Қазақстанда бейіндік мектептер қызметін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-IV Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345-ІІ Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы
№1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы
№110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№1684 Қаулысымен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 14.12.).
кесте – Қазақстанның инновациялық мектептерінде бейіндік саралап оқытудың даму кезеңдері
Кезеңдері
|
Уақыты
|
Сипаты
|
1
|
1990 – 1993
жж.
|
Инновациялық мектептердің қалыптасуы. Бейіндік (бағыттары) оқутудың негізі қаланды. Саралап оқытудың құқықтық алғы шарттары
құрылды. Шетел тәжірибесін қолданылу.
|
2
|
1994 – 2002
жж.
|
Бейіндіктің мазмұны анықталды. Қосымша білім беру бағдарламалары бейімделді. Саралап оқытуда жүзеге асыруда инновациялық мектептердің қосымша нормативті-құқықтық ерекшеліктері. Базистік оқу жоспары негізінде саралап бейінді оқытуды кеңейту, оқу жоспарын
ның вариативтік бөлімін ұлғайту.
|
3
|
2002 – 2005
жж.
|
МЖБС негізінде бейіндік оқытуды енгізу. Вариативтік білім беру бағдарламасын құру. Жаңа оқу мекемесінің моделінің мен саралап
бейінді оқыту негізінде оқушылардың болуы.
|
4
|
2012 г
|
Қазақстан Республикасының 23 тамыз 2012 ж.
№1080 қаулысында мемлекеттік жалпы міндетті орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) стандартында бейіндік оқытудың идеясын жүзеге асыру жалғасын тапты.
|
Бейіндік оқытуды енгізу жалпы білім беру ұйымдары әр түрлерінің жиынтығын анықтауды және қолданыстағы жалпы білім беру ұйымдары туралы типтік ережені өзгертуді талап етеді.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың жаңа жүйесі бірнеше нормативтік- құқықтық құжаттарды дайындауды қажет етеді, әсіресе: «Жалпы білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру туралы ережемен қамтамасыз ету».
12 жылдық мектеп жағдайында концептуальдық және нормативтік негізін дамыту және бейіндік оқытудың механизмін жүзеге асыру:
Достарыңызбен бөлісу: |