Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет22/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Техникалық-технологиялық бейін (ТжКБ).

Техникалық-технологиялық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:



  1. материалдарды түрлендірудің қазіргі заманғы технологияларының негізін білу, қазіргі заманғы технологияларды өндірісте, ауылшаруашылық өндірісінде, экономикада, бизнесте,білім беруде, тұрмыстық және қызмет көрсету салаларында қолдану;

  2. адамның тіршілік әрекетінің негізі формалары мен рухани өндірістің және материалдардың прогрессивтік технологияларын ұсыну;

  3. өз қызметін жоспарлай білу, оның нәтижесі мен тиімділігін болжау және бағалау, қажетті білімді өз бетінше үйрену, графикалық жұмыстарды орындау, өзінің кәсіби қажеттілігін анықтай алу және т.с.с.;

  4. қызметін атқаруда, жобалау қызметтерінде даярлық құрылымымен бірге көркемдік-қолданбалы және конструкторлық, дағдыны қалыптастыру;

  5. ғылыми-техникалық шығармашылықта компьютерлік технологияны көмекші құрал есебінде қолдануда озық қолданушының дағдысын меңгеру;

  6. алған технологиялық білімін қолдана алу, кәсіби қызметін ғылым саласында, білім беруде, өндірісте, адамның тіршілік әрекетінде пайдалану;

  7. дербестікке, алғырлыққа, адалдыққа, саналылыққа, өз қызметінің нәтижесінің жауапкершілігіне, кісілікке, командада жұмыс жасай білу, адамдарға құрмет, өзін-өзі ұстау мәдениеті және тату-тәтті қарым-қатынас, өмірде орны бар табиғи жаратылысты белсенді адам болып қалыптасуға тәрбиелеу;

  8. кәсіби есептерді шешуде математикалық модельдеумен жүйелік талдауды қолдану арқылы технологиялық процестерді талдау қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.

Әлеуметтік-экономикалық бейін (ТжКБ).

Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:



  1. экономикалық ойлау қабілетін, рационалды экономикалық тәртіп дағдысы қалыптастыруға, кәсіби оқуын жалғастыруға және практикалық қызметтің тиімділігі мақсатында алдағы алғышарттарды құру;

  2. түрлі өмір жағдайларында өз бетімен шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру, қазақстандық қоғамның өмірдегі болып жатқан өзгерістерге оқушылардың әлеуметтік үйренісуі;

  3. оқушылардың әлеуметтік ортада, кәсіпкерлік пен экономика саласындағы қызметтерге қалыптасуын дамыту;

  4. азаматтылыққа тәрбиелеу мен адамдықты қалыптастыру және демократиялық бағалау мен оқушылардың көзін жеткізе білу;

  5. қолдана білу қабілеті, ақпаратты талдау және қорытындылау, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық саласындағы реформалау жағдайында мақсат қоя білу және осы мақсатқа жетудің жолын табу;

  6. ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігін қалыптастыру;

  7. командалық жұмыста тиімді өзара байланыстылықты қалыптастыру, біріккен қызметте ролдерді бөлу қабілеттілігі; өз тәртібі мен қоршаған орта тәртібін сәйкесінше бағалау;

  8. сыни ойлау дағдысын дамыту, стандартты емес креативтік есептерді шешу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Медициналық бейін (ТжКБ).

Медициналық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:



  1. ақпаратты талдау, қорытындылау және қолдану қабілеттілігі;

  2. қазіргі замандағы ақпараттық қоғамның даму проблемасы мен түп- тамырын түсіну;

  3. талдау әдісін қолдану қабілеті, медицинаның практикалық есептерін шешу үшін қолданбалы статистиканы, түрлі компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ете білу;

  4. кәсіби мәнді тұлғалық сапаны қалыптастыру: логикалық ойлау, ес, мән беру, байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті, өзіне және өз ісіне сенімділікті қалыптастыру, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйрену, деонтология қағидасы бойынша сәйкесінше тәртіп стилін қалыптастыру;

  5. медициналық желіге компьютерлік телекоммуникацияны қолдану қабілеттілігін қалыптастыру;

  6. медициналық және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мәліметтер базасын жинақтау және талдау қабілеттілігі қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет