Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім



Pdf көрінісі
бет50/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Кешірдім

КЕШІРУДІ ҮЙРЕНУГЕ 
КӨМЕКТЕСЕТІН ТӘСІЛДЕР
Ш
ын мәнінде, кешірім сапарына терең бойлап, бұл 
сапарда көздеген мақсатқа жету үшін, рухани 
практикалық тәсілдердің маңызы зор. Аталмыш мұратқа 
жету үшін қолданатын ең әуелгі тәсілің – кешірімді 
болуға ниетің, яғни, ойланбастан шынайы құлшыныс 
білдіруің керек. 
Расында ашу – адам баласына тән, бәрімізге ортақ 
сезім. Алайда әр адамның ашуланғаннан кейінгі жағ-
дайлары әртүрлі. Әдетте адамдардың ой-сезімдері 
ұқсас келеді. Адамның қандай да бір нәрсеге қатысты 
көрсеткен іс-әрекеті оның көңіл-күйіне, ой-санасына 
сай болады. Адамдардың арасында ашуланып, артынша 
кешірім танытатын, немесе ашуланып, ашуы одан сайын 
өршелене түсетіндер кездеседі.
«Шура» сүресінде кешірімге лайық адамдардың 
сипаты былай бейнеленген: 
«Сондай зор күнәлардан, арсыздықтардан 
сақтанғандар, 
ашу кернеген кезде өздері кешірім еткендер;


137
Раббыларының үндеуін қабыл алып, намазды 
толық орындағандар,
өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздері-
не берген несібелерін тиісті орындарға жұмсағандар;
Бір зұлымдыққа тап болса, жұмыла жәрдемдес-
кендер; Бір жамандықтың қарымы дәл сондай жаман-
дық болмақ. Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның 
сыйлығын Алла береді. Ол қиянатшыл залымдарды 
жақсы көрмейді;
Егер біреу зұлымдық көргеннен кейін әділ түрде 
өшін алар болса, оларға тағар сын болмайды; Алайда 
кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, сауабы зор іс 
атқарған болады».
Құран адамға тән сезімдердің ең маңыздысы және 
күнделікті өмірде жиі бой алдырып қоятын «ашу» сезімін 
қалай баяндағанына қарашы. Ол «ашуды» құр баяндаумен 
шектелмеген. Керісінше, аталмыш сезімдердің түрлеріне 
біртіндеп тоқталған. Өмірде жай ашуды көрсету мен зұ-
лымдық, жамандық көруіңнің арасында парық бар. Дей 
тұрғанмен мұның бәрі кешірім танытпауға итермелейтін 
фактор саналады. Бірақ Құран сенің адамгершілігіңді 
ескеріп, жамандықтың қарымтасын қайтаруға немесе 
кешірім танытып, қоғамды түзетуге таңдау берген. Сосын 
құқығың тапталған кезде, есеңді алып, шектен шықпа-
саң, саған айып жоқ екенін баяндаған. Дегенмен, бұл да 
сабырлылықты, кешіруді қажет қылады. Кешірімділік
кеңшілік сияқты ізгі істер табандылықты, жігерді талап 
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
138
етеді. Сен аталмыш ізгі істерде, Алла қаласа, табанды-
лық таныта алатыныңа күмән жоқ. 
Бір досым «Егер ақылыңның аясын білгің келсе, онда 
сені қандай істер ашуландыратынына қара» деген нақыл 
сөзді оқыған кезде, әрбір болмашы іске ашулана салуды 
доғарған. Расымен, іс жүзінде сенің ойыңа, ішкі сезіміңе 
әсер етіп, тәніңнің, жаныңның, ойыңның құбылмалығын 
тудыратын істер – дерт сияқты. Бұл – сенің тұлғаңды, 
оның шынайы бейнесін анықтайтын үлкен көрсеткіш. 
Түркі халықтарының нақыл сөздерінің бірінде: 
«Ашу-
дың басылмауы - шоқты біреуге лақтыру ниетімен қолға 
ұстау сияқты. Бірақ, әуелі, сол шоққа өзің күйесің», 

делінген.
Расында, кешіру – адам жанына ауыр іс. Әлбетте, жеңіл 
емес. Сол үшін саған, Алланың қалауымен, кешірімді 
болуға жетуіңе көмектесетін біршама практикалық нұс-
қауларды ұсынамыз: 
Көптеген жағымсыз істің емі – руханият. Сондықтан 
Алладан жүрегіңдегі жек көрініш сезімін алып тастауды 
сұра. Өзің кешіре алмай, кеңшілік таныта алмай жүрген 
кісіге дұға ет. Басында ауыр болса да, оған жақсылық, 
игілік тілеуіңді жалғастыра бер. Сен жаныңның мұны 
біртіндеп қабылдай бастағанын, сонымен қатар жағ-
дайдың оңалғанын байқайсың. Өйткені дұға тек жақсы-
лық әкеледі; 
Сенің ақыңа қатысты қате-кемшілік жіберген кісіге 
жанашырлық таныт. Бәлкім, ол қателік істеген кезде 


139
пайым-парасатқа немесе сау санаға ие бола алмаған 
шығар. Қате-кемшілігін, күнәсін жеңе алмаған шығар; 
Оңаша қалсаң да, қателескен кісі жайлы тек жақсы 
сөз айт. Оған есендік пен кешірім қуатын төк. Оған 
қайыр-жақсылық тіле. Бұл тұрғыда нәпсіңе бой берме. 
Өйткені нәпсі жаратылысынан иесінің ізгі болуына 
кедергі жасауға тырысады. Нәпсі өз иесінің тек эгосы, 
мәртебесі, үстемдігі туралы ойлағанын қалайды; 
Хат жазып, оған өзің қиянат көрген кісі туралы 
баяндап, сосын жыртып таста
Ғафу ету, кешірімді болу туралы оқиғалар жайлы 
оқып, өзіңді кешірімшіл болуға ынталандыр. Кешірімнің 
сыйы туралы оқы. Жүрегіңде шамаң келгенше реніш, 
өкпе, ыза сияқты жағымсыз сезімдерді барынша азай-
туға немесе мүлдем жоқ қылуға бел буып, таза жүрек-
пен күн батыруға тырыс; 
Биік мақсаттарды көзде. Өмірге, адамға қажет 
мәселелермен айналысып, соның қамына кіріс. Бұл 
дүниелік тақырыптардың көбісін көңіліңе жақын ал-
мауыңа көмектеседі; 
Бақытты болудың, көңіліңнің тыныштығының, зейі-
ніңді таза ұстаудың, өзіңді рухани байытудың, пайдалы 
нәрсе алудың жолын ізде. Қуатыңды, еңбегіңнің жемісін 
арттыратын тетіктерді ізде; 
Ашушаңдыққа, талас-тартысқа бастайтын жолдар-
дың бәрін жап. Мұндай қолайсыздықтарды тудыратын 
орындардан аулақ жүр. Ешкімге бүлік шығаруға мүмкін-
Өткеннен сабақ ал


Кешірдім
140
дік берме. Оның қасынан кету ең абзал шешім екенін 
сезсең, сырт айнал; 
Егер адамдардың орынсыз іс-әрекеттерге баруына 
әсер еткен себептерді немесе өсіп-өнген ортасын, 
бойына сіңген нәрселерді түсінсең, расында, олардың 
ондай іс-әрекеттеріне жауап табар едің. Себеп-сал-
дарды түсінген соң, жек көру сезімінің орнына сенде 
мейірім, жанашырлық сезімі пайда болуы мүмкін. Сол 
сәтте мұндай жан-жақты түсінік сендегі кешірім сезімін 
оятады. Артынша өзіңді және өзгелерді жақсы көру 
сезімің оянады; 
Әр нәрсеге жан-жақты қарап, ой жүгірт. Тынысыңды 
терең алып, байсалдылық таныт. Өзің жақсы көретін 
түрлі жаттығуларды жаса. Сол жаттығулар арқылы ішің-
де жиналып қалған жағымсыз ойлардан арыласың; 
Бұрынғы кездегі кешірмей жүруіңнің салдарын 
көз алдыңа елестетші. Кешіре алмағаннан ашудың, 
қайғы-мұңның, жан жарасының қанша ұнамсыз әсерін 
көрдің. Ақиқатына келсек, сен күннен-күнге одан сайын 
жағымсыз әсермен өмір сүруді қаламайсың ғой;
Балалардан риясыз жақсы көруді, бірін-бірі шынайы 
кешіретінін, бір-бірімен риясыз күн кешетінін үйрен; 
Кешіру сабырлылықты, еңбекті, табандылықты қа-
жет ететіні есіңде болсын. Егін құр дән егу арқылы өнім 
бермейді. Дән өсіп, тамырын терең жайып, көлеңкелі
жайқалған ағашқа айналып, жемісін алғаныңша, оны 
суарып, баптап, үздіксіз қарауың керек.


141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет