Тарихи-құқықтық бейіннің мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ету үшін:
қазақстандық патриотизм, азаматтық белсенділік орнын қалыптастыру;
әлеументтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпаратты талдауды және кеңейтуді қолдануды қалыптастыру;
қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды дамыту мен қалыптастыру жағдайында әлеументтік және қоғамдық сипаттағы тұлғалық проблеманы шешудің жолын табу мен нақты мақсат қою;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшыларының құрылымын, мемлекеттік органдардың қызметтерін және олардың міндеттері мен мақсаттарын білу;
адам мен азаматтың қоғамдық қатынас жүйесінде және оның құқықтық реттелуінде орнын анықтау;
білім алушылардың тарихи және қоғамдық-саяси ақпараттарды жан жақты түсінуін, жалпы мәдени және кәсіби біліктілігін, білмін, құзыреттілікті талдай білуін қалыптастыру;
көп мәдениетті, ұлттықты, дінділікті, барлық халықтың мәдениеті мен тарихын сыйлау және сенімділік тәрбиесін бүтіндей және біртұтас әлем бейнесінде қалыптастыру;
оқу мазмұнының басқа білім беру деңгейлерімен сабақтастығы;
таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуын игеру қажет.
Әлеуметтік-экономикалық бейінге «Экономика және кәсіпкерлік негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» (шет тілде оқыту), «English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Қазақстанның қазіргі геоэкономикасы»,
«Қарым-қатынас этикасы мен психологиясы» пәндер кіреді.
Әлеуметтік-экономикалық бейіннің мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ету үшін:
өз Отанына деген намыстық сезімін, қазақстандық азаматтық теңдіктің негізін қалыптастыру;
қазақстандық қоғамның даму болашағын мен заңдылығын, әртүрлі әлеуметтік өмір саласында ұсыну;
экономика мен кәсіпкерлік саласының қызметінде оқушылардың қабілетін дамыту және кәсіби бағдар беру;
мемлекеттің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру нәтижесі мен мазмұнын, экономикалық, саяси, әлеументтік реформалардың мақсаты туралы білімін қалыптастыру;
қоғамның түрлі тіршілік әрекетінің әлеуметтік жиынтықтар байланысы әлеуметтік тұтастықпен, институттармен, тұлғалармен және оның субъектілері
арасындағы қатынастың құрамы ретіндегі білімі;
білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпараттарды жан-жақты түсінуін, жалпы мәдени және кәсіби біліктілігін, білімін, құзыреттілікті талдай білуін қалыптастыру;
экономикалық мәдениетті, экономикалық ойлауды қалыптастыру, шығармашылықты ойлау мен әрекет етуге қабілеттілігі;
оқу мазмұнының басқа білім беру деңгейлерімен сабақтастығы;
таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуын шыңдау керек.
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейініне «Адамзаттың рухани мұрасы», «Ізгілікті педагогика және психология негіздері», «Педагогикадағы жалпыадамзаттық құндылықтар», «Жанұялық тәрбие әліппесі», «Әлемдік көркем мәдениет» (шет тілде оқыту), «Информатика және АКТ» пәндері кіреді.
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейіні пәндерінің мазмұны:
адамзаттың рухани мұрасы ерекшеліктері ілімі қоғамның: философиялық, педагогикалық, психологиялық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік- экономикалық, ғылыми, жанұялық, күнделікті бейресми қарым-қатынастарда және т.б. түрлі салаларында қолданылады;
жалпыадамзаттық құндылықтар ерекшеліктерін әртүрлі типтік уақиғаларда түсіну;
полимәдениет социумында қатынастың құндылықтары мөлшерін және рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту;
оқушылардың жақсылық пен жамандық, мәңгілік және уақытша, өтірік пен ақиқат құндылықтары арасындағы уақиғаларда таңдау жасау үшін ойлау қабілетін дамытудың өлшемдерін дербес іріктету;
әлемдік қатынас құндылықтарын дамыту және қалыптастыру, әлемдік және ұлттық әдебиеттің рухани-адамгершілік құндылықтарына оқушыларды үйрету;
педагогикалық шеберлік дағдыларына ие болу (ішкі, психологиялық көңіл күй, кез келген оқу пәндерінің мазмұнына жалпыадамзат құндылықтарын кіріктіре білу, өзін-өзі тану және т.б., сабақтарда өткізу және дайындала білу);
өзін-өзіне білім алу қабілеті мен уйренуді дамыту, негізгі білім беру модулдары бойынша жобалық зерттеулерді, талдау және олардың нәтижесін дәлелдеуді дербес орындау;
өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі танудың қажеттілігін сезінуді дамыту, елдің өміріне қатысы бар қалалар, аулыдар, мектептер; қоғамға мүлтіксіз қызмет етудің мәнін түсіну, ойдың, сөз бен істің бірыңғайлылығына жауапкершілік;
тұлғаның қалыптасуы мен кәсіби дағдылануы, таңдалған бейін бойынша білім берудің келесі деңгейінде білім беруді жалғастыруға дайындық.
Жалпы орта білім берудің мақсаты мен мазмұнына қойылатын талаптар білім салалары пәндері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуде басты бағыттауыш болып табылады. Жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары
оқушылардың оқу және тәжірибелік қызметке деген жеке тұлғалық қабілеттерін дамытуға, өз бетімен білім алу және өзіндік даму дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, білім алудың келесі сатыларында оқуды жалғастыруға бағытталған.
Құрылымдық жағынан кең ауқымды дағдыларға (білімді шығармашылық түрғыда қолдануға, сыни ойлауға, зерттеу жұмыстарын орындауға, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдануға, топта немесе өз бетінше коммуникация тәсілдерін, оның ішінде тіл дағдыларын, тиімді жұмыс ұйымдастыру амалдарын қолдануға) сүйенетін түйінді құзыреттіліктер оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында көрініс табуға тиіс.
Оқу бағдарламасы үш бөліктен тұрады: біріншісі оқу пәні мазмұнын меңгерудің мақсаттарын, міндеттерін, жоспарланған нәтижелерін, осы нәтижелерге жету әдістерн, оқу бағдарламаларын меңгеру нәтижелерін бағалау жүйесін анықтайды; екінші бөлігі метапәндік және пәндік нәтижелерге жетуге бағытталған оқу пәнінің мазмұнын көрсетеді; үшінші бөлігі нақты пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруына жасалатын жағдайды анықтайды.
Оқу бағдарламаларында құрылымы, білім берудің базалық және тереңдетілген мазмұны, сағат көлемінің бөлінуі көрініс табу керек.
Оқу бағдарламаларында барлық оқу пәндерінің мазмұнына міндетті компонент түрінде енгізілген экология және қалыптасқан (тұрақты даму) даму, өмір қауіпсіздігі және апат тәуекелділігін төмендету негіздері бойынша материалдары қамтылуы керек.
Жалпы орта білім беру деңгейінде оқушылардың типтік оқу жоспарындағы баламасыз компонентінің және оқу курстарының баламалы компонентінің бейіндік дайындық пәндерінің жеке білім беру траекториясы жүзеге асырылуы керек.
Жалпы білім берудің оқу бағдарламалары оқушылардың қоғамдық- гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық білімдерін өз бетінше меңгеруге және оларды практикалық іс әрекетте қолдануға бағытталуы керек. Оқу бағдарламалары оқушылардың қазіргі қоғамда табысты бейімделуіне, өміргі деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруғы, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін, кәсіби бағдарын және бейіндік дайындығын қамтамасыз етуі керек.
Оқу бағдарламаларында пәндер бойынша білім беру мазмұнын меңгерудің базалық және жалғастырушы деңгейі көрініс табу керек.
Техникалық және кәсіби білім берудің бейіндік пәндерінің мазмұны алты бейінді қамтиды:
техникалық-технологиялық;
әлеуметтік-экономикалық;
медициналық;
көркем-технологиялық;
аграрлық-техникалық;
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика».
Техникалық-технологиялық бейін келесі пәндер кіреді «Физика және электротехника негіздері»; «Графика және жобалау»; «Информатика және АКТ».
Достарыңызбен бөлісу: |