Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет1/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия образования им. И. Алтынсарина


Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы

Әдістемелік құрал


Профильная школа: перспективы развития в условиях 12-летней школы

Методическое пособие

Астана 2013


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).
Рекомендовано к изданию решением Ученого совета Национальной академии образования им. И.Алтынсарина (протокол № 4 от 19 августа 2013 г.).

Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 69 б.


Профильная школа: перспективы развития в условиях 12-летней школы. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. Ы.Алтынсарина, 2013. – 69 с.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралда бейіндік мектептердің қазақстандық білім жүйесіндегі орны, бейіндік білім беру мазмұны, бейіндік мектеп типтері мен оның қызметін ұйымдастырудың Типтік ережесі, Жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік сыныптарға (мектепке) қабылдау Ережесі және Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы берілген. Еңбек бейіндік мектеп қызметін ұйымдастыруда және жетілдіруде көмекші құрал болып табылады.

Бұл әдістемелік құрал бейіндік мектеп басшыларына, жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік сынып педагогтеріне, білім саласы әдіскерлеріне, осы саланы зерттеушілерге арналған.
В методическом пособии рассмотрены вопросы состояния профильного обучения на сегодняшний день в 11-летней школе, а также вопросы организации профильного обучения (условия организации, типы и нормативно- правовые основы деятельности профильных школ) в условиях 12-летней школы.

Методическое пособие предназначено работникам системы образования.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013
© Национальная академия образования имени И. Алтынсарина, 2013

Кіріспе
Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы, қазақстандық білім берудің халықаралық білім кеңістігінен лайықты орын алуы стратегиялық маңызға ие жоба есебінде көрсетілген [1].

Сондықтан да қазіргі қоғам өмiрiнiң барлық білім беру саласында, соның iшiнде тұлға қалыптасуының негізін қалайтын жалпы білім беретін мектептің базалық білім мазмұнына болашаққа бағдарланған жаңартулар жасауды қажет етеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес орта білім беру деңгейінің жоғарғы сынып оқушыларына бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылады [2].

Стратегиялық тұрғыдан анықталғандай, жалпы орта білім беру бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға «шығармашылық қызметіне және жеке қабілетінің дамуына ерекше орын берілетін, дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі. Жинақталған білім алуға, өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсініктерді кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».

Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен анықталған:


  • мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;

  • шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;

  • еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы;

  • білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру қажеттілігі.

Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы:

  • білім алушыларды әлеуметтендіруде педагогикалық жағдайды кеңейту, алдағы уақытта еңбек нарығының алға қарай даму жағдайында оларды саналы таңдау жасауға дайындау;

  • орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;

  • үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыруға тәсілдерді үйлестіру.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттарының бірі ретінде көрсетілген 12 жылдық оқыту моделіне көшу үдерісі білім беру мазмұнының когнитивтік, іс-әрекеттік және аксиологиялық компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді ұйғарады [2].

Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша жалпы орта білім беру деңгейінде білім беру сапасын жетілдіру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және болашақтағы қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша бейіндік оқыту ұсынылады [3].

Бейіндік оқытудың мақсаты – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге жоғары сынып оқушыларын даярлау, оларға кәсіптік бағдар алу үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру, білім беруді даралау мен саралап жіктеу [3]. Сондықтан бейіндік оқыту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты, олар: білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі: білім, білік, дағды және құзыреттіліктер; жоғары сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі; техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен байланыстырылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқыту жүйесінің дамуы 16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында мүмкіндіктерді кеңейтуге; жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік жолды таңдауға бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске асыруға; еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге бағытталған.

Осыған орай 12 жылдық мектептің жалпы орта білім беру деңгейіндегі бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздерін және оны жүзеге асыру механизмдерін анықтау, бейіндік оқытудың құзыреттілікке негізделген оқу бағдарламаларын әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау, яғни 12 жылдық бейінді мектепте оқытуға ауысу еліміздің экономикалық және әлеуметтік өркендеу мақсаттарына жету үшін зор маңызы бар мәселе болып отыр.

Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, бейіндік мектептің

12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағын анықтауға арналған әдістемелік құралын ұсынып отырмыз.

Әдістемелік құралда бейіндік мектептердің қазақстандық білім жүйесіндегі бейіндік мектептердің орны, бейіндік білім беру мазмұны, бейіндік мектеп типтері мен оның қызметін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері берілді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет