Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы


Бейіндік мектеп қызметінің типтік Ережесі



бет29/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Бейіндік мектеп қызметінің типтік Ережесі 2007 жылы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес (ҚР Заңына 24.10.2011 № 487-IV ҚРЗ өзгерістер мен толықтырулар) әзірленеді және бейіндік бағыттарға сәйкес білім берудің жалпы орта деңгейінің бағыттарының сипатын анықтайтын, білім беру оқу бағдарламалары мен оқу пәндерін жүзеге асыратын бейіндік мектептерге таратылады.

Бейіндік мектеп-жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқу орны.Бейіндік мектептің ұйымдастырушылық - құқықтық түрі білім беру саласындағы өкілеттік органмен анықталады.

Бейіндік мектеп қызметінің негізгі мақсаты - жаратылыстану- математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім беру мазмұнын дифференциациялау, интеграциялау және кәсіби бағдарлану үшін жағдайды қамтамасыз ету.

Бейіндік мектеп білім беру саласында озық қазақстандық және халықаралық тәжірибені білім беру процесіне қолдануда аталған мақсатқа жетуде, білім беру бағдарламаларын жоғары ғылыми-әдістемемен және педагогикалық қызметкерлердің тұрақты кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.

Бейіндік мектеп оқыту мен тәрбиелеуді тұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде жүзеге асырады, денсаулықты қорғауды қамтамасыз етеді және тұлғаның жан- жақты дамуы үшін, соның ішінде білім алушылардың өз білімін көтеру

қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі мен қосымша білім алуға ыңғайлы жағдай жасайды.

Бейіндік мектеп білім алушылар контингентін қалыптастыру білім алушылардың мекен жайын ескерусіз және білім алушылардың қабілеті мен бейімділігін және қызығушылығын ескере, негізгі орта білім беру деңгейін аяқтау бойынша ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асады.

Бейіндік мектепке түсу артықшылық құқығы:


  1. негізгі орта білім беру курсы үшін мемлекеттік қорытынды аттестацияны жетістікпен өткен түлектер;

  2. аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бейіндік пәндері бойынша сәйкес жеңімпаздар;

  3. «Жекелеген пәндерді оқытуда ерекше жетістіктері үшін» (бейіндік пәндер) Құрмет грамотасының иегерлері;

  4. ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар және балалар;

  5. мүгедек-балалар;

  6. орта білімі туралы ерекше үлгідегі куәлік алған түлектер.

Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мемлекеттік аттестацияның нәтижелерімен қатар келесідей құжаттарды (оқу және әлеуметтік маңызды жеке жетістігі-портфолио папкасы):

  1. оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі түрлері мен бағыттарын қысқаша сипатта (конференцияларға, конкурстарға, оқу лагерлеріне қатысу; спортық және көркем өнер жетістіктері);

  2. жергілікті, облыстық және республикалық деңгейдегі балалар журналдары, газеттерінде оқушылардың мақалалар жариялауы.

Бейіндік мектепке қабылданған барлық білім алушылар, олардың ата- аналарын (заңды өкілдері) мектеп Жарғысымен, білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін, білім беру қызметі мен басқа да құжаттарды енгізу құқы лицензиясымен таныстырады. Бейіндік сынып оқушылары үшін (академиялық қарыздың болмауы кезінде) олардың арыздары бойынша техникалық және кәсіптік оқытудың орта ұйымдарына өту құқы сақталады.

11 сыныптарда бірінші жарты жылдық бойы (бейіндік) оларға оқытудың бағыттарын өзгерту құқы ұсынылады: оқытудың өткен кезеңі үшін академиялық қарыздың жоқтығы; қайтадан таңдаған пәндер бойынша айырмашылықтарды жою үшін сынақ тапсырлады. Оқытудың (бейіндік) бағытындағы өзгерістер білім алушылардың арызы негізінде жүзеге асады [14].

Білім беру ұйымдарының мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша педагогикалық кеңестің ұсыныс негізінде құқық бұзушылық іс- әрекеті, білім беру ұйымының жарғысын дөрекі және бірнеше рет бұзғаны үшін балаларды бейіндік мектептен оны алты жасқа дейін шығаруға рұқсат етіледі.

16 жасқа жеткен білім алушыларды құқық бұзушылық іс-әрекеті, білім беру ұйымының жарғысын дөрекі және бірнеше рет бұзғаны үшін шығарады.

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар мен балаларды

мектептен шығару, қамқорлыққа алу мен қорғаншылық органдарының келісімімен қабылданады.

Бейіндік пәндер бойынша аралық аттестация оқу жылында бір рет өткізіледі. Бейіндік мектептердегі білім алушылардың қорытынды аттестациясы біріңғай ұлттық тестілеу түрінде немесе мемлекеттік мектеп бітіру емтихандары түрінде жүзеге асады.

Бейіндік мектептердегі оқу-тәрбие процесі оқу жұмыс жоспарларымен және оқу жұмыс бағдарламаларымен жүзеге асырлады.Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру негіздері білім беру ұйымдарымен жүзеге асатын жоспарлау және оқу-тәрбие жұмысын ескеру болып табылады.Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларын толық көлемде өз уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз етеді.

Бейіндік мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылында оқу- тәрбие процесінің кестесін және теориялық және практикалық сабақтар кестесін бекіту жолымен жүзеге асады. Бейіндік мектептегі оқу-тәрбие жұмысын есепке алу оқытудың теориялық және өндірістік оқыуын есепке алу журналдары мен оқу бағдарламалары мен оқу сағаттарын орындауды есепке алу табелдерін енгізу жолымен жүзеге асады.

Бейіндік мектептегі тәрбие беру бағдарламалары патриотизмді, азаматтықты, интернационализмді, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыруға, сонымен қатар білім алушылар, тәрбиеленушілердің жан- жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға бағытталған.

Бейіндік бағытқа сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің бағыттарының сипатын анықтайтын білім беру оқу бағдарламаларын және оқу пәндерін бейіндік мектеп жүзеге асырады.

Бейіндік мектептегі жалпы орта білім беру мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес анықталады. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тағайындалған білім беру ұйымдарының жарғыларымен және білім беру ұйымдарының типтік қызметіне сәйкес типтік ережелерін бейіндік мектептер оқу-тәрбие процесін өз бетінше жүзеге асыруда ғылыми, қаржылық-шаруашылық және өзгеде қызметтің аясында кадрларды іріктеу және орналастыруда басшылыққа алады.

Бейіндік мектептер өз қызметін ашық жария етіп, оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы қоғамды хабардар етіп отырады.

Бейіндік мектеп жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қосымша білім беру бағдарламаларымен қосымша білім беру қызметін ақылы түрде келісім-шарт арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары үстінен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асыра алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет