Пәндік қолданбалы(таңдау) курстар, оның мақсаты мектептің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша (мысалы, физика) білімді тереңдету.
Пәнаралық қолданбалы(таңдау) курстар, олардың мақсаты оқушылардың табиғат туралы білімдерін тереңдету.
Пәндік қолданбалы курстарды бірнеше топқа бөлуге болады: а) көтеріңкі деңгейдегі қолданбалы курстар, бағдарлы курспен тақырыптық та, өткізілу уақтысы бойынша да келісілген пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталған курс. Мұндай курс пәнді тереңдетіп оқытуға мүмкіндік береді;
ә) қолданбалы арнайы курс, мұнда пәннің жеке бөлімдері тереңдетіліп оқытылады.
Кәсіби бейіндік қолданбалы (таңдау) курстар, олардың мақсаты - оқушылардың пән негіздерінен игерілген білімдерін тәжірибеде қолдана алудың маңызды жолдарымен және әдістерімен таныстыру.
Вариативті компонент оқу курстары сәйкес жалпы білім беретін пәндерді зерделеу кезінде қалыптасқан оқушылардың білім мен біліктеріне негізделеді, сондай-ақ мамандыққа бағдарлауды жүзеге асыра отырып, жоғары сынып оқушыларының білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыра алады.
Білім мазмұнын таңдап алу мәселесі әлеуметтік тәжірибеден алынатын іс- әрекеттер қатынасын және оларды орындауға оқушыларды дайындау үшін қажет функцияларды, игерілуі тиіс құндылықтар жүйесін анықтауды білдіреді. Оқу жоспарының вариативті компонентінің оқу курстарының мазмұнын таңдап алу үшін де орта білім мазмұны теориясы бойынша жалпыдидактикалық зерттеулерге жүгіну қажеттігі туындайды.
Жалпы орта бiлiм беру мазмұнын анықтау бойынша зерттеулердің (В.В. Краевский, В.С. Леднев, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.П. Беспалько, И.И. Логвинов және т.б.) жекелеген аспектiлерi оқушыларды бейіндік дайындық пен бағдарлы оқытудағы вариативті компоненттің, атап айтқанда, қолданбалы курстардың мазмұнын анықтау үшін ғылыми негіз болып табылады.
Қолданбалы курс мазмұнын таңдап алу мақсаттары оқу-тәрбие үдерісінің барлық компоненттерiн бірыңғай жүйеге байланыстыратын дидактикалық категория болып табылады. Бейіндік оқыту жағдайындағы вариативті компонент оқу курстарын оқыту мақсаттары қарастырылатын ғылым саласының мәні ескеріле отырып сипаттамалық түрде берілгені, ал оқу материалы деңгейіндегі мақсаттар оқытудан күтілетін нәтижелер түрінде сипатталғаны орынды деп есептейміз. Қолданбалы курсты оқытудың мақсаттары, біріншіден, жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау, екіншіден, олардағы қалыптасқан білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесіне интеграциялау, үшіншіден, бағдарлы пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру және негізгі пәндік және қолданбалы курстар арасындағы
сабақтастықты орнықтыру болып табылады.
Бұл мақсаттардан, мысалы, келесідей нақты міндеттер туындайды:
мұғалім үшін – ұсынылатын курстың мазмұндық аяларын және нақты сыныпқа қатысты оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтау;
оқушы үшін – әр түрлі ақпарат көздерінен арнайы мәліметті ала білу және оны жүйелей алу.
Қолданбалы курстардың мазмұны күтілетін нәтижелер тұрғысынан дұрыс таңдалып алынған жағдайда оқыту үдерісін іс-әрекеттік және тұлғалық- бағдарланған тұрғыдан қарау жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ зерттеушілік сипаттағы мұндай курстарды оқыту оқушылардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады.
Сонымен қолданбалы курстарды оқыту мақсаттары оқытуды даралауға және оқушыларды әлеуметтендіруге, олардың болашақ кәсіби қызмет аясын саналы әрі жауапты таңдап алуға бағыттау болып табылады. Мақсаттар келесі міндеттерге бөлінуі мүмкін және олар:
оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сүйене отырып, олардың танымдық мүмкіндіктерін дамытуы;
оқу курсының практикалық бағытталғандығын сақтай отырып, зерделенетін материалдың өмірмен байланыстырылуы;
қолданбалы курс бағдарламасының білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту мазмұнымен сабақтастықты ескеруі;
жоғары сынып оқушыларының іргелес пәндер үшін жалпы болып табылатын элементар біліктіліктермен қарулануын қамтамасыз етуі тиіс.
Әрбір мақсаттың өзара байланысы мен өзара кірігуі вариативті компоненттің білім мазмұны мен құрамын қалыптастырады. Жоғары сыныптардағы қолданбалы курс мазмұнын мақсатты толтыру:
қазіргі кездегі түйінді проблемаларды зерделеу;
болашақ кәсіби қызметке бағдарлану;
танымдық, ұйымдастырушылық дағдыларды жетілдіру;
базалық білім мазмұнны толықтыру және жетілдіру;
бағдарлы пәндер бойынша оқытуда жіберілген кемшіліктерді компенсациялау арқылы жүзеге асады.
Вариативті компоненттің оқу курстарын оқыту мақсаттары мен міндеттерін теориялық тұрғыдан негіздеу бағдарлы саралау жағдайындағы оның мазмұнын таңдап алу үшін қажет негізгі принциптер мен критерийлерді айқындап алуға мүмкіндік туғызды.
Бейіндік оқыту жағдайында алдыңғы шепке жоғары сыныптардағы оқытудың мәнін сипаттайтын интегративтік, кешенділік, сабақтастық, келісімділік, түсініктілік және бағдарлы бағытталғандық принциптері шығады деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |