Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы


Жаратылыстану-математикалық бағыты



бет4/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Жаратылыстану-математикалық бағыты

Қоғамдық-гуманитарлық бағыты

1


Инварианттық компонент

Базалық пәндер


Базалық пәндер


Бейіндік пәндер


Бейіндік пәндер



2


Вариативтік компонент

Қолданбалы курстар


Қолданбалы курстар


Таңдау бойынша курстар


Таңдау бойынша курстар


Бейіндік оқытудағы бейіндік пәндер және олардың мазмұны әр бағытта (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар) әртүрлі болады, яғни бейіндік пәндер жоғары сыныптағылардың бейіндік оқыту бағытын, мамандандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бейіндік пәндер:



  • оқыту бағыттарына байланысты сараланған түрде болады;

  • инварианттық компонентке қосылған және олардың бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендері мемлекеттік деңгейде әзірленеді;

  • жаңашыл және тәжірибеге бағытталған қолданбалы мазмұнды қамтиды;

  • көптілді оқыту арқылы жүзеге асырылады;

  • бейіндік оқыту аясында жекелей және аралас пәндерді кіріктіру жолымен орта мектеп пен жоғары мектептің бакалавриат бағдарламасындағы

сабақтастықты қамтамасыз етеді.

11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың білім мазмұны жаратылыстану- математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттардың ішкі бағдарларға бөлінумен жүзеге асырылады, яғни жаратылыстану-математикалық бағыт химия-биологиялық, физика- математикалық және т.б. бағдарларға, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт филологиялық, тарихи-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және т.б. бағдарларға бөлінеді.

Жалпы орта мектептегі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық- гуманитарлық бағыттарындағы білім мазмұны 11-12 сынып оқушыларының мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып тиімді педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған. Сонымен қатар, ол барлық оқушыларды жоғары оқу орындарының сәйкесінше мамандықтарында кәсіби білім алуға қажетті дайындық деңгейімен қамтамасыз етеді.

Жаратылыстану-математикалық білім берудің мақсаттары: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету; қоршаған әлемді түрлендірудегі математиканың, информатиканың, физиканың, биологияның және химияның рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру; оқытуды бейіндендіруге жағдай жасау және оқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлау.

Жаратылыстану-математикалық бағыт жаратылыстану-математикалық циклдегі пәндер бойынша білім беру үдерісінде оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында физика-математикалық және химия-биологиялық білім беруді, оқушылардың логикалық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану, инженерлік ойлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті оқушылардың аналитикалық, практикалық біліктері мен дағдыларын жетілдіруді қамтиды.

Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты келесідей бейіндік пәндер құрамымен қамтамасыз етіледі: бағдар бойынша терминология (шетел тілінде), математика, қолданбалы математика, физика, астрофизика, химия, биология, география, информатика, биохимия және биотехнология негіздері, экология және тұрақты даму, қазіргі заманғы химиялық технологияның негіздері, графика және проекциялау, компьютерлік моделдеу, ақпараттық жүйелер мен технологиялар және т.б.

Қоғамдық-гуманитарлық білім берудің мақсаттары: қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету; оқушылардың қабілеттерін, жеке бейімділіктері мен қажеттіліктерін ескеріп оқыту мазмұнын жіктеу, оқушылардың гуманитарлық даму ортасын жасау; жоғары рухани-адамгершілік мәдениеттерін және тұлғааралық, этносаралық қатынас мәдениеттерін оқушылардың бойына сіңіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, тұлғаның өзін-өзі тануын және өз мүмкіндігін іске асыруын қалыптастыру және дамыту.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және

басқа құндылықтарына құрметпен қарауды оқушылардың бойында қалыптастыру, адамгершілік қарым-қатынастың жоғары мәдениеттілігін дамыту, этикалық нормаларды сақтау, келешекте оқушыларды табысты әлеуметтендіру үшін қажетті тіл-қатынастық біліктер мен дағдыларды жетілдіру мақсатында тарихи-мәдениеттік, әдебиеттік және көптілді білімді қамтиды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар, бейіндік пәндердің келесі құрамымен қамтамасыз етіледі: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, әдебиет, шешендік өнер, мәдени қазына, әлемдік әдебиет, шетел тілі, бағдар бойынша терминология (шетел тілінде), әлеуметтік-экономикалық география, экономика және менеджмент негіздері, әлеуметтану, кәсіпкерлік негіздері, қазіргі әлемдегі Қазақстан, Қазақстандық заңнама, этика мен шешендік өнер және т.б.

Бейіндік оқытудың технологиялық бағытының мазмұны үшін келесідей пәндер құрамы анықталған: химия, биология, физика, технология, графика и жобалау.

Жалпы білім беретін базалық және бейіндік мазмұндағы пәндердің құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының деңгейін қамтамасыз етеді.

12 сыныптың түлектерінің жетістігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары деңгейімен біріңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша анықталады.

Оқыту мазмұнын жетілдірудің дидактикалық негізіне оқытуды ұйымдастырудағы тұлғалық-бағдарлық және шығармашылық іс-әрекет тұрғысынан балаға іс-әрекет субьектісі ретінде (қызығушылығына, әрекеттердің себептеріне, мақсаттарына т.б.) қарап, оны қалыптастыру туралы теориялық принциптер жатады. Осыған орай ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, 12 жылдық мектептегі жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім мазмұнын жобалауда бірнеше дидактикалық принциптер жүзеге асырылуы тиіс:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет