Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет27/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Көркем-технологиялық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:

  1. өмір заңдылықтарын танып түсінудің ғылыми әдістерінің бірі ретінде компьютерлік модельдеудің практикалық маңызы туралы түсінік;

  2. технологиялық үдерістерін модельдеу барысында компьютерлік апаратты қолдануда оқушылардың кәсіби құзыреттілігін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;

  3. компьютерлік модельдеу есеп әдістерін концептуалды түрде түсіну, ішіне кіретін элементтерді және олардың бір бірімен байланыстарын есепке ала отыра, технологиялық үдерісіне мазмұнды талдау жасау, модель түрін, параметрлерін анықтау;

  4. технологиялық үдеріс моделін жасауға қолданатын кеңінен тараған компьютерлік әдістер туралы түсінік;

  5. бақылауға алынған кіріс және шығыс параметрлері бар объекті ретінде технологиялық үдерісті зерттеудің тұрақты дағдыларын қалыптастыру;

  6. компьютерлік технологиялар арқылы ғылыми-зерттеу және өндірістік сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру (AdobeIllustrator, CorelDRAW, PhotoShoh, 3dsMaXDesign 2012 және т.б. компьютерлік бағдарламалық пакеттерді қолдану);

  7. таңдаған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.

Аграрлық-техникалық бейін келесі пәндерді қамтиды: «Физика және электротехника негіздері»; «Салалар бойынша қазіргі технологиялар»;

«Информатика және АКТ».



Аграрлық-техникалық бейін пәндерінің мазмұныкелесіні қамтамасыз етуі керек:

  1. электротехника негіздерін нәтижелі және сауатты меңгеру үшін сапалы физикалық, математикалық үдерістерінің мазмұнын түсіну;

  2. электроэнергетикалық пәндер бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру;

  3. бейіндік бағыт бойынша жүйелі білім беру;

  4. ҚР экономикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің мағынасын және маңыздылығын тану үдерісіндегі озық ғылыми әдістерінің бірі ретінде қазіргі технологиялардың практикалық маңызы туралы түсінік;

  5. ауылшаруашылық ұйымдарында өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқушылардың кәсіби құзыреттілігін, білімі мен дағдыларын қалыптастыру;

  6. ауылшаруашылығы өнімін өндірудегі технологиялық үдеріс элементтеріне мазмұнды талдау жасау білу тиіс;

  7. өсімдіктер, малшаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдіру және сақтаудағы өндірістік-технологиялық қызметі туралы түсінігі;

  8. өнімдерін өндіру, қайта өндіру, сақтау кезінде машиналар мен олардың кешеңдерін таңдау, ауылшаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтауды жоғары тиімді қолдану;

  9. агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндірудегі технологиялық үдерісті зерттеудің тұрақты дағдыларын қалыптастыру;

  10. техникалық құралдар және компьютерлік технологиялар арқылы ғылыми-зерттеу және өндірістік сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;

  11. таңдаған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби

қалыптасуы.

Педагогикалық бейіні келесі пәндерді қамтиды: «Әлем көркем мәдениеті»;

«Информатика және АКТ»; «Педагогикалық шығармашылық».

«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейіні пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:



  1. өз бетімен мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табу, танымдық әрекетті жоспарлау және оны іске асыру үшін ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыру;

  2. ақпаратты өз бетімен математикалық әдістер және қазіргі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар арқылы табу, талдау, сұрыптау, өзгерту сақтау, интерпретациялау, көшіруді іске асыру қабілеттерін қалыптастыру;

  3. математикалық әдістердің логикалық операцияларын қолдана отырып ақпаратты өндеу (талдау, жинақтау, жалпылау, құрастыру, тікелей және косвенное дәлелдеме, аналогия бойынша дәлелдеме, модельдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қабілеттерін қалыптастыру;

  4. математикалық әдістерін концептуалды түрде түсіну, ішіне кіретін элементтерді және олардың бір бірімен байланыстарын есепке ала отыра, ақпараттық технологиялға мазмұнды талдау жасау, модель түрін, параметрлерін анықтау;

  5. ақпараттық технологияларды қолданатын кеңінен тараған математикалық әдістер туралы түсінік;

  6. білім саласында өз әрекетін жоспарлап іске асыру үшін математикалық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану;

  7. әлем мәдениетіннің даму тарихы туралы түсінігін қалыптастыру;

  8. көркем мәдениет туралы рухани мәдениеттің бөлігі ретінде түсінік қалыптастыру;

  9. көркем әдебиетінің әртүрлі саласындағы жалпы адами және ұлттық құндылықтарымен таныстыру;

  10. өткен заман және қазіргі уақытың көркем тәжірибесін меңгеру;

  11. эстетикалық қажеттіліктерді қалыптастыру;

  12. әлемге деген толеранттық көзқарастың дамуын қалыптастыру;

  13. іс әрекеттегі шығармашылық рөлінің практикалық маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;

  14. педагогикалық қызметтегі модельдеудің шығармашылық әдістерін концептуалды түрде түсінуді қалыптастыру;

  15. педагогикалық үдеріс моделін жасау үшін қолданатын кеңінен тараған шығармашылық әдістер туралы түсініктерін қалыптастыру;

  16. таңдаған мамандық бойынша тұлғаның кәсіби қалыптасуы және өз бетімен білімін жетілдіру;

  17. таңдаған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.

Техникалық және кәсіби білім беру оқу бағдарламалары оқушылардың бейіндік пәндерді өз бетімен меңгеруге және алған білімін практикада

қолдануға бағытталуы керек. Оқу бағдарламалары оқушылардың қазіргі қоғамда табысты бейімделуіне, өз қабілеттерін іске асыруға, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін, кәсіби бағдарын және бейіндік дайындығын қамтамасыз етуі керек.

Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде оқушылардың бейіндік дайындық және практикалық оқыту мазмұны арқылы жеке білім беру траекториясының мақсатты педагогикалық қолданысы жүзеге асырылуы керек.

Оқу бағдарламаларында бірыңғай, сонымен қатар бейіндік дайындықтың кәсіби бағдарлау мақсатында – бейіндік пәндер бойынша тереңдетілген және кеңейтілген білім берудің базалық мазмұны көрініс табуы қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет