Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет24/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Физика-математикалық бейіннің мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ету үшін:

  1. математиканың, физиканың, графика мен жобалаудың есептерін және де моделдеудің жаңа құралдарын іс-тәжірибе мақсатында пайдалана білу;

  2. физика, математика, есептерін шешудің практикалық мәнінің танымдық мүмкіндіктерін және де жобалау мен моделдеуді нақтылықтың танымының ғылыми әдістері ретінде ұсыну;

  3. білім алушылардың математикалық және физикалық моделдеудің аппаратын игеруге машықтану, жалпы мәдени және кәсіби біліктілігін, білмін қалыптастыру;

  4. әртүрлі сипаттағы физикалық-математикалық моделдеудің қолданылуын қалыптастыруда элементарлық практикалық біліктілігін меңгерту;

  5. моделдеу мен жобалауда қолданылатын кең көлемде таратылған физико- математикалық әдістерін ұсыну;

  6. оқу мазмұнының басқа білім беру деңгейлерімен сабақтастығы;

  7. таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуы тиіс.

Химия-биологиялық бейіні «Химия» (жетік деңгей), «Биология» (жетік деңгей), «Табиғат пайдалану мәдениетінің негіздері», «English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Жаңашыл технологиялар негіздері» (шет тілде оқыту).

Химия-биологиялық бейіннің мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ету үшін:

  1. пәнаралық байланысты сақтай отырып, жаратылыстану ғылымдары

циклы пәндерін кең көлемде және тереңдетіп оқыту;

  1. жаратылыстану ғылымдарының қазіргі заманғы тұжырымдамасы білімін меңгеру;

  2. жоғарғы білім деңгейінде оқыту мазмұны мен химия, биология және география білім мазмұндарының сабақтастығы және сәйкес бейінін таңдауы мен оқуын жалғастыруға бағыттау;

  3. қазіргі заманғы жаратылыстану негізін тану әдістері және оны оқу саласында практикада қолдану;

  4. қиын деңгейлік теориялық және қолданбалы сипаттағы есептерді шешудің практикалық дағдысына үйрету;

  5. жаратылыстану ғылымы нысандары мен процестерін үйренуді және моделдеуді жасауды қалыптастыру мен дағдысын дамыту;

  6. таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуы тиіс [12].

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт төрт бейінді қамтиды: филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық және «Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейінін.

Филологиялық бейінге:

Қазақ тілінде оқитын мектептерге арналған «Қазақ тiлi» (жалғастырушы деңгей), «Қазақ әдебиеті» (жалғастырушы деңгей); орыс тілінде оқитын мектептерге арналған «Орыс тілі» (жалғастырушы деңгей), «Орыс әдебиеті» (жалғастырушы деңгей); «Әлем әдебиеті», «Шетел тілі», «Информатика және АКТ», «Функционалдық стилистика», «Шешендік өнер» пәндері жатады.

Филологиялық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі қажет:


  1. қоғам қызметінің әр саласында тілді қолданудың ерекшеліктерін білу: қоғамдық-саяси, қоғамдық-экономикалық, ғылыми, бейресми күнделікті қарым-қатынас жасау және т.б.;

  2. әртүрлі жағдайларда қазақ/орыс тілдерін қолдану ерекшеліктерін меңгеру;

  3. көпмәдени қоғамдағы ауызша және жазбаша тілдің және қарым-қатынас жасау формаларының мәдениетін дамыту;

  4. нысандарды салыстыру, салғастыру, бағалау және таптастырудың критерийлерін өз бетінше таңдау;

  5. білім алушыларды ұлттық және әлем әдебиетінің құндылықтарымен таныстыру, әлемге деген көзқарастарын қалыптастыру және дамыту;

  6. сөйлейтін сөзін дайындау және жұртшылық алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру (тақырыпты таңдау);

  7. білімін ары қарай жетілдіру қабілеттерін дамыту, негізгі білім беру модульдері бойынша өз бетінше жобалық зерттеулер жасау, талдау және нәтижелерін растау;

  8. таңдалған бейіннің білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға дайындық, тұлғаның кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етуі қажет.

Тарихи-құқықтық бейінге «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» (шет тілде оқыту),

«Қазақстандық заңнама», «English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Қарым-қатынас этикасы мен психологиясы», «Түркі халықтарының тарихы» пәндер кіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет