Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет15/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

«Тезис және конспект» (5 сағ). Басты мәселе және негізгі ой. Негізгі ойды қорғаудағы ішкі логика. Аргументтер мен фактілер. Тақырыпқа сай цитата таңдау. Конспектінің құрылымы. Негізгі фактілер мен мысалдар. Ой ықшамдау және қысқаша мазмұндау. Практикалық жұмыс: «Жоспар». «Тезис».

«Конспект».



«Репортаж» (10 сағ). Репортаж – публицистикалық стиль ішіндегі газет жанрының бір түрі. Репортаж дайындаудағы сөздің көркемдегіш және суреттеме құралдарының маңыздылығы. Репортаж тақырыптарының түрлері.

«Интервью» (сұхбат) (6 сағ). Интервьюдің қолданылу аясы. Интервьюдің тақырыбы мен міндеттері. Интервьюдің құрылымы секілді оқушының функционалдық сауаттылығын қамтитын маңызды тақырыптар қамтылған.

Айта кететін бір жайт, «Ақжелкен» жастар баспасөз орталығының филиалдары ретінде Тасарал, Ортадересін, Торанғылық магниттік мектептерінде «Көк толқын», «Тұнық», «Шағала» газеттері жұмыс жасайды және оқушылардың шығармашылық жұмыстары аудандық, аймақтық газеттердің бетіне жиі шығып тұрады.

Тілдер орталығы оқушылардың мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, шешендік дәстүрді жаңғырту, әдеби көркем сөйлеуге, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде іс-шаралар атқарды. Балалардың шығармашылығын ұштауда, тіл өнеріне жетелеуде бұл орталықтың еңбегі өте зор. Оқушылар мектеп мәселелерімен бірге өз қонысының да мәселелерін баспасөз бетінде жариялайды. Бұл әрекет оқушыларды туған өлкені сүюге, елжандылыққа тәрбиелейді. Оқушылар шығармашылығы бірінші мектеп газетінде жарияланады, үздік шығармалар аудандық, облыстық басылымдарға жіберіледі.

Тілдер орталығының басшылығымен «Көптілдік» интеллектуалдық ойын өткізіледі.

Заң және құқық меңгеру орталығы оқушылар мен педагогтер арасында нормативтік құжаттар арқылы білімді жетілдіру, оқушыларды құқықтық білімнің алғашқы сатыларымен «адам және адам факторлары», «азаматтық қоғам», «мінез-құлық ережелері», «құқық нормалары», «жауапкершілік» ұғымдарын қамтитын білім негіздерімен таныстыруға бағытталған.

Ресурстық орталықтар білім берудің жоғарғы сатысындағы оқушылар үшін бағдарлы оқыту мазмұнын сессия және сессияаралық кезеңде ұйымдастыруға жағдай жасап, жұмыс мазмұнын анықтайды.

Күзгі сессиядағы әрекеттер.

Мақсаты: оқушылардың ақпарат көздерімен жұмысты ұйымдастыра алу қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:


  • оқушының кітапханаға барып, картотека бойынша жұмыс жасай білуге қажетті білік, дағдыларын қалыптастыру;

  • баспасөз материалдарымен жұмыс жасай алу машығын арттыру;

  • ақпараттық ізденісті жоспарлай білу әрекетін дамыту;

  • акпарат көздерімен жұмыс ұйымдастыруын жүзеге асыру.

Күтілетін нәтиже:

  • бір және бірнеше көзден ақпарат ала білуі;

  • алынған ақпаратқа сыни қорытынды жасай білуі;

  • шешім қабылдауға қажетті ақпараттарды анықтай алуы;

  • сәйкес ақпараттарды тіркеу;

  • мүмкін ақпарат көздерін анықтау;

  • Интернеттен қажетті сайдтарды анықтау, ақпаратты алу [6].

Тірек мектебі (ресурстық орталық) айрықша сала ретінде түсіндіруді көздейтін, жаңаша тұрпатты мектеп моделін ұсынады. Ресурстық орталық оқу- тәрбие процесін жүзеге асыруда қашықтан оқыту технологиясын қолданады.

Шағын жинақты мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының қосымша білім алуына, 10, 11-сыныптарда бейінді оқытуды жүзеге асыруда қашықтан оқыту технологиясының орны айрықша [7].

Қашықтан оқыту технологиясы бойынша магниттік мектеп оқушысы тапсырмалар және тестілерді мұғалімдердің бақылауымен өзіне ыңғайлы уақытта орындай алады. Сондай-ақ ресурстық орталық мұғалімі материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады, тапсырмалар беріп, консультациялар жүргізеді. Қашықтан оқыту оқушының оқудағы ынтасын бақылайды. Ресурстық орталықта жылына үш рет магниттік мектеп оқушыларына арналған оқу сессиялары ұйымдастырылады.

Алғашқы сессия кіру сессиясы болғандықтан, екінші оқыту сессиясына дейінгі аралықта оқушылармен кіру сессиясында анықталған олқылықтарды түзеу және негізгі сессияға даярлық жүргізу үшін оқушыларға тапсырмаларды қашықтан оқыту элементтері арқылы жүргізген дұрыс. Оқу мүмкіндігі әртүрлі оқушылармен мұғалім жекелей жұмыс жасай алады.

Қашықтан оқыту технологиясы бойынша мұғалімнің негізгі міндеті білім алушылардың мынадай өз бетінше жұмыстарын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді қарқында өз бетінше жұмыс құрайды. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Бүгінде ресурстық орталық қашықтан оқыту технологиясының мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде, білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, оқу-әдістемелік материалдарға, қашықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бесаспап әрі өміршең түрлері бола алатындай сапасы жоғары оқулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқушылар келешекте кәсіби мамандануына қажетті қазіргі ақпараттық технологияларды меңгереді. Сонымен бірге оқушылар өз отбасынан алшақтамай, қалыпты өмір сүру жағдайында оқытылып, әр оқушы өзінің жеке дамуына, түрлі білімділік қажеттілігін қанағаттандыруына, сапалы біліммен қамтамасыз етілуіне, сәтті әлеуметтендірілуіне мүмкіндік алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет