Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет48/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Кешірдім

Есіңде болсын, қандай жағдай 
болмасын, оның шешімі табылады.
Ал егер қалаған 
шешіміңді таба алмасаң, ол кісі үшін дұға тілеп, оған 
деген пейіл-ниетіңді жақсарт. Көңілін көншіту үшін оның 
атынан қайырымды іс жаса, садақа бер. Ал егер ол өзінің 
атынан қайырымды іс істегеніңді білмесе, шүбәсіз, Алла 
сенің шынайы ниетіңді, жүрегіңнің тазалығын білетінін 
түсін.
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
132
Бірде Пайғамбарымыздың немерелері – Хасан мен 
Хусейн ренжісіп қалған екен. Сонда Хусейн ағасы Хасанға 
өзінен кешірім сұрауын өтініп, хат жазып жібереді. Бұл 
хатты оқыған Хасан сәл шамданып, інісіне: «Сен менен 
жасың кіші, өзің кешірім сұра» деп қайта жауап береді. 
Сонда інісі: «Асыл ағатайым менің! Пендені кешіргенді 
Алла Тағала кешіреді емес пе? Мен сіздің бірінші болып 
Алла Тағаланың кешіріміне ие болуыңызды, менен бұрын 
жұмақ иелерінен болуыңызды қалап, бірінші болып кешірім 
сұрауыңызды өтініп едім» деп іс-әрекетінің хикметін 
білдірген. Інісінің жазған бұл хатын оқығанда Хасанның 
жүрегі елжіреп, көзіне жас келіп, інісі Хусейнге барып: 
«Мен өзімнің нәпсіммен ойлап тұрсам, сен қияметтің 
бақытын ойлап тұр екенсің. Кешір мені, інішегім» деп 
інісін құшақтап, кешірім сұраған екен.


133
КЕШІРУГЕ ТҰРМАЙТЫН 
НӘРСЕ БАР МА?
«Егер дүниеде кешірілмейтін нәрсе болса, 
ол да – кешіре алмау болар еді» 
Б
ұл мәселе терең тыныс алып, оған жан-жақты 
қарауыңды талап етеді. Сонымен қатар кешіру – 
азаматтық, әлеуметтік түрлі факторларға байланысты 
қабылданатын адамның жеке шешімі екенін білген жөн. 
Мәселен, сен кешіруге болады деп санаған істі, өзге 
біреу кешірілмейтіндей көруі мүмкін.
Сенің көзқарасыңда кешіруге лайық болмайтын 
істер бар шығар. Алайда қандай да бір ұнамсыз істер, 
жағдайлар саған толассыз дау-дамаймен күн кештіріп, 
өміріңнің шырқын бұзуға лайық емес қой. Мазаңды 
қашыруға лайықсыз мұндай кереғар істерден зейініңнің, 
сезіміңнің, тәніңнің қуаты түбінде таусылуға шақ 
келетінін білмейсің бе?!
Өзіңе сұрақ қойшы: өмірде сен кешіріммен, кеңші-
лікпен қарай алатын қандай іс-әрекеттер бар? «Кешірім 
ете алмаймын» деп ойлаған адамдардың көбісі – 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
134
өздеріне зиян келтірген кісілердің сырқаттанғанын, 
аянышты хәлге түскенін немесе өлім сәтінде жатқанын 
көрген кезде ғана кешіру сезімдері оянған. Ал енді сенің 
кешірім сезімің қашан оянады? Сен кешірім танытуың 
үшін қандай қайғылы жағдай орын алуы керек? Көңіліңе 
жақпаған жағдай соған тұрарлық па? 
Егер сен зұлымдыққа ұшырап, қарымтаңды қайтарғың 
келсе, онда мына бір аятқа сай әрекет ет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет