Бейімбет Майлин 1894-1937 ж ж


Уфадағы “ Ғалия” медресесі



бет2/5
Дата19.03.2022
өлшемі338,16 Kb.
#136311
1   2   3   4   5
Байланысты:
Слайд,Кенжәлі Аружан

Уфадағы “ Ғалия” медресесі
Уфадағы “Ғалия” медресесі
Тарандағы Б. Майлин атындағы мектеп
“Ғалия” медресесінде оқыған шәкірттермен бірге
Ғалымжан Ибрагимов Гирфанұлы
Мәжит Ғафурин
“ Айқап” журналының сыртқы беті
Алғашқы прозалық туындысы “Шұғаның белгісі”
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлин — өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Бейімбеттің көлемді де, көркем тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі». Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. Жастардың бас азаттығын көксеу, бұған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау ХХ ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет