Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы


Бейіндік мектеп қызметінің нормативтік-құқықтық негізі



бет16/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

4 Бейіндік мектеп қызметінің нормативтік-құқықтық негізі
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесінің дамуы әлемдік білім берудің даму үрдісіне толық сай және оған қайшы келмейді. Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасында (1996), жалпы орта білім мазмұнының тұжырымдамасында (1996) көрініс тапты. Қазақстанда бейіндік оқыту 12-жылдық білімнің МЖМБС сәйкес қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика және технологиялық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Орта білім мазмұнын бағдарлы жіктеу бойынша қазақстандық тәжірибені талдау барысында, 12-жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытудың моделін құрылымдау кезінде жағымсыз салдарларын ескеру қажет болатын 11- жылдық білім берудегі бейіндік оқытудың бірқатар мәселелері анықталды: материалдық-техникалық базаның сәйкессіздігі; кадрмен жеткіліксіз қамтылуы; бейіналды даярлық жүйесінің жетілмегендігі; бейіндік оқытудың екі бағытпен шектелгендігі; бейіндік оқытудағы білім мазмұнының басқа білім деңгейлерімен сабақтастығының жүзеге аспағандығы; бейіндік мектепте оқушылардың оқуын жалғастыруға ынтасының төмендігі; бейіндік оқыту нәтижелерін бағалаудың дұрыс жүйесінің болмауы; шағын жинақты мектептер жағдайында бейіндік оқытуды ұйымдастырудағы қиыншылықтар [8].

Жоғарыда аталған 11-жылдық білім беру кезіндегі бейіндік оқыту мәселелерін және әлеуметтік тәжірибені ескере отырып, 12-жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқыту моделін құрастырылды (5-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет