Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет26/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Техникалық-технологиялық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:

  1. физика, математика, информатика және коммуникациондық технологиялар курсының практикалық маңызы туралы түсінік;

  2. оқушылардың физика заңдары, математика есептері, есептеу және талдау әдістері, ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеу бойынша білімдері мен жалпы теория дағдыларын қалыптастыру;

  3. электротехника, информатика және коммуникациялық технологиялар негіздерін нәтижелі және сауатты меңгеру үшін сапалы физикалық, математикалық үдерістерінің мазмұнын түсіну;

  4. оқытылатын пәндер бойынша практикалық есептерді шешу үшін оған дейін оқыған пәндерінің негізгі әдістері туралы түсінігі;

  5. электроэнергетикалық пәндер бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру;

  6. электртізбектері көмегімен өндірістік, зерттеулік сипаттағы практикалық есеп шығару дағдыларын үйрену;

  7. бейіндік бағыт бойынша үзіліссіз, жүйелі білім беру;

  8. оқушылардың өндірістік және технологиялық үдерістерінің модельдеу математикалық аппаратын игеру барысында кәсіби білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;

  9. математикалық модельдеу есеп әдістерін түсіну, ішіне кіретін элементтерді және олардың бір бірімен байланыстарын есепке ала отыра, технологиялық үдерісіне мазмұнды талдау жасау, модель түрін, параметрлерін анықтау;

  10. технологиялық үдеріс моделін жасауға қолданатын кеңінен тараған математикалық әдістер туралы түсінік;

  11. зерттелетін объекті математикалық моделін есеп техникасы арқылы жасау және талдау сияқты есеп эксперименті арқылы технологиялық үдерісті зерттеудің тұрақты дағдыларын қалыптастыру;

  12. есептеу техникасы арқылы ғылыми-зерттеу және өндірістік сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру (Excel, Mathlab, Statistika және т.б. бағдарламалық пакеттерді қолдану).

Әлеуметтік-экономикалық бейін келесі пәндерді қамтиды «Қазақстанның қазіргі геоэкономикасы»; «Қазіргі әлемдегі Қазақстан»; «Информатика және АКТ».

Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:

  1. әлеуметтік өмірдің әртүрлі салалары, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтары мен перспективалары туралы түсініктері;

  2. оқушылардың кәсіби бағдарын және экономика және кәсіпкерлік саласындағы өнімдік әрекетіне деген қабілеттерін дамыту;

  3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңарту және индустриялдық- жаңашыл даму жолдары туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру;

  4. адамзатының жаһандану жағдайында тұрақты даму заңдылықтары, мәселелері мен жолдары туралы білімдерін игеру;

  5. оқушылардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпаратты талдау, түсіну және игеру дағдыларын қалыптастыру;

  6. экономикалық мәдениетін, экономикалық ойлау, шығармашылық тұрғыдан ой ерекшелігін білдіру және практикалық мәселелердің шешімін табу қабілеттерін қалыптастыру;

  7. білімдерін жетілдіру, өз бетімен білім алу, негізгі білім беру модульдері бойынша жобалық зерттеулерді орындау, олардың нәтижелерін талдау және растау қабілеттерін дамыту;

  8. кәсіби іс әрекетінде экономикалық ақпаратты қолданудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру;

  9. таңдалған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.

Медициналық бейін келесі пәндерді қамтиды: «Салалар бойынша қазіргі технологиялар»; «Информатика және АКТ»; «Этика және қарым-қатынас психологиясы».

Медициналық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:

  1. пайдаланушының сұранысы бойынша медициналық ақпаратты іздеп табу және беруге арналған ақпараттық-анықтамалық жүйелерді қолдану қабілеттері;

  2. патологиялық жағдайларға диагностика жасау үшін консультациялық- диагностикалық жүйелерді қолдану қабілеттері;

  3. ақпараттық қолданыс көрсету үшін және/немесе диагностикалық және емдеу үдерісін автоматтау үшін аурудың ағзамен тікелей байланыста іске асырылатын приборлық-компьютерлік жүйелерді қолдану қабілеттері;

  4. дәрігердің барлық технологиялық үдерісін автоматтау барысында мамандардың жұмыс орындарын автоматтау қабілеттері;

  5. дәрігердің диагностикалық және тактикалық шешім қабылдау барысында ақпараттық қолданысты қамтамасыз ету қабілеті.

Көркем-технологиялық бейін: «Информатика және АКТ»; «Графика және жобалау»; «Халық қолданбалы өнері».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет