12 жылдық мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 56- бабына сәйкес әзірленуде.
Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім берудің стандарты:
орта білімнің базалық және бейіндік (міндетті) мазмұнынының жалпы нормаларын, құрылымы мен құрамын анықтайды;
білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру үдерісін ұйымдастырудың жағдайларын, білімді бақылау және бағалауды белгілейді;
жалпы білім беру ұйымдарында білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
білім беру үдерісін жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптарды: мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді қолдану, жалпы білім беру ұйымдардың материалдық-техникалық базасын және білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауды нормативті қамтамасыз етуді белгілейді.
Орта білімнің мақсаты - білім алушылардың тұлғасын рухани- адамгершілік және интеллектуалдық дамуын, оның кәсіптік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, «Бейіндік мектеп» бейінді оқыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың келесі денгейлерінде оқуын жалғастыруға дайындау.
Білім алушылардың дайындық деңгейі білім берудің метапәндік және пәндік нәтижелерімен анықталады.
Білім алушылардың метапәндік нәтижелері (түйінді құзыреттіліктер) бір, бірнеше немесе барлық оқу пәндері базасында меңгерген білім беру үдерісі аясында да, нақты өмірлік жағдаяттардағы проблемаларды шешуде де қолданылатын қалыптасқан әмбебап қабілеттіліктер болып табылады; пәндік нәтижелер оқу пәндері аясында қалыптасатын білім, білік, дағдылар болып табылады.
Түйінді құзыреттіліктерге қалыптасуы әрбір орта білім беру деңгейлерінде сабақтастық ескеріле отырып қадағаланатын тұлғалық, азаматтық, әлеуметтік, басқарушылық, қатысымдық, ақпараттық, технологиялық құзыреттіліктер жатады.
Базалық пәннің мазмұнын меңгеруі төмендегідей метапәндік нәтижелерді (түйінді құзыреттіліктерді) қамтамасыз етуі тиіс:
белсенді азаматтылық ұстамдылық көрсету, жоғары патриоттық сезім, өз отанына қызмет көрсетуге дайындығы және оны қорғауға қызығушылығы;
елде болып жатқан оқиғаларды адекватты қабылдау қабілеттілігі, азаматтық және патриоттық, жоғары этикалық бағалау негізінде ұжымдағы өз орнын білу;
ҚР Конституциясын сақтау және білу, заңдарды білу және мемлекеттік тіл мен мемлекеттік рәміздерін сыйлау;
жалпыадами мәдениеттегі жетістіктер және ұлттық мәдениет, этномәдениет, дәстүр ерекшеліктерін, мәдени негізде тұлғалық, жанұялық және әлеументтік өмірдің негіздерін біліп меңгеру;
қазақ халқының және Қазақстан аумағынданда тұратын басқа этностардың тарихын, мәдениетін және салт дәстүрін және басқа да
бағалауларын сыйлау;
мемлекеттік тілді меңгеру және мемлекеттік тілді қарым-қатынас, танымдық, өзін-өзі дамытуға қолдануға өз орнын сезіну;
басқа елдермен байланыс жасау үшін және ақпараттарды алуға мәдени қарым-қатынас құралы ретінде қолдану үшін орыс және шет тілдерін меңгеру;
өз елінің, туған жерінің табиғатын байытуға және сақтауға ұмтылу, қоршаған ортаны қорғауда белсенді орнын табу;
зіл-зала және қауіпті жағдайларда дұрыс және қауіпсіз жағдайды таңдау;
адамдық қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік көрсету, этикалық нормаларды сақтау;
жанұяда этиканы сақтау, кішіге құрмет және үлкенге ізет көрсету, жанұя мүшелеріне және айналасындағы адамдарға жақсылық жасау, оларға көмектесу;
діни сипаттағы және заңға қайшы, идеологиялық деструктивті бағыттарды қабылдамау;
салауатты өмір салтын ұстау және соны жария ету, өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау ережесін сақтау;
өзінің тұлғалық сапасын, көшбасшылық қабілетін дамытуға ұмтылу; өзін-өзі дамытуға ұмтылу;
өзінің даму траекториясын және өзінің іс- амалын жоспарлау, оны іске асыру қабілеті;
ұжымның қызметін ұйымдастыру және жоспарлау қабілеті;
өмірдің түрлі жағдайларына байланысты шешім қабылдай алу қабілеті;
талдау және жаңашыл ойлау қабілеттілігін көрсету, ғылым негізін тану процесінде жобалық-ғылыми қызметтерге белсенді қатысу;
қызметінің мақсатын анықтай алу қабілеті (күтілетін нәтиже) және қойылған мақсатқа жету үшін тактикалық амалдарды таңдау;
топтық жұмысқа ойдағыдай кірігуі және тиімді әсер ету қабілеттілігі;
жеке адамдармен сөйлескенде әңгімелесушінің ерекшеліктерін ескере отырып және топ алдында немесе аудиторияда таза, түсінікті сөйлеу қабілеті;
АКТ жұмыс жасай білу және ақпаратты өңдеу және талдай білу;
ақпаратты жіберу және сақтау, қолдану, түрлендіру, түзету, талқылау талдау, алу қабілеттілігі;
өз білімін жетілдіру үшін ақпараттық технологиялар көмегімен алынған ақпараттарды қолдану тәсілдерін білу;
түрлі пәндер бойынша (on-line, қашықтықтан оқыту, e-learning) оқу есептерін шешу үшін ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана білу;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, технологиялық процестерді құрастыру және моделдеу тәсілін және оны оқу-үйрену қызметінде қолдану қабілеті;
жобалық-зерттеу қызметінде және технологиялық есептерді шешуде практикалық қолдана білу тәсілі;
ақпаратты бейнелеудің графиктік тәсілі оны оқу-тану және зерттеу қызметінде қолдана білу;
өндірістің жаңа ғылыми технологиялары туралы қолданбалы білімімен, жаңа материалдар мен оларды ғылыми-техникалық және индустриалды-инновациялық модернизацияда қолдану тәсілін меңгеру;
еңбекте компьютер меңгерудің және автоматтандырудың, механизацияның негіздерін меңгеру;
практикадан өту кезінде және оқу кезінде техника қауіпсіздігін сақтай білу;
өндірісте қолайсыз жағдайлар болғанда қоршаған орта үшін және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мәдениетін білу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс [11].
Жалпы орта білім бейіндері мен техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) деңгейінде оқыту бойынша (түйінді құзыреттіліктер) метапәндік нәтижелер төмендегідей анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |