Физика-математикалық бейіннің мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ету үшін:
математиканың, физиканың, графика мен жобалаудың есептерін және де моделдеудің жаңа құралдарын іс-тәжірибе мақсатында пайдалана білу;
физика, математика, есептерін шешудің практикалық мәнінің танымдық мүмкіндіктерін және де жобалау мен моделдеуді нақтылықтың танымының ғылыми әдістері ретінде ұсыну;
білім алушылардың математикалық және физикалық моделдеудің аппаратын игеруге машықтану, жалпы мәдени және кәсіби біліктілігін, білмін қалыптастыру;
әртүрлі сипаттағы физикалық-математикалық моделдеудің қолданылуын қалыптастыруда элементарлық практикалық біліктілігін меңгерту;
моделдеу мен жобалауда қолданылатын кең көлемде таратылған физико- математикалық әдістерін ұсыну;
оқу мазмұнының басқа білім беру деңгейлерімен сабақтастығы;
таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуы тиіс.
Химия-биологиялық бейіні «Химия» (жетік деңгей), «Биология» (жетік деңгей), «Табиғат пайдалану мәдениетінің негіздері», «English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Жаңашыл технологиялар негіздері» (шет тілде оқыту).
Химия-биологиялық бейіннің мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ету үшін:
пәнаралық байланысты сақтай отырып, жаратылыстану ғылымдары
циклы пәндерін кең көлемде және тереңдетіп оқыту;
жаратылыстану ғылымдарының қазіргі заманғы тұжырымдамасы білімін меңгеру;
жоғарғы білім деңгейінде оқыту мазмұны мен химия, биология және география білім мазмұндарының сабақтастығы және сәйкес бейінін таңдауы мен оқуын жалғастыруға бағыттау;
қазіргі заманғы жаратылыстану негізін тану әдістері және оны оқу саласында практикада қолдану;
қиын деңгейлік теориялық және қолданбалы сипаттағы есептерді шешудің практикалық дағдысына үйрету;
жаратылыстану ғылымы нысандары мен процестерін үйренуді және моделдеуді жасауды қалыптастыру мен дағдысын дамыту;
таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуы тиіс [12].
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт төрт бейінді қамтиды: филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық және «Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейінін.
Филологиялық бейінге:
Қазақ тілінде оқитын мектептерге арналған «Қазақ тiлi» (жалғастырушы деңгей), «Қазақ әдебиеті» (жалғастырушы деңгей); орыс тілінде оқитын мектептерге арналған «Орыс тілі» (жалғастырушы деңгей), «Орыс әдебиеті» (жалғастырушы деңгей); «Әлем әдебиеті», «Шетел тілі», «Информатика және АКТ», «Функционалдық стилистика», «Шешендік өнер» пәндері жатады.
Филологиялық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі қажет:
қоғам қызметінің әр саласында тілді қолданудың ерекшеліктерін білу: қоғамдық-саяси, қоғамдық-экономикалық, ғылыми, бейресми күнделікті қарым-қатынас жасау және т.б.;
әртүрлі жағдайларда қазақ/орыс тілдерін қолдану ерекшеліктерін меңгеру;
көпмәдени қоғамдағы ауызша және жазбаша тілдің және қарым-қатынас жасау формаларының мәдениетін дамыту;
нысандарды салыстыру, салғастыру, бағалау және таптастырудың критерийлерін өз бетінше таңдау;
білім алушыларды ұлттық және әлем әдебиетінің құндылықтарымен таныстыру, әлемге деген көзқарастарын қалыптастыру және дамыту;
сөйлейтін сөзін дайындау және жұртшылық алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру (тақырыпты таңдау);
білімін ары қарай жетілдіру қабілеттерін дамыту, негізгі білім беру модульдері бойынша өз бетінше жобалық зерттеулер жасау, талдау және нәтижелерін растау;
таңдалған бейіннің білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға дайындық, тұлғаның кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етуі қажет.
Тарихи-құқықтық бейінге «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» (шет тілде оқыту),
«Қазақстандық заңнама», «English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Қарым-қатынас этикасы мен психологиясы», «Түркі халықтарының тарихы» пәндер кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |