Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы


Бейіндік оқыту бағдарламасының «Бейіндік мектеп» моделін жүзеге асыру



бет18/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Бейіндік оқыту бағдарламасының «Бейіндік мектеп» моделін жүзеге асыру.

  • «Көпбейіндік жалпы білім беру мектебінің» моделі жалпы білім беру мектептерінің негізінде құрылады және оқыту ішкі бейімдеудің екі бағытында: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық –гуманитарлық;

  • «Бейіндік мектеп» моделі заңды өзіндік білім беру ұйымы, жалпы білім беретін 11-12 сыныптар деңгейінде «Бейіндік мектеп» бағдарламасын жүзеге асурушы;

  • Жергілікті атқару мекемесі регионның әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігіне байланысты бейіндік мектепті ашу туралы шешімді қабылдайды;

  • «Жоғарғы оқу орындарында бейіндік оқыту» моделі жоғарғы оқу орындарының базасында құрылады және ЖОО кадрлық потенциалы мен материалдық–техникалық базасы: технопарктерді, ғылыми зертханаларды, ақпараттық ресурстарды және бейіндік оқыту бағдарламасын пайдаланып жүзеге асырады. Бұл модель білім алушылардың қалалық жағдайда оқытуға бағытталған.

  • «Ресурстық орталық – Бейіндік мектеп» моделі – білім беру ұйымы балаларды ауылдық елді мекендерде бейіндік оқыту үшін ірі ауылдық елдердің құрылады. Жақын жердегі ауылдың оқушылары интернатта тұрады немесе оларды тасымалдау арқылы жүзеге асырылады. Онда қажетті кадрлар, оқыту және материалдық – техникалық базасы, оқушыларға бейіндік оқыту мақсатында мамандықтың бастапқы деңгейін, ауыл жастарының мүдесін, ауылды сақтау және дамыту ескеріліп құрылады [9].

Бейіндік оқыту бастапқы ауылдық мамандық бойынша келесі бағыттарда ұйымдастырылуы мүмкін: фермерлік шаруашылық, ауылшаруашылық машиналары, тігін тігу ісі, көлік жүргізу, коммунальдық шаруашылық, құрылыс, тұрмыстық қызмет көрсету (аумағы) сферасы және т.б.

Мектеп бітірушілер оқуды аяқтағанда куәлік алады, ол тиісті емтиханды тапсырған соң, өзінің таңдаған бейініне сәйкес (жүргізуші, тракторшы, механик, слесарь, құрлысшы, тігін ісінің шебері және т.б. болып) жұмысқа орналаса алады. Бұл оқушылардың 11-12 сыныптарында оқуға ынталандырады, жасөспірімдердің жанұяда тәрбиелену проблемасын шешеді, ауыл жастарының жұмыспен қамтылу жағдайын жақсартады, ауыл тұрғындарының қалаға көшіп қонуын және жастар арасында құқық бұзушылық деңгейін төмендетеді.



Бейіндік оқытуды дамытудың тағайындалған басым міндетеріне сәйкес 12 жылдық мектепке өту жағдайында оның жүзеге асыру механизмдері анықталды:

  • білім алушылардың жекелеген қабілеті мен бейімділігін анықтауда және болашақ тұлғалық және кәсіптік мамандығын жоспарлауда отбасылық тәрбиенің орны мен ролін және психологиялық-педагогикалық қолдауды күшейту;

  • қамқоршылық кеңестің ролін күшейту, психологиялық және

профориентациялық қызметті жақсарту;

  • ТОБ вариативтік компонентіндегі пәндер мазмұнын кеңейту және жетілдіру жолымен бейіндік оқытуды диффернециациялау;

  • жаңа мазмұндағы бейіндік пәндерді енгізу, ТОБ вариативті компонентін кеңейту, жекелеген білім беру траекторияларын жүзеге асыру;

  • нәтижеге-бағдарланған таңдау бойынша курстар мен қолданбалы курстардың механизмдері мен мазмұнын жетілдіру;

  • білім беру мазмұнының қолданбалы сипатын күшейту, оқытудың жүйелі- қызметтік әдістерін қолдану;

  • эксперименттік міндеттер мен өмірлік проблемаларды шешудің әдістерін қолдануды кеңейту, білімді қолданудың практикалық дағдысын дамыту, моделдеу, жобалау және құрастыру;

  • бейіндік оқытудың мазмұны мен әдістерін және кәсіптік білім берудің басқа деңгейлерін кіріктіру: кадрлық, ақпараттық және ғылыми-өндірістік ресурстарды бірігіп қолдану;

  • «Бейіндік мектеп» бағдарламасы мазмұнына бакалавриаттың жалпы білім беретін пәндерін кіріктіру, ЖОО жанында бейіндік мектеп құру;

  • бизнес және бейіндік мектеп арасында тиімді ынтымақтастықты дамыту: оқыту бағдарламаларын қалыптастыруға жұмыс берушілердің қатысуы, білім беру процесін ұйымдастыру және оқу-өндірістік базасында сабақтардың практикалық бөлігін өткізу, оқыту нәтижесін бағалау, оқуға және мамандықты игеруді ынталандыру;

  • оқу-өндірістік жағдайына сәйкес құру, әлеуметтік серіктестікті дамыту;

  • оқытудың дуальды жүйесіне өтуді енгізу;

  • оқытудың кредиттік жүйесі элементтерін енгізу;

  • бейіндік оқытуды оқу-әдістемемен қамтамасыз етуді жетілдіру: қолданбалы курстардың қосымша бағдарламаларын, білім алушылар үшін оқу материалдарын және мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар әзірлеу және таңдау мүмкіндігі;

  • бейіндік мектепте жұмыс істеу үшін арнай бағдарламадан өткен, магистрларды дайындау жүйесін реттеу;

  • кадрлық потенциал мен оқу-өндірістік базасына сәйкес «Ресурстық орталық- Бейіндік мектеп» құру;

  • бейіндік мектептегі оқыту нәтижесін бағалаудың критерилік жүйесін жасау, түлектердің академиялық білімімен қатар түйінді құзыретіліктер мен оқытудың таңдаған бағыттары бойынша практикалық дағдылардың қалыптасуын бағалау;

  • түлектердің мемлекеттік аттестациясы жүйесін, бейіндік оқыту бағыттарын ҰБТ талаптарына бара –бар жетілдіру;

  • курсты өту туралы сертификаттар тапсыру және мамандықтың белгілі бір түрлері бойынша құзыреттіліктерді иелену жүйесін жасау [10].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет