Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет21/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Филологиялық бейін.

Филологиялық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастыруды және келесі метапәндік нәтижелерді:



  1. қазақ тілінің ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде мағынасын бағалау мен сезіну ролі;

  2. қазақ әдебиетінің мәнін рухани-адамдық факторының тұлғалық дамуында қазақ халқының ұлттық-мәдени бағасының құрамдас құзыреті ретінде сезіну;

  3. орыс тілін табиғи тасығыш ана тілі ретінде және ұлтаралық қатынас тілі ретінде сезіну;

  4. сөз стилдерін меңгеру: әңгімелесу және әдеби (ресми-іскерлік, ғылыми, публицистикалық, көркемдік);

  5. қазақ/орыс тілдерінің әртүрлі қоғамдық қызмет салаларында қолданудың ерекшелігін білу: қоғамдық-саяси, қоғамдық-экономикалық, ғылыми, ресми емес күнделікті қарым-қатынас және т.с.с.;

  6. қарым-қатынас саласында және өз ойын айта алатын сөйлеу жанрында өзара байланыс заңдылықтарын ашу қабілеттілігі;

  7. әлеуметтік қарым-қатынас және коммуникациялық құралдарын ауызша және жазбаша сөйлеуге қодана білу;

  8. диалогты, пікірталасты жүргізу мәдениеті; іскерлік этикасы ережесін білу және қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.

Тарихи-құқықтық бейін.

Тарихи-құқықтық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:



  1. ең мәнді тарихи оқиғалар мен процестерді, тарихи оқиғалардың себепті-салдарлы байланыстарын түсіндіруді және талдауды қалыптастыру;

  2. Қазақстан тәуелсіздігінің негізгі кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процесстердің ерекшеліктері туралы көзқарас қалыптастыру;

  3. адам мен азаматтың бостандығы және конституциялық құқығын білу біліктілігі; Конституциямен кепілденген құқық пен бостандықты қорғау қабілеттілігі, алған білімін қолдана білу қабілеттілігі;

  4. оқушының жалпы мәдени, адамдық-рухани сапасы, этикалық нормаларды меңгеру;

  5. ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Әлеуметтік-экономикалық бейін.

Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерін оқуда міндетін қисынға келтіру және келесі метапәнді нәтижесін:



  1. әртүрлі өмір жағдайларында өз бетінше шешім қабылдау түсінігін меңгерту, экономикалық сауаттылық және экономикалық ойлау негізін қалыптастыру;

  2. оқушылардың еліміздің әлеуметтік және экономикалық өміріне белсене араласуына қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру;

  3. кәсіпкерлік қызметке алғаш араласуға қажетті білім мен білік қалыптастыру;

  4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып қолданбалы есептерді шешу мен қоя білу қабілеттілігі;

  5. қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени оқиғалар мен үрдістерге дәлелді тұлғалық баға бере алу қабілеттілігі;

  6. қабылданған экономикалық шешім үшін жауапты болу қабілеті; еңбек пен кәсіпкерлік қызметке құрметпен қарау;

  7. әдеттегі экономикалық міндеттерді орындауда, жалдамалы қызметкердің ретінде жұмыс жасауда және экономикалық салада өзін-өзі тиімді танытуда алынған білім мен білікті пайдалану білігі;

  8. топтың, әлеуметтің жұмысына белсене араласу және тиімді әрекеттесу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейіні.

«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейінің пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:



  1. гуманистік және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;

  2. кәсіби мәселелерді шешу кезінде педагогикалық техниканы және кәсіби білімін қолдану қабілеттілігі;

  3. ақпараттық қоғамның даму проблемасы мен түп тамырын түсіну;

  4. кәсіби мәселелерді шешу кезінде ақпараттық технологияға математикалық әдістерін қолдана алу қабілеттілігі;

  5. ақпараттық технологияны қолдана отырып, ақпараттық-оқыту өрісін құрастыра білу;

  6. жобалық жұмыста ғылыми-талдамалы қызметте және әзірлеуде логикалық шын, шығармашылық және дәлелді түрде келтіру қабілеттілігі;

  7. қазіргі заманғы педагогикалық ғылым проблемасы мен түп- тамырын түсіну қабілеттілігі;

  8. ақпаратты талдау және қорытындылау, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табуды қолдану қабілеттілігі;

  9. кәсіби есептерді шешу үшін жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мотивациясы;

  10. педагогикалық мәселелерді шешуде сын ойлау, шығармашылық, креативті көзқарас қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет