Филологиялық бейін.
Филологиялық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастыруды және келесі метапәндік нәтижелерді:
қазақ тілінің ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде мағынасын бағалау мен сезіну ролі;
қазақ әдебиетінің мәнін рухани-адамдық факторының тұлғалық дамуында қазақ халқының ұлттық-мәдени бағасының құрамдас құзыреті ретінде сезіну;
орыс тілін табиғи тасығыш ана тілі ретінде және ұлтаралық қатынас тілі ретінде сезіну;
сөз стилдерін меңгеру: әңгімелесу және әдеби (ресми-іскерлік, ғылыми, публицистикалық, көркемдік);
қазақ/орыс тілдерінің әртүрлі қоғамдық қызмет салаларында қолданудың ерекшелігін білу: қоғамдық-саяси, қоғамдық-экономикалық, ғылыми, ресми емес күнделікті қарым-қатынас және т.с.с.;
қарым-қатынас саласында және өз ойын айта алатын сөйлеу жанрында өзара байланыс заңдылықтарын ашу қабілеттілігі;
әлеуметтік қарым-қатынас және коммуникациялық құралдарын ауызша және жазбаша сөйлеуге қодана білу;
диалогты, пікірталасты жүргізу мәдениеті; іскерлік этикасы ережесін білу және қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.
Тарихи-құқықтық бейін.
Тарихи-құқықтық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
ең мәнді тарихи оқиғалар мен процестерді, тарихи оқиғалардың себепті-салдарлы байланыстарын түсіндіруді және талдауды қалыптастыру;
Қазақстан тәуелсіздігінің негізгі кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процесстердің ерекшеліктері туралы көзқарас қалыптастыру;
адам мен азаматтың бостандығы және конституциялық құқығын білу біліктілігі; Конституциямен кепілденген құқық пен бостандықты қорғау қабілеттілігі, алған білімін қолдана білу қабілеттілігі;
оқушының жалпы мәдени, адамдық-рухани сапасы, этикалық нормаларды меңгеру;
ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық бейін.
Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерін оқуда міндетін қисынға келтіру және келесі метапәнді нәтижесін:
әртүрлі өмір жағдайларында өз бетінше шешім қабылдау түсінігін меңгерту, экономикалық сауаттылық және экономикалық ойлау негізін қалыптастыру;
оқушылардың еліміздің әлеуметтік және экономикалық өміріне белсене араласуына қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру;
кәсіпкерлік қызметке алғаш араласуға қажетті білім мен білік қалыптастыру;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып қолданбалы есептерді шешу мен қоя білу қабілеттілігі;
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени оқиғалар мен үрдістерге дәлелді тұлғалық баға бере алу қабілеттілігі;
қабылданған экономикалық шешім үшін жауапты болу қабілеті; еңбек пен кәсіпкерлік қызметке құрметпен қарау;
әдеттегі экономикалық міндеттерді орындауда, жалдамалы қызметкердің ретінде жұмыс жасауда және экономикалық салада өзін-өзі тиімді танытуда алынған білім мен білікті пайдалану білігі;
топтың, әлеуметтің жұмысына белсене араласу және тиімді әрекеттесу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейіні.
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейінің пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
гуманистік және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;
кәсіби мәселелерді шешу кезінде педагогикалық техниканы және кәсіби білімін қолдану қабілеттілігі;
ақпараттық қоғамның даму проблемасы мен түп тамырын түсіну;
кәсіби мәселелерді шешу кезінде ақпараттық технологияға математикалық әдістерін қолдана алу қабілеттілігі;
ақпараттық технологияны қолдана отырып, ақпараттық-оқыту өрісін құрастыра білу;
жобалық жұмыста ғылыми-талдамалы қызметте және әзірлеуде логикалық шын, шығармашылық және дәлелді түрде келтіру қабілеттілігі;
қазіргі заманғы педагогикалық ғылым проблемасы мен түп- тамырын түсіну қабілеттілігі;
ақпаратты талдау және қорытындылау, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табуды қолдану қабілеттілігі;
кәсіби есептерді шешу үшін жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мотивациясы;
педагогикалық мәселелерді шешуде сын ойлау, шығармашылық, креативті көзқарас қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |