Ббк 81. 2(Қаз) Қ 76 тіл үйретудің Әдістері мен ғылыми негіздері қошанова Жазира Төлегенқызы



Дата25.01.2017
өлшемі91,93 Kb.
УДК 494.3

ББК 81.2(Қаз)

Қ 76
ТІЛ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Қошанова Жазира Төлегенқызы
(Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,

қазақ тілі кафедрасының доценті)


Қазіргі кезде білім берудің барлық сатыларында күрделі өзгерістер болып жатқаны баршаға мәлім. Оқытудың мазмұны мен әдістерін қазіргі білім беру жағдайына сай бейімдеу, өзге ұлт аудиторияларында қазақ тілін оқытудың әдістемесін зерттеу және зерделеу мәселесі өзекті деп танылуда. Өздеріңізге белгілі барлық жоғары және орта оқу орындарында «Қазақ тілінің практикалық курсы» пән ретінде жүргізіліп жүр. Пәннің негізгі мақсаты – сөйлеу тіліне үйрету, түсінуге, өз ойын қысқа, нақты етіп жеткізуге және сауатты, дұрыс жазуға үйрету. Демек, қазіргі орыс тілді аудиториялардағы отырғандар – қазақ тілін білу деңгейлері әртүрлі қазақ балалары және қазақ тілінен хабары бар басқа ұлттың өкілдері. Осы ретте ұсынатын пікірім орыс тілді аудиториялардағы студенттерді жартылай топтарға бөлгенде, олардың қазақ тілін білу, сөйлеу, түсіну деңгейі ескерілуі тиіс. Осыдан кейін барып әрбір оқытушы топтағы студенттердің білім деңгейіне, қабілетіне, сұранысына лайық өз жұмыс жоспарын, оқыту әдістемесін, оқу материалын жеткізудің әдіс-тәсілдерін қалыптастырады. Топтағы дарынды студенттерді анықтап, талантын дамыту әрбір оқытушының міндеті.

Студенттер білім мен дағдыны меңгеру үшін, оқытушы олардың оқу әрекетіне басшылық етуі тиіс. Сондықтан оқытушы эрудициясының мол болуы, оқушыларға терең білім беруге, олардың оқуға, пәнге деген қызығушылық сезімдерін арттыруға жәрдемдеседі. Ал мұның өзі білімнің психологиялық жақтары мен оқыту методикасының бірлесуі, ұштасуы деген сөз. Сонда оқушының даму процесінде таным белсенділігі артады, яғни ол білім беру тәсілдеріне байланысты. Демек оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты болады Ұлы Я.А.Коменский мынадай асыл қағида ұсынған: «Мүмкін болғанның бәрін сезіп, қабылдау үшін алға тарту керек. Бұл туралы еске сақтай отырып, балаларға сөз болып отырған, солар арқылы оларды қызықтырғыңыз келген заттарға жол қоюға тырысыңыз. Мұражайларға, табиғатқа саяхаттар жасаудың өте пайдалы екенін есте ұстаңыздар.



Жаңа заттар мен құбылыстарды тікелей бақылаудан туған әсерлер, бақылау фактілерінің өзі және олар туралы әңгімелесу ілім аумағының кеңеюіне, оларда қызығудың қалыптасуына жәрдемдеседі. Оқушының жаңа деректерді тану процесін басқарудың рөлін өз қолыңызға алып, назарын соғұрлым мәнді деген заттар мен құбылыстарға аударыңыздар, сонымен бірге оларды қоршап тұрған шындық өмірді өз бетімен танып – білуге үйретіңіз. Нәтижесінде, оқушылардың белсенділік әрекеті шығармашылықтың дамуын жүзеге асады. Бұған қол жеткізудің бірден‑бір жолы мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту. «Шығармашылық» деген сөздің сырына үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Оқытушы шығармашылығы мектептің жан-жақты қарастырылған тұжырымдамасын жасаудан тұрады. Демек, сабақ оқушылардың белсенділікке бағытталған шығармашылық дамуына бағытталған мұғалім мен оқушының тікелей және жүйелі араласуы орын алатын педагогикалы әсерлерді жүзеге асыру нысаны болып табылады.

Қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруда оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге оқушының белсенділігін дамытуда шығармашылық әрекетін, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі біркелкі әдістерді қолдану емес, әртүрлі, бірнеше әдістерді ұштастырып қолдана білуге байланысты. Оқыту әдістерін білім алудың көзіне қарай, оқытудың мақсаттарына қарай және т.б.белгілерге қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Ең көп тараған топтастыру. Оқыту әдістерін білім алудың көзіне қарай (сөз, заттар мен көрнекі бейнелер, практикалық әрекет) үш топқа бөлінеді:



  1. Сөздік әдістер. Оған: оқытушының ауызша баяндауы, әңгіме, түсіндіру, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдістері;

  2. Көрнекілік әдістер. Оған: оқушылардың бақылауы, мұғалімнің көрнекі және техникалық құралдарды көрсетуі;

  3. Практикалық әдістер. Оған: жаттығулар, практикалық жұмыстар, дидактикалық және ұлттық ойындар.

Сонымен қатар оқушылардың таным белсенділігіне қарай оқыту әдістері:

  • Репродуктивтік (түсіндірме, айтып беру, сипаттау т.б.);

  • Проблемалық баяндау;

  • Эвристикалық әңгіме;

  • Зерттеу әдістері;

Ал, оқытудың мақсаттарына қарай оқыту әдістерін:

  • Жаңа білім беру

  • Қайталау

  • Біліктер мен дағдыларды қалыптастыру

  • Білімді тексеру

  • Бағалау әдістері, - деп топтастырады.

Бұл әдістер оқу әрекетінің негізінде қалыптасып оқушының белсенділігі шығармашылығын дамытады. Оқу – таным үрдісінде оқушылардың белсенділігінің шығармашылығын дамыту үшін мұғалім оқу әрекетінің мазмұнына мыналарды кіргізеді:

  • Ғылыми заңдарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған амал – тәсілдерді меңгеру.

Осыған орай, оқушылар ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқу әрекетінің негізгі құрылымы мыналар:

  • Оқу міндеттері (немесе тапсырмалары)

  • Оқу тәсілдері (оқушының қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-амалдары

  • Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы)

  • Бағалау (оқытушының және оқушының өзіне‑өзі берген бағасы)

Осындай күрделі оқу әрекетіне байланысты оқушылардың белсенділігі нәтижесінде шығармашылығы дамиды. Соңғы кездегі еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Бұл қасиетті істерде оқытушыға қойылар талап та ерекше. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда оқу орнының, мұғалімнің ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан - жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Олардың өзінен шығармашылық қасиет, қабілетті іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екені түсінікті. Бұл үшін, біріншіден, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру қажет. Жалпы белсенділік, шығармашылық белсенділік дегеніміз не? Ол туралы ғалымдар не дейді?

Белсенділік дегеніміз - адамдар қажеттілігінен, көзқарасынан, мақсаттарынан туындайтын қоршаған ортаны өзгерте алу қабілеті. Белсенділік объективті қажеттілік бар жерде жақсы қалыптасады. Сондықтан педагогтар балалардың шығармашылық әрекеттерін басып тастамай, оған дер кезінде көмек көрсетулері керек.

Оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру үрдісінде жетістіктерге жету үшін олардың белсенділігін дамытуда мұғалімнің белсенді жетекшілігінің маңызды орны олардың қоршаған ортаға деген ықылас – сезімін оятып белсенділік қасиеттерін дамытып, эстетикалық, адамгершілік сезімдерін тәрбиелейді. Оқушылар оқу материалдарын және түсінуі арқылы, ой ұшқырлығын шыңдай түседі, алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарын орындауға өз бетінше шығармашылық әрекет жасайды. Сонымен бірге оқушыларда оқу бағдарламасының мазмұнына тиісті жаңа қызығу, қиыншылықты жеңуге бағытталған талпыну әрекеттері, түсініксіз нәрселерді табу үшін белсенділік қасиеттері дамиды.

Оқушының дамуында белсенділік тудыратын фактор - қарым-қатынас. Сондықтан оқыту процесі – мұғалімнің оқушымен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын керек етеді. Мұның өзі оқыту мен дамудың арасындағы тығыз байланысты тағыда дәлелдейді.

Сондықтан, ұйымдастыру формаларының тәсілдері мен оқытудың дидактикалық құралдарын дамыту, оқушының белсенділігін арттырудың педагогикалық негізгі шарттары болып табылады. Бұл жұмыстың тиімділігі мұғалімнің жүргізіп отырған оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен ұйымдастыру әдістері шығармашылықтарының дамуына деген қызығушылықтарын туғызу мен дамытудың негізгі педагогикалық шарттарын қаншалықты дәрежеде толық жүзеге асыра алатындығында, қызығушылықты оқушының әр кезеңіндегі қалыптасуының басты заңдылықтарын қалайша бейнелейтіндігіне тәуелді.

Оқушылардың шығармашылық дамуындағы белсенділік әрекеті білім алумен ұштасып жатады. Осыған орай олардың дербестігі белсенділікке байланысты, ал белсенділік дербестікті қажет етеді.

Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының саналы әрекеті. Демек, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, ал алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу-сызу сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда жаңадан білім алу да, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау, эксперименттер жүргізу жұмыстарында, демек, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Оқу процесіндегі оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады:

- Сыртқы белсенділік

- Ішкі белсенділік

Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ оқушылар басқа нәрсені де ойлап отыруы мүмкін.

Ішкі белсенділік – оқушының белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып табылады.

Н.Г.Чернышевский оқытуды ұйымдастыру формалары мен оның әдіс-тәсілдері оқушылардың сан алуан білімдерді ойдағыдай игеруіне, олардың рухани күші мен қабілеттеріне жан-жақты дамуына, дұрыс ой-пікірлерінің қалыптасуына зор әсер етуі тиіс деп есептеді. Ол оқу материалының көлемі мен оқыту әдістерін анықтауда оқушының жас ерекшелігін, оның ой‑өрісі мен қабілетін қатаң есепке алуға, материалдың біртіндеп және тізбектеп берілуіне, қорытындылар мен тұжырымдардың анық, дәл айтылуына баса назар бөлді.

Шығармашылық оқудың негізгі міндеті – оқуға белсенділік таныту. Сондықтан мұғалім оқушыларға түсіндіргеннен гөрі, олардың өзіндік көзқарасын өздері оқудан табуына көмектесу керек.

Ал И.И.Руфик «Школьное литературное творчество» деген кітабында оқушының құнды қасиеттерін жарыққа алып шығатын белсенділіктің шығармашылық әрекеттің мынадай түрлерін ұсынды:



  • Шығармашылықпен толықтыра отырып, түсінігін айту (оқушы автордың тастап кеткен жерін қиял көмегімен толықтыру);

  • Шығармадан эмоциялық әсер ала отырып, түсінігін айту (ауызша шығарма­-талдау; жағдайға қарай кейіпкерлердің өз ойын, оларға қатысын білдіру);

  • Әңгімені жалғастыру;

  • Әңгіме толық оқылады да, жалғастыру ұсынылады;

  • Әңгіменің бір бөлімі оқылады. Оқу қызық жеріне келгенде тоқтатып қойып, оқушыларға аяқтату.

Белсенді әрекеттің негізінде пайда болған шығармашылық іс-әрекет оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына, танымдық біліктердің жетілуіне, өз іс-әрекетіне жауапкершілік, өз болашағына және қоғам өміріндегі құндылықтар мен дұрыс көзқарас ұстанымдарының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Осылай ойды қорыта келгенде, оқу әрекетінде оқытушы мен студент тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін оқытушы бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін студент бойындағы табиғи мүмкіндіктрді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал студент өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады.



Пайдаланылған әдебиет:


  1. Лемберг Р.Г. Дидактикалық очерктер. - Алматы. - 1969 ж.

  2. Лемберг Р.Г. Методы обучения. - Алматы. -1958 г.

  3. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. - Алматы. 1978 ж.

  4. Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы. -1998 ж.

  5. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. —Алматы. —1995. —185 б. 49.




  1. Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. —Алматы. —1990 ж. —87, 96 бб.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу