Физикалық-математикалық бейін пәндердің мазмұнын меңгеру келесі метапәндік нәтижелерді:
ақпаратты қолдану, жинақтау және саралау қабілеттілігі, ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жағдайында мақсат қою және олардың жетістікке жету жолдарын іздеу;
ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігі;
информатика, математика, физика, астрономия, моделдеу, графика және жобалау және т.б. облыстарында білімдерін жүйелендіру қабілеттілігі;
ақпараттық қоғамның мәні мен даму мәселесін түсіну;
математика, физика есептерін қоя білу мен шешу, және де ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолданып, қолданбалы есептерді жобалау;
қолданбалы обылыстарда талдау әдістерін концептуальды, логикалық, және физикалық-математикалық деңгейде қолдану қабілеттілігі;
түрлі пәндер облыстарының нысандары моделдерін және де физикалық-математикалық есептерін түрлендіру және жобалау, талдау, құрастыру;
математиканың, физиканың талдамалы және имитациялық есептерін және де үйлесімді жобалықтар шешімі мен оның параметрлерін таңдау мақсатында бағдарламалық-аппараттық әзірлеме тәртібі моделдеуін орындау қабілеттілігі;
өз құзыреттілігі аумағында жеке шешім қабылдай алуы және өз бетінше жұмыс жасай білу қабілеттілігі;
әр уақытта жаңа білім алуға құштарлығы және жаңа технологияны меңгеру қабілеттілігі;
өмірдің әртүрлі салаларында базалық және қолданбалы білімін қолдана білу біліктілігі;
әлемнің ғылыми суреттемесі туралы және диалектикалық әлемдік көзқарасын қалыптастыру қабілеттілігі; физикалық табиғаттағы аспан денелері; жер және космостық процестердің байланысы;
есептерді шешудің практикалық тәсілін және адекватты теориялық әдістерін табу қабілеттілігі;
қиындық деңгейі бойынша және аспаптар жиынтығына қарай нақты есептерді зерттеуді орындау үшін ең лайық қажетті шешуді таңдау қабілеттілігі;
есептерді шешу үшін жаңа аспап құралдарын қолдану және табу біліктілігі;
қолданбалы есептерді шешу үшін шығармашылыққа тәрбиелеу;
әлемдегі адамның орнын түсіну, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, өмірлік есепті, практикалық есепті шешу үшін алған білімі мен біліктілігін қолдану біліктілігін;
түрлі ғылымдар мен пәндердің өзара байланысын көре білуін қамтамасыз етуі тиіс.
Химия-биологиялық бейін.
Химия-биологиялық бейін пәндерін оқуда түйінді құзыреттерін қалыптастыру және келесі метапәндік нәтижесін:
Жаратылыстану ғылымы білімдерін және ақпаратты қолдана білу мен кеңейту біліктілігін жүйелендіру;
экологиялық мәдениеттің, экологиялық-гуманистік көзқарастың әлемдік ғылыми суреттемесінің негізін қалыптастыру;
жаратылыстану, гуманитарлық және технико-технологиялық ғылымдарының өзара тәуелділігі мен өзара байланысын түсінуді қалыптастыру;
экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және этикалық қызметтерге адамның және жаратылыстану ғылымы мен технологиялық өндірістің қоршаған ортаға әсерін нысаналы бағалау;
оқу, жобалық-зерттеу, шығармашылық қызметтеріне өз бетімен оқу тәсілдерін меңгеру;
зертханалық құралдарды қолдану кезінде сынақ қызметі жұмысының қауіпсіздік біліктілігінін қалыптастыру;
тәжірибелік-экспериментті жұмыстарын жүргізуді, ғылымды тану әдісін қолдануды қалыптастыру;
меңгерген білімін дамытуды және түрлендіруді, талдауды қалыптастыру;
жаңашыл технологияларды меңгеруді және әр уақытта білімін жаңартуға ұмтылуды қалыптастыру;
Казақстанның индустриалды-жаңашыл модернизациясы үшін технология және білімді меңгеруге ұмтылуда, туған өлкесінің табиғи байлығын сақтауда ынталы іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |