Ббк 8. О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы, Нұр-Мүбарак түлегі, дінтану магистрі iqup/ Кешірдім


Ең бірінші, ішіңе бүккен сезімдерді дұрыс тәсілмен



Pdf көрінісі
бет32/51
Дата26.09.2024
өлшемі2,8 Mb.
#205194
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
Кешірдім

Ең бірінші, ішіңе бүккен сезімдерді дұрыс тәсілмен 
шығар. Себебі іштей күйзеліске жол бермеуің керек. 
Әйтпесе, кешірімді болу саған қиынға соғады! 
Өзгелерді кешіру


Кешірдім
88
ЭГО АРАЛАС РЕНІШ
«Ақымақ кешірмейді де, ұмытпайды;
аңғал кешіреді әрі ұмытып кетеді, 
ақылды адам кешіргенімен ұмытпайды»
К
өпшілігімізде кешірім мен кеңшілік ұғымдарына 
қатысты қарама-қайшы пікірлер қалыптасқан. 
Өйткені олар бұрыс сенімге бой алдырып, қанағат етуге 
тиіс құндылықтарды місе тұтпайды.
Адамдардың басым көпшілігі пенделерге кеңшілік
етуді, кешірімді болуды қателіктеріне көз жұма қарау, 
ешнәрсе болмағандай жүру, сонан соң олар жасаған 
әрекетті ұмытып, қарым-қатынасты әдеттегідей жал-
ғастыра беру деп түсінеді. Алайда кеңшілік, кешірім-
нің нағыз ұғымына келсек, ол – ойыңды, сезімдеріңді 
біреудің билеуінен, ойыңа, сезіміңе біртіндеп ықпалын 
жүргізуден азат ету дегенді білдіреді. 
Кеңшілік пен кешірімнің салдарын ұғынбастан, 
түбегейлі бас тартқан кезде, құдды өзгелердің де саған 
кеңшілік, кешірім танытпауын, өміріңе, тағдырыңа көн-
бестікті таңдағандай боласың. Бір күні сен де біреудің 


89
саған кеңшілік, кешірім етуін қаларсың, бірақ, сол сәтте 
оған қайшы әрекетке тап боласың. Сонда кезінде өзің 
танытқан кеше алмау сезімін көріп, бойыңда жағымсыз 
сезім тууы мүмкін.
Ешбір адам қате-кемшіліктен пәк болмайды. Шайтан 
кешірмеуге, іштарлыққа қозғау салады. Құранда:
«
(Уа, Мұхаммед!)
Құлдарыма: «Ең көркем сөзді сөй-
лесін. Өйткені шайтан олардың араларына іріткі салады. 
Расында, шайтан адам баласына анық дұшпан», - деп 
айт!»
- делінген.
Сол үшін ойыңды, сезіміңді жеткізген кезде әрдайым 
ең жұмсақ сөзді, ең жағымды сөйлемді таңда. Шайтан-
ның үнемі ой салатынын естен шығарма. Ол сенің ең 
жағымсыз қылық көрсеткеніңді, өте дөрекі сөз сөйле-
геніңді қалайды. 
Кешіру баршамыздың бойымыздағы шектен шыққан 
менмендіктің деңгейін түсіруге мол септігін тигізеді. 
Егер саған кезінде көптеген қиындық көруіңе себеп 
болған адамды жолықтырсаң, нәпсілеріңді басу үшін 
ішкі реніш сезіміңді іркіп, оған ең бірінші өзің сәлем бер. 
Оған жұмсақ сөйле. Мейлі, бұл әрекетің шын жүректен 
болмаса да, уақыт өте адамдардың қате-кемшіліктерін
іс-әрекеттерін ұмыта бастайсың немесе елемейтіндей 
дәрежеге жетесің. Мұндағы ең басты ғибрат – ондай 
адамдармен жолыққан сайын, жаныңа зақым келтіретін 
түрлі келеңсіздіктерді ішіңе жинамау. Егер бұлай істеуге 
шамаң келмесе, онда көкейіңде оған қатысты жаман ой 
Өзгелерді кешіру


Кешірдім
90
түймеуің, ішіңдегі солақай сезімдеріңді тежей білуің, 
артынан ғайбаттамауың жеткілікті. Ал егер бұл да ауыр 
тисе, белгілі бір уақытқа дейін ондай адаммен жолықпа. 
Адамның бойындағы менмендік үнемі әрнәрсені би-
леп төстеуді іздейді. Әрбір істі әсірелеуге үйір. Жайына, 
ісіне мән берілмесе, ісін ұлғайтып жеткізеді. Басынан 
кешіргенін өте үлкен етіп көрсетуге әуес. Салдарынан 
сені де, өзгелерді де шаршатады. Ақыры шынайы 
болмысыңнан, руханиятыңнан, ішіңдегі сәуле шашқан 
нұрыңнан алыстатады. 
Ішіңдегі менмендігің әдетте: «Мен қалайша мұны 
басымнан кешірдім? Пәленшенің маған мұндай қатынас 
жасауына дәті қалай жетті? Мұнысын ешқашан кешпей-
мін. Тірі тұрғанымда іс-әрекетін бетіне баспай қоймас-
пын», - деп сөйлейді. Алайда ақиқатына келсек, мұндай 
жағдайда адам менмендігін доғарып, менмендіктен 
туған теріс әрекеттерін байқамайынша, тек өзін-өзі ғана 
бақытсыз етеді.
Негізінде, сен анаңнан пәк күйде туыласың. Уақыт 
өте өмірдегі түрлі жайттарды бастан кешіп, бойыңда 
менмендік пайда болады. Өміріңдегі әрбір жайт, 
оқиға менмендігіңе әсер етіп, ішіңдегі «Мен»-ге орын 
қалдырасың. Салдарынан өзгелермен сол менмендігіңе 
сай мәміле түзесің. Әрекеттерің бойыңдағы өзіңе тән 
менмендігіңнен туатын болады. Кей кездері менмен-
дік, тіпті, адам санасы мен ішіндегі кәміл нұрын тұм-
шалайтындай деңгейге жеткізеді.


91
«Эго», яғни менмендік сені рухани кемелденуден, 
саулықтан бүркейтінін үнемі есіңде ұста. Менмендік 
өмірімізде өткен қайшылықтарды жеңуге мұрша бер-
мейді. Біз сүйетін нәрсеміздің бір бөлшегі ретінде 
есептеген дүние жоғалғанда, ауырсынуымызға итер-
мелейтін де – сол менмендік. 
Эгоңа тиесілі дүниенің көлемін білуің үшін, ең дұрыс 
шешім ол – эгоңды ақыл нұрына билету. Сонда ғана 
эгомыз болған оқиғаларды, істерді әсірелемей, оларды 
бізге жанымызға батпайтындай етіп көрсетеді. 
Ішіңде біз айтқан ақыл нұрын оятпайынша, өзіңе 
және өзгелерге ешқашан кеңшілік пен кешірім таныта 
алмайсың. Өмірдегі жайттарға, оқиғаларға басқа қыры-
нан қарап көр. Сонан соң сол сәтте ісіңді эгоңа сүйеніп 
әрекет еттің бе, әлде ақыл нұрына сүйеніп әрекет еттің 
бе, соған назар сал. Мұны білу жеңіл, алайда іс жүзінде 
жүзеге асыру қажырлы еңбекті қажет етеді. 
Іс-әрекеттеріңнің себебін өзіңнен сұра. Одан қандай 
пайда көретініңді сұра. Сол әрекеттерің эгоңды семіртіп 
жатыр ма, әлде басқа қасиетіңді дамытып жатыр ма, 
соны сұра. Қандай іс, жайт орын алса, іс-әрекетіңнен 
ұстамдылық таныта алатыныңды байқа. 
Адамның жаны шынайы қиналған сәттерде эгодан 
арылудың үлкен мүмкіншілігі туады. Немесе күнделікті 
ой-санадан жаңа, кемел ой-санаға көшудің сәті 
бұйырады. Шын мәнінде, өлім мен өмірдің арасында 
болатындай жағдаяттарды басынан кешірген немесе 
Өзгелерді кешіру


Кешірдім
92
ауыр індетті көрген адамдардың өмірдегі жайттарға 
көзқарастары өзгереді. Сол кезде олар эголарынан 
толықтай арылып, өздерінің шынайы болмыстарына сай 
өмір сүре бастайды. Соған ұқсас жағдайларды басынан 
кешірген адамдардан өзің сұрап көр.
Саған ондай ауыр кезеңді, міндетті түрде, бастан кешу 
қажет емес. Негізінде, сен бұдан да ұлы дүниеге, яғни 
ақыл нұрының жаныңа терең бойлап, өміріңді ең ұлы 
ұғыммен, құндылықпен өмір сүруге мұқтажсың. 
Драмаға толы ойлар, анығында, ішіңдегі жасанды 
эгоны семірте түскеннен басқа ешнәрсе әкелмейді. Сені 
өміріңде болған жайттармен келіспеуге шақыратын 
ішкі дауысың және сол дауысқа еріп, өзгелерге қарсы 
көрсеткен әрекеттерің – эгоның, яғни менмендіктің 
дауысы. Сені өзге адамға қарама-қайшы көзқараспен 
қарауға итермелеп жүрген нәрсенің бәрі сол эго дауысын 
күшейте түседі. 
Егер біз пайғамбарлардың болмысына қарасақ, 
бойларында жасанды эгоның жоқ екенін байқаймыз. 
Мәселен, Пайғамбарымыздың киімінен тартып тұрып: 
«Ей, Мұхаммед! Сендегі Алланың мал-мүлкінен маған да 
бер», - деп айтқан бәдәуи жайлы хадиске қарайықшы. 
Пайғамбарымыз ашуға салынбай, сұрағанын беруді 
бұйырады.
Әрқайсымыздың ішімізде эгоның барына келісеміз. 
Алайда бойымыздағы эго әртүрлі болады. Асыл дініміз-
дің тағылымдарын, пайғамбарлардың қиссаларын, әдет-


93
ғұрыптарымызды терең түсіну арқылы кемел тұлға бо-
луға ұмтылатын рухпен өмір сүре аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет