабағы
ретінде қара.
Өміріңдегі өткен келеңсіз оқиғаларды іште сақтаудың
қажеті жоқ. Жаныңа ауыр тиген өткен оқиғаның қай-
талануына жол бермеуге тырыс. Оны қайта-қайта еске
алып, өзгелерге айта берме. Жеке бас сәтсіздіктеріңді
еске алуыңды доғар. Мен жиырма жыл, отыз жыл, қырық
жыл, тіпті, елу жыл өтсе де, жанын жаралаған бұрынғы
оқиғаларын жиі сөз ететін адамдарды білемін. Олар әр
кез өткен жан жарасының бетін ашып, асқындырып, оны
қан мен іріңге айналдырады.
Мүмін адамды жылан екі мәрте шаға алмайды. Яғни,
бір істеген қателігін қайталамауға тырысады.
Басыңнан кешіріп жатқан жайттарға кеңшілікпен
қара. Туып өскен кездегі өмірлік жайттарды тек Алла-
ның тағдыры деп түсін.
Негізінде, біз тағдырда жазылған
117
жақсылыққа ғана иман етіп, ал онда жазылған жаман-
дыққа иман келтіруді ұмытып жатамыз.
Ата-бабаларыңа да кешіріммен қара. Олар өз уа-
қыттарына сай ең абзал шешім қабылдады деп түсін.
Олар бір жерден көшті ме немесе бір жерді қоныс етті
ме, қандай да бір әдет-ғұрыпты ұстанды ма, әлде одан
айырылды ма, қандай да бір істерді елемеді ме, әлде оған
мән берді ме – мұның бәріне түсіністік таныт. Кешірім-
ді болу жаныңмен біте қайнасып кетсін. Тағдырыңда
жазылған нәрсе сені айналып өтпейді. Ал тағдырыңда
жазылмаған нәрсе саған бұйырмайды, тимейді.
Достарыңызбен бөлісу: |